217
кенге көз жіберіп, шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әң-
гіме желісі өрбиді.
«...Сол заманда түрік әскеріне қарсы келер пенде болды
ма? Түрік жауынгерлеріне берілмеген, бас имеген ел болды ма?
Түріктер келе жатыр дегенде, асқақ таулар аласарған жоқ па?
Тасқын дариялар ағынын тоқтатып, жол берген жоқ па? Бар
дүниенің көз жасындай сел-нөпір жауындарың да сап тыйыл-
ған жоқ па? Ал түрік жауынгерлерінің Жетіқарақшы жұлдыз-
дар ғана бағыт сілтеді емес пе? Ай сәуле шашты емес пе? ОҺо
дегеніңіз... сондай заманда түрік жауынгерлерінің қатарында
жүру, сау адамды сауықтырғандай оқиға емес пе еді? Құдай-
дың бұйыртқан тағдыры шығар, сондай жорықтарда Мехмед
түрік жауынгерлерінң сапында болды...» дейді қаламгер. Сол
бір замандарда жас түрік жігіттерінің арманы - ертерек ерже-
тіп, жорықтарға аттану еді. Жорықтарда жеңіске жетіп, туған
елге мақтанышпен оралу болатұғын. Елге
келген соң сұлу жар
сүйіп, ұл-қызды болып, ұзақ-ұзақ бақытты өмір кешу еді.
Осының бәрі автордың басты кейіпкері Мехмедтің бір ба-
сына жетерлік арман-тілек еді. Сол бір қанды жорықта тү-
ріктердің аяғының астында жерің де үрейден селкілдеп жат-
паушы ма еді? Автордың сөйткен көп түріктерінің бірі осы –
Мехмед болатұғын. Гректерді жеңіп, масайраған түріктердің
көңіл-күйін жазушы олардың дұшпандары тұрмақ, «...Сен де
гректікісің ғой деп, жоталарда қалқиып тұрған жартастарға
ұмтылып, селтиген бұтақ, бұталарды да алмас қылыштарымен
шауып өтті емес пе? Көкте ұшып жүрген торғайлар ше? Тү-
ріктер оларды да аман қалдырғысы келген жоқ-ау. Әттең...
оларға қолы жетпеді. Тым болмаса қылыштарының ұшы жетер
жерде ұшсашы...
Түрік жауынгерлерінің алдында грек жерінің жандысы
түгілі, жансыз тау-тас, тілсіз мақұлық атаулы түгел дірдек қақ-
ты...» деп, елірген түрік әскерлері жүзім бағын баптап жүрген
грек шалына кездесіп, ол бағбан шалдың асы мен шарабын
ішіп, жүзімін жеп отырып өлімге қияды да, жалғыз немере-
сін өлтіріп келуге Мехмедті жібереді.
219
дыр бұйырғанына өзі де таң көріпкел бала айтып отыр. Қалам-
гер сюжет желісін басқа арнаға бұрып, тоғыз жастан асып,
биін билеп, биші бала атанып, үлкен үміт күттіріп жүрген
Сұлтанды айықпас алапес дертке ұшыратады. Ақыры жазылмас
дертке ұшыраған жалғыз ұлын Мехмед алыстағы таудың ара-
сына апарып ұйықтап
жатқан жерінде тастап, қашып кетеді.
«.... Былай шыға бере
Достарыңызбен бөлісу: