Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет15/57
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#104218
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
esmagambetov

І. Қозғалмалы ойындар: 

1. Француздардың же де пом тенис ойындары. 

2. Ағылшынның суль-футболы. 

3. Галандық Гольф ойыны. 



 

ІІ. Әскери ойындар:

 

1. Қала қабырғаларын бағындыру. 



2. Қамалдарды қоршау. 

3. Қорғаныс бекіністерін алу. 



 

ІІІ. Спорт түрлері:

  

1. Семсерлесу. 



2. Атпен жүру. 

3. Күресу. 

4. Лақтыру. 

5. Ұзындыққа секіру. 

6. Садақ ату кіреді.  

 

Негізгі  әдебиеттер: 

[1,2]

 

 

№ 7 Лекция тақырыбы: Жаңа уақыттың  екінші 

кезеңіңдегі дене мәдениеті мен спорт. 

Лекция жоспары: 

1. Дене тәрбиесі түрлерінің пайда болуы. 

2. Әскери дене тәрбиесінің маңызы.  

Біздің заманымыздың бір мың жылдығында Закавказье, Орта 

Азия, 

Қара 


теңіздің 

жағалауында 

Солтүстік 

жерлерде 

құлиеленушілік формадағы ежелгі мемлекеттер пайда болды. Бұл 

мемлекеттердің  жоғарғы  класына  құлиеленуші  аристократтар 

жатты. 

Бұл  қоғамда  тәрбие  мен  сауаттылық  жоғарғы  мәртебеге  ие 

болды.  Дене  тәрбиесі  құлдарды  тәрбиелеудің  бір  саласы 

болғандықтан жаңа халықтық дене тәрбиесі формасы жасалынды. 

Құлиеленушілердің  әскери  тәрбиесі  ерте  жастан  басталып  бір 

мақсатқа  негізделді.  Бала  тәрбиесі  бағдарламасында  мергендікке 

үйрету  атта  шебер  жүретін,  мықты  және  батылдыққа 

тәрбиелейтін  маман  әскери  адамдарға  жүктелді.  Армения 

мемлекетінде  құлиеленушілердің  балаларына  арнайы  әскери 



 

32 


тәрбие  беретін  мектептер  ашылды.  Греция,  Ресей  сияқты 

мемлекеттермен  терең  танысқан  соң  армияндық  және  грузиндік 

артельдер грек-рим ойындарына қатыса бастады. 385 жылы армян 

патшасы  Вараздаттың  баласы  Олимпиадалық  ойында  қол 

күштестіруден  жеңімпаз  атанды.  Ал  грузин  патшасы  Фарсман 

ұлымен  Римнің  Марс  жағажайында  өздерінің  әскери  өнерін 

барша  жұртқа  көрсетті.  Ольвия,  Херсонес  және  басқа  (4-5  ғғ.). 

Солтүстік  Қара  теңіз  қалаларында  жастарды  әскери  тәрбиеге 

үйрететін  гимназиялар  ашылды  және  ондағы  оқушылар  барлық 

өтетін  жарыстарға  қатысты.  Құлиеленушілік  жүйеде  әскери  дене 

тәрбиесінің мергендік аң аулау түрлері жоғары орынға ие болды. 

Бірақ  олар  әр  түрлі  қолданыста  болды.  Бұл  халық  арасында 

еңбектің  бір  түрі  болып  қалыптасса,  ал  дене  тәрбиесі  қол 

еңбегімен  айналыспайтын  құлиеленушулер  үшін  бұл  тек    әскери 

дайындық  пен  әуестік  болды.  Киев  феодалдық  мемлекетінде  X 

ғасырдан бастап  князьдардың жанұяларында  олардың балаларын 

оқытатын  арнайы  оқытушылар  шақырыла  бастады.  Олар  халық 

арасынан  шыққан  жоғарғы  дәрежедегі  тәрбиелеуші  шеберлер 

болды.  Оқытушылар  феодалдардың  балаларын  тәрбиелеу  және 

оқыту  барысында  халықтық  дене  тәрбиесін  қолданды.  Жас 

кезінде және қартайған шағында феодалдар өздерінің әскери дене 

дайыдықтарын  жұмыс  уақытында,  сонымен  бірге  күнделікті 

өмірде,  жарыстарда  әскери  ойындарда  көрсете  білген.  Князь 

балаларын 

тәрбиелеу 

жөнінде 


ақыл-кеңестер 

Владимир 

Мономахтың  педагогикалық  шығармасы  «Поучение  Чадам 

Своим» атты даналық кеңесі берілген. Бірінші орынды балаларды 

құдайға  сенуге  және  одан  қоркуға  тәрбиелейді.  Сонымен  бірге 

балаларды 

батылдыққа, 

еңбекқорлыққа 

Отанға 

деген 


сүйіспеншілікке  шақырады.  Мономахтың  кеңестері  жастарды 

тәртіпке, дене  тәрбиесіне қатыстыруды негізгі бағыт  санады. Бұл 

педагогикалық шығарма Киев мемлекетінің мәдениетінде жоғары 

дәрежеге  ие  болды.  Ежелгі  Русь  мемлекетінде  жоғарғы  кластың 

дене  тәрбиесі  көрсеткіштері  әскери  жағдайды  жетілдірді.  Бұл 

татар,  швед,  поляк,  неміс,  рыцарларымен  болған  соғыстарда 

барынша  жетілді.  Бұл  әскери  командаларды  князьдар,  дворяндар 

басқарды.  Оларды  алдын-ала  арнайы  әскери  орындарда 

дайындады.  Негізгі  әскери  күш  атта  жүру  болғандықтан  атта 

жүру  әдісін  терең  үйретті.  Сонымен  бірге  садақпен  ату 




 

33 


шеберлігіне де үйретті. Феодалдық қоғамда доппен ойнау, коньки 

тебу,  таудан  шанамен  сырғану  шахмат  және  дойбы  ойындары 

негізгі  роль  атқарды.  Андасанда  патшаның,  князьдардың, 

дворяндардың,  көңілді  ойындары  өткізіліп  отырды.  Грузияда 

феодализм  кезеңінде  әскери  дене  тәрбиесі  жүйесі  бір  тәртіпке 

негізделіп жүргізілді. Бұған дәлел Шота Руставелидің «Жолбарыс 

терісіндегі  Витязь»  атты  XII  ғғ.  әдеби  ескерткіш  дәлел.  Шота 

Руставелидің поэмасында Тамара патшайымның кезіндегі Грузия 

суреттеледі.  Мұнда  батырға  грузиндік,  Витязь  жайлы,  оның 

патшайымына  беріктігі,  күш-жігерілік  дамуы  жайлы  айтылады. 

Феодалдарда әскери дене тәрбиесінің бағдарламасында атта жүру 

спорты,  гимнастика,  акробатика,  лақтыру,  жүгіру  және  секіру 

түрлері  еңгізілген.  Осы  барлық  жаттығулар  жиыны-адамды 

әскери, еңбек, спортқа тәрбиелейді. Бүлар Арчила Багратионидың 

шығармасында  жақсы  көрсетіліп,  Грузия  мәдениетінде  жоғары 

орынға  ие  болды  Феодалдардың  дене  тәрбиесі  жаттығуларының 

әр-түрлі  ойындары  Арменияда  да  кеңінен  таралды.  XIII  -  XV  ғғ. 

Рыцар  жаттығулары  жоғарғы  мәртебеге  ие  болды.  Кейбір 

феодалдар арнайы турнирлер өткізіп отырды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет