13
Метал өңдеумен байланысты өндіріс күштерінің дамуы, жер
өңдеу мен мал шаруашылығы еңбектерінің бөлінуі, жеке
меншіктің пайда болуы рулық қатардың бөлінуіне әкеп соқтырды.
Әскери-басқарушылар мен рулық ақсүйектер өз орталарында
әскери тәрбиеге көп көңіл аударды. Ф.Энгельстің пайымдауынша,
ол соғыс кезінде қажетті халық өмірінің функциясы. Дене
тәрбиесі көбінесе әскери бағытта қамтылды. Бұл рулық ұйым
формалары тәрбиелеу мақсатымен дамыды. Мұнда жастарды
әскери-тәрбиеге баулу өте үлкен орын алды. Мұндай «жастар
ұйымы» деген қозғалысқа ие болған тайпа руларының барлық
еркектері кірді. Бір топтан адам жасына байланысты екінші топ
құрылды оларды инициация деп атады. Рулық қатардың дамуы
барасында жасырын ұйым рөлі өзгеріп отырды.
Ол діни қауымға айнала бастады, ру мен тайпаның атақты
басқарушыларын жақтады. Ер мен жастар үйлеріндегі тәрбиенің
мәні жоғала бастайды. Әскери және рулық ақсүйектердің бөлінуі,
дамыған қарумен қарулануы атақтылардың уақытының көп
болуы дене тәрбиесінің сословие – класқа бөлінуіне әсерін
тигізді. Атақтылар өз дәрежесімен билігін өте жақсы әскери
дайындықпен және жеңіс, жарыстарымен нақтылып көсетті.
Қарапайым тайпа ру адамдары қоғамдық өмірде болып жатқан
денені тәрбиелеу және басқа да жаттығулармен ойындарда
ескерілусіз қала берді. Олардың міндеттері ауыр қара жұмыс пен
ақсүйектерді қүту болды. Бұл шартта дене тәрбиесі мен еңбек
арасындағы қатынас өз күшін жоғалтады делінеді. Рулық
қатардың жойылып, кластық құлиеленушілік формацияның пайда
болуы кезінде дене тәрбиесі жаттығулары мен ойындары
ақсүйектердің әскери дайындығы ретінде қолданылып, қоғамдық
жарыста
жиі
көрініс
табатын
болды.
Эгей
теңізінің
жағалауындағы
Крит
аралында
және
де
Пелопонесса
жағалауының шығысындағы Микены қаласындағы қазба
зерттеулер барысында әр түрлі ойындар жаттығулар, жарыстар
үлгілерінің көріністері табылған. Крит басшылары дене тәрбиелік
жаттығуларымен ойындарды әскери адамдарды дайындайтын
күш ретінде қолданылады.
Гомердің «Илиада» және «Одисей» атты эпикалық
поэмаларында грек ақсүйектерінің қоғамдық жарыстары оларда
14
жүгіріс, күрес, қол күрес, найза және диск лақтыру, садақ ату,
атарба жарысы, б.з.д. XII – IX ғасырларға қатысты жағдайлар өте
жақсы көрсетілген. Дәл осындай дамуда ежелгі Гермен және
Океаний тұрғындарында, индеец тайпаларында (инки, ацтеки,
майя) дене шынықтыру жаттығулару болды. Майя тайпасында
каучук добымен ойнайтын топтық ойын өте атақты болды. Бұл
ойында бір топ каучук добын столбадағы шеңберге кіргізуге
ұмтылса, екінші топ сол шеңберді доптан сақтамақшы болады.
Ежелгі Перуде дене тәрбиесі келешекте әскери топты құрайтын
жастар арасында кеңінен тарады және дамыды. Рулық қауым
ыдыраған кезде дене тәрбиесі еңбекпен қатынасын мүлде үзіп,
әскери бағытта дамып, топтық бағыт осы уақытта ала бастады.
Дене тәрбиесі бір қалыптылығын жойып екі бағытқа бөлінді:
басқарушы класс және халықтық топ болып бөлінді делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: