метафоралық
прозаның жаңа үлгісі
.
Сана дағдарысы. Экзистенциальдық әдебиет еске түседі.
Бұл айна сарай – адамның жады. Автордың классикалық проза
дәстүрінен үйренгені айқын. Бальзактың «Шегірен былғары»
атты романындағы шал сияқты кейіпкерді айна сарайға ертіп ба-
ратын шал да сайтан. Ес пен жад осылай таңбаланады.
«Амфитеатр толған менің бейнем» дейді кейіпкер. Ол
адамның мың құбылған мінезін бедерлейді. Зенон, Шопенгауер
аттары аталады. Ол сайтанмен дауласады. Бұл Гете, Фауст.
Сайтан шал оған өзіңді тауып берем дейді. Сонда кейіпкер ай-
надан өлікті көрді.
«Қатарларды жағалап кетіп барам. Мен өзімді не түрлі ұс-
қында ғана көрмедім?! Мен – тоқмейіл, мен – тоңмойын, мен –
тоғышар, мен – сараң, мен-қу, мен – кесірлі, мен – алаяқ, мен –
алжыған, мен – кертартпа, мен – надан, мен - ...Адам сенгісіз, бі-
рақ менің осы тұрпатты бейнелерім көп-ақ екен.». Автор өз та-
нымын нанымды жеткізу үшін, түрлі айна мотивін ұсынады.
«Өлі, безбүйрек айна», «қара айналар» мен «аңғал айналар» деп
кейіпкерін өзін-өзі тануға ұмтылысын бейнелейді.
Санасын құлазу меңдеген автордың танымында ақыл-ес
ақыры салтанат құрады. Әңгімеде тылсым қабаттар мол. Трактат
тәрізденеді. Кейіпкер атсыз, себебі ол сіз бен біз. Автор өмірдің
197
мағынасы туралы толғанады да, мұның ұшына жетпей жаны қи-
налады. Қазақ прозасында мұндай сипаттағы әңгіме некен-саяқ.
Қаламгердің «Әулие» атты әңгімесін де қарастырып кө-
релік. Мұнда да автор өзі сүйетін айна мотивін көркемдік тәсіл
етеді. Мұнда адамның өзіне, өз ішіне үңілуінің символы ретінде
алынады. Кейіпкер өзін көріп былай мойындауға мәжбүр: «Кес-
пірі мына сықпытты кісіден өз басым аулағырақ жүрер едім».
Әңгіменің өн бойында кейіпкер айнаға бірнеше мәрте қарайды.
А.П.Чеховтың хамелеонындай құбылады. Әңгімеде кітапшыл-
дық сарын белең алған, кейіпкер Абай мен Монтеньді айтады,
цитата алады. Тіпті жасырын текстпен «Этнографиялық әңгіме»
де (Ғ.Мүсірепов) тұр. Әріптесі, оқымысты, жаттанды апасы ға-
лым аталған. Ол өзінің оймақтай қол айнасына қарап, өзін солай
тану арқылы дүниені таниды деп тұжырымдайды автор. «Содан
бері мұның девизі – Апекем дұрыс айтады». «Этнографиялық
әңгімеде» «Атекем дұрыс айтады» деген фраза болатын. Бұл қас
надандық пен ой мешеулігін бейнелейтін шығарма.
Автордың кейіпкері ішкі бір сескеніс, жеккөрініші мен
жеркенішін жеңіп, көзінен нұр, жүзінен мейірім төгіліп, бар
ниетімен көршісінің итінен бастап, дос-дұшпан, ағайын-туыс,
таныс-жуықтың бәрінің жүрегін иітіп, бәрінің сүйіктісі болып
өзгереді.
«...бар ниетімен осы итті жақсы көріп, жанынан жанап
өте берді... Өте беріп, басынан, жон арқасынан еркелете сипа-
ған... Иттің түсі жылып, құйрығын бұлғап, бұған әрі таңырқай,
әрі дос көзбен беріле қарап қалды.Қызмет істейтін мекемесіне
келе сала, келесі бөлімдегі жігіттермен төс қағыстырып, бәріне
бірдей құрмет, ілтипат білдіре амандасып шықты. Бірінің мақа-
ласы шыққан – шын жүрегімен төгіле мақтап, көзін шырадай
жандырды... Екіншісінің келіншегі босанған, үшіншісі жақында
ғана көлік сатып алған – бар жанымен қуанып, егіле тұрып, ел-
жірей тұрып құттықтады... Аналардың көңілі босап, жыларман
болды. Табысып үлгірмеген дұшпанының қызметі өскен екен –
тілектестікпен небір тәтті сөздерді тамылжыта төгіп, телефон
арқылы «құтты болсын айтты...Және бір дұшпаны ауруханаға
түсіп қалған екен – кешкісін арнайы барып көңілін сұрап
198
шықты... Анау қатты толқып, көзіне жас алды!.. Досың келсе,
әрине, бұлай тебіренбейсің...».
Әңгіме кейіпкері жұрттың бәріне жағу үшін өмір сүріп
байқаса өзін жоғалтып алады. Айнада бейнесі жоқ. Бұл қоғам-
дағы салтанат құрған екіжүзділікті, өтірік пен дақпырт, жалған
мақтауды бейнелегені. Осы әңгімедегі кейіпкер өмір сүретін
әлем ғалымдар мен ақын-жазушылар, журналистер ортасы. Ав-
тор бұл ортадан тұлға іздейді. Таппайды. Тағы сана дағдарысы,
тағы рухани тығырық. Әлеуметтік сарын бар. Автордың өз мез-
гілінде сынмен айналысып, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінен ең
шоң халтурашы жазушы іздегені еріксіз еске оралады. Гротеск
пен гипербола авторға сол үшін керек.
Т.Нұрмағамбетовтің «Кене» әңгімесінде кезінде бір меке-
менің тұтқасын ұстап, мансаптың буына мас болған, басқаның
қамынан бұрын өз құлқының, дәрежесін биік қоятын
Бименнің о-дүниеге аттанғаннан кейінгі, кене болып, қайта
оралған кездегі күйі суреттеледі.
«...Жан-Бимен жалғызсырады. Қорықты. Күнәларым үшін
осылай еттің-ау деп құдайға жалбарынды. «Өлгеннен кейін бә-
рі бітеді. Одан әрі шегі, шеті жоқ тыныштық!» деген сөз бе-
кер екен. Елегізіді. Жолға қарады.
...Ешкім керек етпеген, іздемеген денесінен ақыры
жерігендей болды.
Тіпті жек көріп кетті-ме-ау.».
Автор жападан-жалғыз қалып, өз денесін өзі ұзақ күнде,
үрейлі түнде күзетіп Бимен-жанының елегезуін нанымды бер-
ген. Өйткені суреткердің нысанға алып отырғаны тірі адамзат
атаулыға бәймәлім, жұмбақ өлгеннен кейінгі әлемі, өмірі десек
болғандай. Әу бастан бірінші жақтан кененің көзімен, кененің
танымымен, қабылдауымен баяндалатын бұл әңгіменің пси-
хологиялық салмағы өте ауыр. Т.Нұрмағамбетов кейіпкерін бі-
ріншіден, кеше ғана тірі пенде болып, жер басып жүрген
адамының өлгеннен кейінгі өмірін тілге тиек қылып, барлық
оқиға желісін жоғарыда түнгі көбелектей қабалақтап ұшып
жүрген Бименнің ЖАНЫНЫҢ көзімен көргенін, сезінген ой-
лау жүйесімен береді. Екіншіден, не ана дүниеде, не мына дү-
ниеде жаны тыным таппай жалғызсыраған кейіпкерін Кенеге
199
айналдырады, яғни бүкіл автордың айтпақ ойы, танымы енді
КЕНЕнің болмысынан шығып өрбітіп отырады.
Бименнің ЖАНЫ алғашында өлгенінің өзін қабылдап, үй-
рене алмай жалғыздықпен алысып, көңілі құлазып арпалысқа-
нын нанымды суреттейді. Елегізіп, өз қабірінің үстінде қалықтап
ұшып жүріп, жолға қарап, көрші қабірге жаяу-жалпы келіп
ағыл-тегіл жылап, дұға оқып кеткен әйелге қызыға қарап тұр.
Өлгенде артында аңырап жылап, шынайы бар болмысымен
жоқтап қалатын адамыңның болғаны да жақсы екен деп ав-
тордың кейіпкері қызығып тұр. Ол – бүгін бар болған, ертеңгі
күні жоқ болған бастықтарынының өмірден озғанына онша-
лықты қынжылып, мұрттары қисая қоймағандықтарын көру-
дің өзі азап екен дейді. Енді ол әйелі мен баласынан, қызынан
үміт күткен:
«- Дүниенің бәрі күйіп тұрған осындай қымбатшылық за-
манда да кісі өле ме екен? Ал, сен өлдің. Шаруаны бітірген
болдың. Енді мен не істеймін? Бал-шағаң не күн көреді? - Әйелі
әрі-беріден соң. – Бізді әдейі қор етіп кеткенің ғой, - деп долы-
лық танытып ұрысты да.
...Өзгелерді тасалап, бұған жек көріп, суық көз салғандар
қаншама? Шынайы көз жасы болған жоқ. Сөздер де солай.
Әлдекіммен ұрысатындай әйелі көкбеттеніп алған. Келіні
мен баласында үн жоқ. Сұңқиып-сұңқиып әр жері де теріс қа-
рап тұрғандары. Қызы да бұл жолы көзіне жас алмады, бірақ
осы бір ойда-жоқтағы іске таңдаңғандай өлі денеге телміріп қа-
раумен болды.
Мекеме қызметкерлерінің жүздерінен әлдеқалай көңілділік
байқалдыма-ау, немене.
Әңгімелесудің реті бүгін келгендей бірін-бірі қолтықтап
аулаққа ұзап кеткендер де бар» деп Абай айтқан «таусыншақ
күннің» төнуі, адамның басынан дәурені өтуі мен тірі боп жер
басып, пенде болып жүргенде мән бермей, солай болуы тиіс
сияқты болып көрінетін пендешілік мінез көріністерін сурет-
тейді. «Апама жездем сай» дегендей марқұм болған кейіпкеріміз
қандай болса, әйелі де бала-шағасы да, айналасындағылар да
сондай дегенді мезгейді. Жан жалғыздығын тартып, о дүниелік
(бақилық) болған пенделердің тіпті кім болса да қарайып, қал-
200
қайып келіп, қабірінің басына тізесін бүгіп, дұға оқып жатса,
оның өзі – бір ұлы арман екен.
Автор градация формасын қолдана отырып, кейіпкерін
адам төзгісіз беймәлім буырқасынға салып, бір қысып алады.
Алай-түлей бір дауыл--- шаңды боран--- сылбыраған жа-
уынға---кісі шыдап болмас аязға тап болады. Суреткер Тәңірі
ұзақ ойланып, Бименнің жанын кенеге бергенін, енді мына дү-
ние таусылып біткенше кене
боп қыбырлап өтетінін,
дүниеде жа-
саған жаманат, қиянаттардың тегін кетпейтінін еске салғандай.
Жас жазушы Қ. Мүбарактың «Алтын тамыр» журналы,
№1 – 2008 жыл. «Жетінші көр» әңгімесіндегі мистикалық сарын
халық нанымындағы және классикалық әдебиеттегі киелі һәм
қатерлі сандардың идеялық жүгін аңдату үшін жазылған. Идея-
сы:
«Жазмыштан озмыш жоқ.
Маңдайға
не
жазылса,
соны
көре-
сің».
Әлемдік әдебиетте А.Блокта «Двенадцатый» атты поэма
бар, христиан дініндегі 12 апостол деген ойға құрылған,
1917 жылғы революцияны тақырып қылған. Ш.Айтматовта,
М.Горькийде осындай санмен таңбаланған әңгімелер бар. «Же-
тінші көрде» кейіпкердің өңі мен тұсы тұтасып кеткен, оған тағ-
дырдың бұйрығы таяп келеді. Ол ауылдан шеткері жерге күштін
әмірімен барып түсінде көр қазады. Ояна келе қолынан сол шар-
шауын көріп шошиды. Автор қазақтын пәл-сафалық дүниетаны-
мына тән қорқытшылдық идеясын – тумақ бар да, өлмек бар,
ажалды пенде туралы әр санасын хал қадірінше ойнатуға ты-
рысқан. Жеті көр де шолақтарға арналған. Әңгімедегі бір түсі-
ніксіз һәм ақталмайтын сарын мынау: кейіпкерге тылсым үн бұ-
рын өлген адамдарды қайта көм деп бұйырады. Не үшін? «Анау
тұрған құлпытастардан әкел де иелерін алып кеп көм, – деді.
Құлпытастарға барған ол құлпытастан шолақ Есен, шолақ.... ыл-
ғи осы ауылдағы өзінің таныстары. Тек жетінші құлпытаста ғана
ат жазылмаған шолақ деп қана астынғы жағы бос тұр».
Автордың сөйлемдерді құрудағы олқылықтары көзге ұрып
тұрады. Мысалы «Пәтерде» ол «ары қарай» деген сөзді бір сөй-
лемде екі мәрте қолданады. Ал мына әңгімедегі сөйлемде де осы
олақтық, сөйлемнің сингармониялық жігін сезінбеу көзге ұрады.
Мына бір сөйлемде «Құлпытастарға барған ол құлпытастан шо-
201
лақ Есен, шолақ... ылғи осы ауылдағы өзінің таныстары» деген-
де иықы-жиқы, құлпытас дегенді қайталап, сосын тиянақты сөй-
лемді тудыра алмай әбігер болады. Шағын проза жанры мұндай
батпаққа батуды көтеріге дәрменсіз, тым былығып-ақ кетеді.
А.П.Чехов «Краткость – сестра таланта» дегенде тап осы әңгіме
жанрының көркемдік ерекшелігін дөп айтқан. Себебі ол өзі со-
ның теңдесі жоқ шебері болған. Жазушы Н. Дәутайұлының
«Шерағаң» атты эссесінде бұл туралы тамаша дерек келтірілген.
Екі жазушы – Ш.Мұртаза мен Н.Дәутайұлы әңгімелесіп
отыр. Сөздері жарасқан. Шерағаң мынандай әңгіме айтады:
« – Ресейде болатын сұмдық қысты көзіңе елестеткің
келсе,
мынаны
айтайын.
Антон
Павловичті
білесің
ғой, Чеховты?...
– Оқығанбыз біраз.
– Қайсысын?
– Ойбай, енді соны түгендеп отырамыз ба?
– Соның қыс туралы ең қысқа әңгімесі бар. О заман орыс
әдебиетінін дүрілдеп тұрған кезі.
Бірде ең қысқа әңгімеге бәйге жарияланады. Қатты қыс ту-
ралы. Енді жазады келіп... Бәйгені Чехов алды. Сондағы жазға-
ны жалғыз-ақ сөйлем: «Осы қыста көк қарға, көк мұз болып қа-
тып қалды». Сұмдық қой. Егер қандай да бір қатты қыстан тірі
қалса тек көк қарға тірі қалады екен. Ал, енді айт, Чеховтың айт-
қан қысынан кім нені асырып айта алды? Міне, тапқыр, шебер.
Ал біз келіп қай нәрсенің де дәл теңдеуін тауып айта алмай дің-
келейміз. Рас па?».
Көркем проза эстетикалық әсемдікті аңсап тұрады. Соның
үшін әңгіме шебері, американ жазушысы Э.А.По «Проза сұлу
болуы керек» деп жазатыны.
Біздің авторымыз М.Қойшыбек «Тек жетінші құлпыстаста
ғана ат жазылмаған шолақ деп қана астыңғы жағы бос тұр» - деп
баяндағанда «ғана», «қана» деп екі қайталап, және сөйлемді қи-
сынға сай құра алмай қиналады; «ат жазылмаған», «шолақ» де-
гені де ебедейсіз, беймағыналы «ат жазылмаған екен», «құлпы-
тастың астыңғы жағы бос тұр», - десе әлдеқайда ұғуға оңай. Әң-
гіме жанры тілге жеңіл құрылуды қалайды.
Ол (кейіпкер) өңінде жүрген көрлерді көрді. Өң мен түс
қосылуы - мистикалық мезеттің жұмбақ жаратылысы. Жеті күн-
202
де жеті көрді қазып бітіруі де мистика. Орысша айтқанда ол пе-
резахоронениемен – қайта қазып алып, екінші жерге жерлеумен
айналысады.
«Алдыңғы алтауын таниды, ал жетіншісі кім? Ойланып
таба алар емес, бүкіл ауылда осы алтауынан басқа шолақ ешкім
жоқ-ты. Күн бата қойнына балтасын тығып алдымен Есенге
келді» – автор енді жетіншіні әрі құрбан, әрі қылмыскер қылуға
бел буады. Ол өлмес бұрын өлтіруге үкім етіліп тұр. Бұл енді
авторлық түпкі ой, мистиканың өзінше бір құпиясы.
Автор тағы артық сөз қолданады «Алдап сыртқа шақырып
шықты да», - осы сөйлемде не «алдап», не «шақырып шықты» -
екі сөздің бірі тұру қажет сияқты. Автор сөзді баттай беретіні
аңғарылады. «...ту сыртынан балтаны (неге айбалтаны емес?)
сермеп кеп қалғанда Есен алдыға асығыс аттап кетіп, ол етпе-
тінен түсті». Логика жағы кемшін. «Сермеп кеп қалғанда» бол-
мауы керек, шауып жібермек болғанда, дұрысы. «Есен алдыға
асығыс аттап кетіп , ол етпетінен түсті» - бұл сөйлем де бұлдыр
һәм психологиялық ақталмаған. Өзі шақырып алған Есен неге ту
сыртын беріп тұрады? Дұрысы бетпе-бет. Ол неге етпетінен құ-
лайды? Балтаны сермегеннен сүрінбейді ғой. Есен неге алдыға
асығыс «аттап кетіп» - адымдап шығар, оқыс қимыл жасайды?!
«Қылпылдап қайралған айбалта өзінің сол қолының су-
сақтарын қырқып түсті» – автордың сюжетке еліккені сонша қи-
сынсыз ой айтады. Құлаған адамның қолындағы зат сәл алыс
ұшып түсуге тиісті. Ал Есен алдында ғана аруақ еді: «..Құлпы-
тастан шолақ Есен», неге ол тіріліп кетті. Әлде басқа Есен бе?!
Жоқ, шолақ деп таңба басылып тұр ғой. Шолақтың символы бұл
мистикалық шағын әңгімеде құдайдың басқа салған тағдырынан
қашу мүмкін емес дегенді білдіреді.
Сөйтсе, жетінші шолақ өзі болып шықты. Көр мұны күтіп
қазылып тұр. Автор мистиканы құлай сүйетіні сонша, ұсақ-
түйек санайтын тұстарға сүріне береді, малтығып шыға алмай
қалады. Ол бір әңгімесінде суреттегі жауынгер бір сұлуды күзе-
тіп отыратын. Ал тірі жігіт сол сұлуға сұқтанған сәтте суреттегі
бейне семсермен шауып тастайтыны бар.
Бұл расында орта ғасырдағы жапон мифологиялық әңгі-
мелерінен қарызға алынған көркем сюжет. Тегінде «Жетінші
203
көр» атты әңгіме де жапон әдебиетінен, түпнұсқадан қарыздан-
ған болуы ғажап та емес.
«Бұрым» атты әңгімесі. Әншінің ұзын шашы кесілді. Себе-
бі даңқты әнші өз шашынан жериді. Үйлену тойы қарсаңында
әнші қыз қос бұрымын шаштаразға кестірді. Шашы екі жыланға
айналып кетеді. Ақыры кесілген қос бұрымы жылан болып мой-
нына оралып, буындырып өлтіреді.
«Таңертең ерте кірген медбике төбеде ешбір арқан-жіпсіз
ауада аспақталып тұрған әншіні көрді». «Шашыңды кеспе, ба-
қытың кесіледі» деп өсиеттейді қазақ даналығы. Бұл мистика-
лық әңгіменің идеясы Төлен Әбдібековтың әйгілі «Оң қол» атты
әңгімесінің біраз өзгерген варианты десе де болады. Былайша
автор өзіндік шешім тапқан сияқты. Қазақ қызы көркінен – ша-
шынан айрылуға шақ тұр. «Қыздарымның қайда кеткен бұры-
мы?» - бұл Ұлықбек Есдәулет өлеңіндегі риторикалық сауал.
Шаштың киесі атты қызды. Автор ой сала біледі. Сол үшін мис-
тикаға ғашық.
«Жат құшақ» атты әңгімесі – қазақтың Едіге туралы аңы-
зынан алынған сюжетті көркем түрлендіріп береді. Пері қызы
адам баласынан бала туады.
Мұнда да өң мен түс бірігіп, астастып кетеді. «Екі омыра-
уы салалы жүнге оралған»
– дұрысы: «екі омырауы түгі қалың,
кәдімгідей жүндес».
Бұл әңгімеде жас жазушы «талығып», «талықсып», «тал-
маурап» деген көсемшелерді эмоциональдық реңкте қолданады,
себебі өң мен түстің арасы бұл халді тудырады. Пері қызы ал-
басты аталады, бұлай деп бақсы ана түстеп берген жігітке. Ав-
тор негізінен өзі де бұлдыр, елес құсап тұратын кейіпкерлеріне
ат қоймайды: «әнші», «жігіт», «әйел», «ол» болып келеді. Дерегі
жоққа тән. Таңғы шық сияқты тез кеуіп кетуге бейім. Албасты
туған баланың кіндігі жоқ. Албастыларда кіндік бар, мұны автор
ойламаған, сірә. Себебі, олар «қар адамы» деп те аталады. Олар
да адамзаттың жабайы қалпын сақтаған түрі.
Сүйікті әйелінің өңін көруге болмайды. Шырақ жанғанда
ол жоғалып кетеді. Өзі де елес, түстен ол мүлде шыңғырып шо-
шынды. Жігіт үшін біржола жоғалды.
204
Қ.Мүбарак көп әңгімесінің сарынында «тылсым күш»
деген сөзді қолдануға үйір. Сосын кейіпкерлердің жан-дүние-
сіндегі күйді «шыңғырып жіберді» деген сөзбен жиі жеткізуге
құштар. Бұл көбіне ессіздіктің яки ажалдың алдында кейіпкер
бастан кешетін хал. «От аруы» - қазақ мифологиясынан гөрі
поляк мифтерінде бар сарынға ұқсайды. Отқа өртеніп өлген жі-
гіт, сүйгенін от ішінен табады. Өзін-өзі өртеген суицидті астар-
лап отырған тәрізді. Мұндағы жігіттер кәдімгі қыздарға ғашық
емес, басқа бір дүниенің сұлуларына құмар. Оларды ажалға ай-
дап апармас бұрын автор нәпсінің қызуына бөлейді.
«Би» атты әңгімесі де осы бір сарынға икем. Айдалада пе-
рінің қыздары жалғыз-жарым жүрген адамды үйріп әкетеді екен
деген мифтік әңгімелер қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі.
Жынды жігіт Есет, оны сүйген қыз Ләйлә. Ләйлә сүйген жігіті
Есет үшін отқа түскендей болып, қоса жынданады. Себебі автор-
дың шешімі солай: ащы дауыс шығады, Ләйлә «Есет аға!» деп
шыңғырады, екеуін құйын көтеріп әкетеді. Ел мұны көрді. Сон-
дағы бір баланың репликасы: «– Апа, қарашы, Есет аға мен
Ләйлә тәтенің аяқтары жоқ... – деген баланың даусы бұзды».
Әңгіменің нүктесі қойылды. Мистика тым тартымды құ-
былыс, бірақ автордың шалағайлығы тайға таңба басқандай кө-
рініп тұрады. Бір әңгімесі екіншісіне ұқсайды, сырты әрқилы се-
зілгенмен бір ядродан тұрады. Табиғаттан тыс мистиканы өзі
қолдан жасайды. Даяр үлгі, халықтың жадындағы көркемдігі
таңғажайып аңыздарды шебер пайдалана алмай қалады. Автор-
дың тағы бір кемшілігі, ол деген дерексіз ұғымға үнемі әуес
бола бергені. Мысалы, әнші мен от аруына Сұлушаш, Қарашаш,
Жанар тәрізді алса еш ұтылмас еді. Бет бедері айқын емес кес-
кіннен арылар еді.
Қорыта келгенде, қазіргі қазақ әңгімесінде мистикалық си-
пат тамырын сонау фольклордан алып, бүгінгі күні өз арнасын
кеңейтіп отыр. Ғасырлар бойына өзінің тылсым құпиялылығы-
мен, селк еткізер сесімен жұмбақ болып келген мистикалық
аңыз-әңгімелер қазірде қайта жаңғырып, жаңаша түрге енді.
Достарыңызбен бөлісу: |