Негізгі әдебиеттер:
[1,2]
№ 10 Лекция тақырыбы: Ертеден қазіргі заманға дейінгі
дене тәрбиесі.
Лекция жоспары:
1. Ертедегі Орта Азия мен Кавказ елдеріндегі спорт түрлері.
2. Сібір, Орал, Орталық Ресейдегі елдердің дене тәрбиесі.
44
КСРО аумағында өмір сүріп жатқан біздің халқымыздың
дене тәрбиесі жаттығулары әлемнің басқа елдері сияқты
қоғамның бір бөлігіне жатады. Біздің көне адамдар әскери тәрбие
және еңбекке байланысты ойын, әскери тәрбиенің түрлерін
қолданғалы туралы Оңтүстік, Шығыс, Солтүстік аудандарында
жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер
дәлелдейді. Көптеген халықтарда ойындар мен дене тәрбиесі
жаттығулары түп тамырымен сақталған. Осылардың бәрі
алғашқы қауымда аңшыларға, балықшыларға, малшыларға, жер
иеленушілерге, әскерлерге әсерін тигізді. Бұрынғы халықтар
атпен шабу, әр түрлі заттарды лақтыру, садақ ату және әр түрлі
ойындар мен айналысты. Б.э.д.4-3 ғ Солтүстіктегі халықтар аң
аулау үшін шаңғыны пайдаланған. Сібір және алыстағы Шығыс
елдері нанайлар,. мансилар, немістер және т.б. халықтар кең
ауқымды тәрбиелеу үшін сайыс ойындарын ұйымдастырған.
Жүгіру сияқты ойын түрлерін пайдаланған. Грузияда әскери
жаттығулармен дене тәрбиесі жақсы деңгейде қойылған.
Көптеген ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары орыс, беларусь
халықтарында және прибалтика тұрғындарында өзінің алғашқы
жағдайы ертедегі сайыс ойындарына қатысты.
Адамдар арасындағы теңсіздік, қоғамды таптарға бөлу де
тәрбиенің ары қарай дамуы екі бағытта болды. Халықтық дене
тәрбиесі және байлардың дене тәрбиесі.
Халықтың ойындар және дене тәрбиесі жаттығулары.
Көптеген дене тәрбиесі жаттығулары мен ойындарының
халықтық түрлері құлиеленушілік мемлекеттерде Орта Азияда,
Закавказияда басқаша түрде өткізілді. Ертедегі халықтарда
Армения мен Грузияда жүгіру, лақтыру, ойындары және дене
тәрбиесінің жаттығулары сияқты түрлері болған. Осы
жаттығулар еңбекке баулу мақсатында жүрген. Арменияда өте
кең ауқымды жүрген ойын, күрес түрлері. Осы сайыс әсіресе той,
мерекелерде жүргізіліп отырған. Мысалы Армениядағы ең үлкен
мерекелерде Навасард және Вардавар осындай ойын түрлері
тілдің құрметіне арналған олар (IV ғ) христиан дінін
қабылдағаннан кейін – христиан дініне байланысты болды. Той
мерекелері ұлттық күрес, ойындар, оттан секіру, билеу, атқа
шабумен тойланды.
45
Халық дене тәрбиесі түрлерін аса құрметпен сақтаған және
оны жалғастырған. Осы дене тәрбиесі олардың ер жүрек, мықты
әскерлер дайындауға және өз отанының еркіндігі және
тәуелсіздігін жеңіп алуға көмектесті. Тек XIII, XIVғ-ң 1-ші
жартысында, XVғ орыс халқы 160-тай соғыс көрді. Татарлармен,
монғолдармен, шведтермен, поляктармен т.б. Осы соғыстарда
орыс халқы өзінің ержүректігімен, ерлігін көрсетті. Халықтық
дене тәрбиесі әскер дайындауда үлкен маңызы болды. Осы
ойындарда әскери дайындықтары байқалды. Орыс әдебиетінде
көптеген әскерлерінің ерлігі жазылған. Халық арасында өте үлкен
орын алған түрі күрес, ат пен жүру, садақ ату, тас лақтыру
көптеген ойындар және әскери жаттығулар жұдырықтасу үлкен
орын алған. Олар топпен немесе жекпе-жек, топтық сайыста көше
көшемен, ауыл ауылмен сайысты. Сайыстар көбінесе мерекелерде
өткізілді. Жазда кең алаңда, ал қыста мұздың үстінде. Сайыста
құлаған адамды ұрмау, бетпе-бет, бірін-бірі шалмау ережелері
сақталды. Жекпе-жек көбінесе келіспеушілікте, талас-тартыста
болды. Осы жекпе-жек сайысы туралы әнгіме Лермонтов
поэмаларында көп кездеседі. Біздің халқымыздың арасындағы
жаттығу түрлері: жүзу шаңғымен жүру, т.б. болды. Көптеген өзен
бойындағы елдер суға түседі.
Сібір, Урал, Орталық Ресей елдеріндегі халықтар.
Еңбек түрлерінде, әскери жағдайда, шаңғымен жүруді
меңгерген. Олар шаңғымен жарыстар ұйымдастырған. Осы
мәліметтерді археологиялық зерттеулер дәлелдейді. XV ғ
шаңғыны әскери жаттығуларда пайдаланған. 1444 ж орыстар осы
шаңғымен татарларға қарсы соғысқа шыққан.
XVIIғ Орыс қолбасшысы М.В.Скопин –Шуйский шаңғыны
поляктармен соғыста тамаша пайдаланды. Украинада спорттық
ойындар мен әскери жаттығулар өте үлкен орын алды. Балаларды
кішкентай кезінен атпен жүруге және қаруды пайдалануға көп
көңіл бөлінді. Қазақтар арасында өте үлкен орын алған спорт түрі
атпен жүру, күрес, жүзу, жүгіру қару мен жаттығулар жасау т.б.
Орта Азияда ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары одан әрі
дамыды. Аттық спорт түрлері бәйге, аламан бәйге жорға жарыс
дойбы-шахматта жақсы дамыды. Түркмендер мен өзбектер
акробатика жаттығуларын өте тамаша орындай білді. Орта
Азияда құс ату өте үлкен орын алды. Олар жастарды жалпылама
46
тәрбиеледі.
Тәрбиелеуге:
әскери,
еңбектік
атлетикалық
жаттығулар, Ойындар мен билер кірді. Тойларда көптеген
жарыстар ұйымдастырылды.
Орал, Беларусь, Кубан, Волга бойы, балтық жағалауындағы
елдерде спорт түрлері жақсы дамыды. Әр халықтың өзінің мекені
географиялық жағдайы, экономикасы, мәдениетінің дамуы және
дене тәрбиесінің тарихы бар.
Әскери дене тәрбиесінің дайындықтары VII ғ-да өте жақсы
деңгейде болған. Скифтер мен Сарматтар, Каспий және Қара
теңіз бойындағы халықтарда да әскери жаттығуларды қолдану
жақсы деңгейде болды. Скифтер мен сарматтар қару түрлерін өте
жақсы меңгерген.
Олар атпен жақсы жүріп, садақпен өте жақсы атқан. Оларды
әскери дайындықтарынан, басқалардан оңай айыруға болады.
Соғыстағы тәртібі, төзімділігі т.б. Біздің территориямызда
орналасқан үлкен және кіші халықтар ұзақ уақыттар дене
тәрбиесіне, оның дамуына өз үлестерін тигізді. Дене тәрбиесінің
ерекшеліктері мен ертедегі славяндар көзге түсті. Біздің еліміздің
Европа биігінде орналасқан славяндардың дене тәрбиесі ертедегі
кезден қазіргі кезге дейін өте жақсы деңгейде дамып келген.
Шығыстағы славяндарың құлиеленушілік ниетінің салдарынан
дене тәрбиесі жақсы дамиды. Закавказияда, Орталық Азияда және
Қырымдағы сияқты (VI-VIIғ) шығыс славяндар алғашқы
тәртіппен өмір сүрген. Олар аң аулаушылықпен, жер иеленумен,
мал шаруашылығымен айналысқан, олар бала тәрбиесін бүкіл
қауым болып тәрбиелеген. Бозбалаларды және ұлдарды- еркек
адамдар, қыздар мен бойжеткендерді- әйелдер тәрбиелеген.
Ертедегі мемлекеттерде Славяндарда басқа елдерде сияқты
жастардың дене тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Осы тәрбие от
басында көп жүрген ата-аналары балаларын аң аулауды білуге,
атпен жүруге, садақ атуға, лақтыруға жүзуге үйреткен. Осы ата-
аналарының міндеті балаларына беріліп отырды.
Осының салаларынан көп уақыт бойы олардың жастарға
әскери тәрбиені үйретуіне себеп болды. Көптеген куәгерлердің
айтулары бойынша славяндар өте ержүрек, батыл, күшті, төзімді
болған. Византияның императоры Маврикий славяндарды былай
деп бағалаған.
47
«Славяндар ыстыққа, суыққа, жауын-шашынға, аштыққа өте
төзімді, олар жауларымен орман ішінде, қабақтарда, жасырын
соққылар арқылы, қулығымен күн-түнге қарамай жеңгенді жақсы
көрген. Олар көптеген соғыс тәсілдерін білген және өзеннен
өткенде өте икемді болған. Славяндар тәрбиесінде ойын – үлкен
орын алған. Оларға жер-анаға, күн құдайына яриллаға, соғыс
және қару құдайы Перунухаға арнаған. Жастар садақ атуға,
икемділігін
тас
лақтыруда
мергендігін
және
алысқа
лақтыратындығын көрсетті. Осы ойындар славяндардың
тәрбиесінде үлкен орын алды. Жастар өздеріне қойылған
талаптарды толығымен орындады.
Киев мемлекетінде (IX-XІ ғ) Рус феодалында (XII-XIVғ)
және Россия орталықтандырылған мемлекетінде (XV-XVIIғ).
Орыс халқының шіркеуі дене тәрбиесіне қарсы болды. Олар осы
спорттық ойындар мен жаттығуларды көне деп санады. Ислам да
көне деп санады. Дене тәрбиесіне орыс өкіметінің басшысы
Алексей Михайлович 1648 ж тыйым салды, бірақ спортты тоқтата
алмады. Ол ұрпақтан –ұрпаққа беріліп одан әрі дами берді.
Достарыңызбен бөлісу: |