Француз гимнастикасы.
Француз гимнастикасы ХІХ ғ. басында қалыптасты. Оның
қалыптасуына буржуазияның өз әскери күштерін күшейту
мақсаты себеп болды.
Француз гимнастикасының негізін қалаушы Франциско
Аморос (1770-1848ж.ж.). Оның ұлты испан және Испанияда
офицерлік қызметін атқарған. Оның 1817ж. ашқан жеке
гимнастикалық оқу орны Француз әскери министрлігінің назарын
аударды. Оған 1820 ж. офицерлерден гимнастика мұғалімдерін
дайындайтын мемлекеттік гимнастикалық мектеп ашуға рұқсат
берілді. Аморос Суворов жеңістерінің себептерін аша отырып,
орыс гимнастикасының айла-тәсілдерін өз тәжірибесінде
қолдануға тырысты. Ол жүгіруге, секіруге, суда жүзуге,
өрмелеуге, еңбектеуге және күреске, яғни дененің табиғи
қозғалыстарына көп көңіл бөлді.
Жаңа бірінші кезеңнің тарихында Франция Аморостың
гимнастикасымен шектеліп қалған жоқ, одан басқа спорт
түрлерімен ойындарда қанатын жая бастады.
ХІХ ғ. 60 жылдарында Францияда велосипед спорты жақсы
дами бастады. Сонымен қатар гольф, крекет, лаун-теннис,
аңшылық, жебе тарту және қарумен ату ойындары дами бастады.
Француз гимнастикасы Финляндияның, Норвегияның және
Россияның мектептерінде қолданыс тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |