Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет16/57
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#104218
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Байланысты:
esmagambetov

Негізгі  әдебиеттер

[1,2]

 

 

№8 Лекция тақырыбы: Жаңа ғасыр уақытындағы дене 

мәдениеті.  

Жоспар: 

1.  Буржуазиялық  жүйедегі  педагогикалық  негіздердің 

қалыптасуы мен дамуы. 

2.  Ұлттық  буржуазиялық  гимнастикалық  және  спорттық 

ойындар жүйесінің дамуы. 

 

Жаңа  тарихтың  бірінші  кезеңінде  көптеген  мемлекеттердің 



буржуазиялық  интеллегенция  топтары  білім  жүйесін  өңдеген 

болатын,  онда  дене  тәрбиесіндегі  сұрақтар  да  өзінің  бағасын 

тапты.  

Джон Локк

  (1632-1704)  –  ағылшын  философ  –  материалисі, 

өзінің  педагогикалық  пікірін  «Мысли  о  воспитании»  атты 

кітабында  (1693)  білдірген.  Ежелгі  римдік  ақын  Ювенолдың 

пікірімен жүрген мықты денеде күшті рух өсіру дене тәрбиесінің 



 

34 


негізгі  мақсаты  деп  санаған.  Оның  пікірі  бойынша  осы  арқылы 

адам  өз  бойындағы  берекелік  қасиеттерге  жетеді.  Дене 

тәрбиесімен  адам  ағзасының  жетілуіне  Локк  қатаң  талаптар 

қойды.  Ол  жеңіл  әрі  жайлы  киімдер  мен  қарапайым  тағамдар 

және  ауа  мен  күннің  әсерін,  сонымен  қатар  көптеген  дене 

тәрбиесіндегі  жаттығуларды  ұсынған  болатын.  Көбінесе  Локк 

жүзу,  атпен  шабу  сияқты  спорт  түрлеріне  ерекше  көңіл  бөлген. 

Ол  кісі  нағыз  адам  қайда  және  қашан  болмасын  қаруын  алып 

жауына төтеп беретін солдат болуға дайын болу керек, ал ол үшін 

жігіт керекті дәрежеде тәрбие алуға тиіс. Өз пікірін білдіре білуді 

және  қатаң  тәртіппен  ұяң  мінезді  болу  тәрбиенің  басы  деп 

есептеген.  Келешек  ұрпақтарының  дене  тәрбиесіне  аса  көңіл 

аударған  Локк  балалардың  білім  алуына  қарсы  болды.  Бұл 

жайында оның «Мектеп жұмысы», «Жұмысшылардың балалары» 

атты кітабында анық жазылған. Қарапайым адамдардың балалары 

шіркеуге барып, фабриканттарға қызмет етуге тиіс деп есептеген.  



Жан-Жак  Руссо

  (1712-1778)  –  француз  философы,  ірі 

ағартушы педагог, Женеве қаласында дүниеге келіп, ұзақ жылдар 

бойы  Париж  қаласында  Вольтер,  Дидро,  Гольбах  сияқты  XVІІІ 

ғасырдың 

ағартушыларымен 

кездескен 

болатын. 

Руссо 

феодалдық  тәртіппен  феодалдық  жүйеге  қарсы  тұрды.  Ол  ұсақ 



буржуазиялық  меншік  қоғамы  туралы  армандаған  болатын.  Бұл 

қоғамның  құрамындағы  адамдар  еркін  еңбек  етіп  өзіндік  өмір 

қызығушылығымен  өмір  сүруі  керек  деді.  Руссоның  тәрбиелеу 

жүйесі  оның  әлеуметтік  және  саясаттық  ілімінде  айтылған. 

Адамға  өз  заманындағы  қоғам  кері  әсерін  тигізеді  деп  ойлаған. 

Сондықтан  баланы  бұл  қоғамнан  аулақ  тәрбиелеу  керек,  әсіресе 

тәрбиені  қажет  ететін  феодалдардың  және  тектілер  тобының 

балалары,  ал  халықтың  балаларын  тәрбиелеудің  керегі  жоқ  деп 

есептеді.  «Эмель,  или  о  воспитани»  (1762)  деген  еңбегінде 

педагогикалық  тәрбие  жүйесін  көрсеткен  болатын.  Локтың 

пікіріне  сүйенгенЖ.Ж.Руссо  Эмиль  деген  баланы  тәрбиелеген 

болатын.  Ол  12  жасқа  дейін  балалардың  дене  тәрбиесіне  көңіл 

бөлуді ұсынған. Ол денені шынықтыру, қозғалу әдістерін игеруге 

аса  көп  көңіл  бөлген.  Әсіресе  еркін  гимнастика  ойындары  мен 

суда жүзуді ұсынған болатын. 

Ал,  әйел  адамдарына  келетін  болсақ  Ж.Ж.Руссо  олардың 

дене тәрбиесі жеңіл және соған байланысты әдемі қозғалуы керек 



 

35 


деп  есептеген.Ол  әйел  және  ер  адамдар  өмірдің  әр  түрлі 

салаларына  байланысты,  бөлек  тәрбие  алуға  тиісдеді.  Руссо 

әйелдердің  ойлау  қабілетіне  тіптен  көңіл  аудармаған,  ол 

ортағасырлық тәрбиенің үлгісіне қарсы шығып, өскелең ұрпақтың 

дене  тәрбиесімен  шұғылдануын  қолдаған.  Қызығушылықты 

арттыру  үшін  ол  дене  тәрбиесіне  байланысты  әртүрлі 

жарыстарды  өткізуді  ұсынған.  Оның  осы  идеясы  бүкіл 

буржуазиялық қоғамның дене тәрбиесіне үлкен өзгеріс енгізуі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет