Негізгі әдебиеттер:
[1,2]
№ 3 Лекция тақырыбы: Дене мәдениетінің дамуы.
Лекция жоспары:
1. Рулық қоғамдағы дене мәдениеті.
2. Ертедегі Рим мемлекетіндегі дене мәдениетінің дамуы.
Алғашқы қоғамның дамуына байланысты рулық қоғам пайда
болды. Бұл алғашқы қоғамдық адамдардың қоғамдық ұйымның
жаңа түрі. Еңбек тәжірибесінің кеңейіп өндіріс күштердің дамып
өзгеруі дене тәрбиесінің күрделенуіне әкеп соқты. Тәрбие еңбек
сияқты ұжымдық сипатта болды. Бұл алғашқы қоғамдағы
адамдардың өмір сүруіне тіршілік ету үшін табиғатпен күресуге
үлкен көмек көрсетті. Жер бөлісу, мал шаруашылығымен
16
айналысу рулық қоғамда әскери ұйымдардың болуы үлкен рөль
атқарды. Мысалы: Австралияның балалары ерте жастан бастап
садақ ату, сол сияқты тағы басқа да әр – түрлі құрал –
саймандарды қолданудың әдісін үйрене бастады. Үлкендермен
бірге аңға шықты, балық аулады, жәнеде әр – түрлі бейнелі ойын
сауықтар өткізу кеңінен таралды. Тәжірибелік тәрбиеде бумеранг
лақтыру, бір топтан екінші топқа қарсы доп лақтыру ойындары
т.б. болды.
Орыс саяхатшысы этнограф Миклука Маклай ұзақ уақыт
бойы Жаңа Гвинея жерінде тіршілік етіп олардың ойындарын
былай атап өтті, оның бағдарламасында:
1. Садақтан оқ ату.
2. Секіру.
3. Лақтыру.
4. Түрлі би қимылдарын орындау.
Американың алғашқы адамдары оның ішінде үнді
эскимостары және тағы да басқа тұрғындары допты белгілі жерге
лақтыру, ұзақ қашықтыққа жүгіру, ауыр жүк көтеру, тас көтеру
ойындарымен белгілі болған. Африканың алғашқы адамдары
оның ішіне бушмендер жүгіру жылдамдығы мен және
төзімділігімен
ерекшеленген.
Ер
адамдардың
ойындары
жарыстарда би және атлетикалық түрде өтетін. Кейбір тәрбие
түрлеріне алғашқы қауымда педагогикалық көз қарастарда
болған. Бұл кез бір даму кезеңінен келесі даму кезеңіне өту
болған.
Жастарды бұл жарысқа әдейі үлкендер дайындайды. Оның
мақсаты жастарды өз қатарына қосу болатын. Жастар
дайындығының, бағдарламасында суыққа төзу, және тамақ ішуге
тыйым салынып аң аулауға жақсылап дайындалатын. Қоғамдық
бірлікте қыз балаларды да дайындықтан өткізген. Олар аң аулау,
әскери ойындар мен бірін – бірі қуу ойындарына үйретілген.
Әсересе қыз баламен әйел адамды би – билеуге үйреткен.
Сондықтан
дене
тәрбиесі
түрлі
ойындарда
жастарды
тәрбиелеудің, басты негізгі құралы болды. Дене тәрбиесі әсіресе
еңбекпен байланыстырылды сонымен қатар бұл ежелгі адамның
мәдениеттік құрлысшысы болып саналған.
Ертедегі Рим мемлекетіндегі дене мәдениетінің дамуы:
17
Біздің дәуірден бұрын 7-8 ғасырғаларға римдықтар
тарихында туыстық қауымының біртіндеп ыдырай бастағаны, осы
кезде патриарыхты құлдық қарым – қатынастар тарала бастады.
Тайпаларды көсемдер басқарды. Балалар мен жасөспірімдер өз
отбастарында тәрбиеленді. Қыз балалар анасының тәрбиесінде, ұл
балалар әкесінің қарамағында, яғни қыз балалар үй жұмысына
қараса,
ұлдар
дала
шаруашылығымен,
дене
тәрбиесі
жаттығуларымен айналысты. Қару жарақты ұстау тәсілдерін
үйренді. Рим тәрбиесі іс тәжірибе бағытында жақсы дамыды.
Тайпадағы көзі ашық текті топтар ат жарысы, арба жарысына
қатынасып отырған. Соның ішіндегі көп сұранысқа ие болғаны
троя ойындары яғни аттылар сайысы болған. Бұл ойындарға
көбіне атты әскерлер қатысқан.
Рим мемлекетінің бір жерінде байлық көп болса, екіншісінде
кедейшіліктің көбеюі етек алды. Осы себептердің нәтижесінде
рим әскерлері нығайып, көбейе түсті.
Экономикалық саяси даму ерекшеліктеріне және әскери
топтарды ұйымдастырушылығына байланысты Римде грек дене
тәрбиесінің жаңа әдістері мен тәсілдері қалыптасты.
ІІІ – ІІ ғасырлар б.з.д. рим ағартушысы Катон үлкен
жанұялардағы тәрбие тәсілдерін анықтады. Катон өз ұлына оқу
мен жазуды үйретті, өмір туралы түсініктеме беріп, гимнастика
жаттығуларын жасатты, қару – жарақты ұстауға, найза қадауды,
ат үстінде өзін ұстауды, жұдырықтасуды үйретті, аштыққа,
суыққа төзімділігін дамытып, суда жүзуді және ағынды
жерлерден оңай шығу тәсілін үйретті. Осының нәтижесінде
Катонның ұлы 17 жасында әскери міндетін атқаруға дайын
болды.
Рим әскерінде балалар қатаң тәртіпте әскери даярлықпен
тәрбиеленіп отырған. Ф.Энгельс “Армия”деген еңбегінде
римдіктер, спартандықтарға қарағанда әскери жауынгерлерді
белгілі бір бағытта тәрбиелей білді. Жауынгерлердің даярлығы
өте қатаң және жан – жақты күшін дамыта білді. Қару – жарақты
қолдана білуімен қоса, олар: жүгіру, секіру биіктікке өрмелеу,
күресу, жүзу барсында жалаңаш, одан кейін бар қару –
жарақтарын асынып киімдерімен жүгіру іс жүзінде үлкен
жетістікке жеткізді. Бұл жаттығуларды тек жас өспірімдер ғана
емес, сонымен қоса жасы ұлғайған әскери жауынгерлер де
18
өздерінің денелерін бір қалыпты ұстау үшін және әр қашан
осындай тәрбиеге дайын болу үшін жасап отырған. Осы жүйе
римдік кәсіпті әскерлері қалыптасқан уақытқа дейін созылған. ІІ
ғасырдың аяғында б.з.д. әскерлерде жалдамалы әскерлер
болғандықтан балаларымен жұмыс істеу өзінің мағынасын жойып
басқа бағыт алды. Соған қарамастан рим жастары жаттығулар
мен ойындар өткізіп денелерін дамытып отырды.
Әскери және гимнастикалық жаттығулар үшін Марс
алаңында арнайы орын берілді. Бұл алаңда доп ойнап, диск
лақтырып, жүгірді. Бұл жаттығулар әйгілі грек мәдениетінің
дамуына байланысты Рим консулы Сулла 175-ші Олимпиядалық
ойындарды грециядан Римге ауыстыруға жарлық жариялады.
Сулланың осы жарлығы жақсылыққа апармады. Рим халықтарына
гректердің салты мен дәстүрлері ұнамады.
1 ғасыр аяғында б.з.д. Римде әскери – құлиелену
диктатурасы қалыптасады. Осыдан кейін римдіктерді екі топқа
бөлеуге мәжбүр етеді Римнің әлеуметтік саласында жалдамалы
әскер болғандықтан олардың әскери даярлығы нашарлай бастады.
Олар көбінесе жылы суға түсіп, массаж жасатып, жеңіл
жаттығулар жасауға көшті. Бұл кезде цирк пен театрларда әр
түрлі жарыстар мен қойылымдар көрсетілуі кең тараған. Әсіресе
екі аяқты арба жарысы, күрес, жұдырықтасу үлкен сұранысқа ие
болды. Осы мезетте кедейленген Римдіктер көрініс ретінде үлкен
цирк ғимаратын салуды көздеді. 1 ғасырдың б.з.д. 50 мың
көрермен сиятын Колизеи амфитеатры салынған оның қазіргі
уақытқа дейін қалдықтары сақталған. Әртүрлі саясатшы топтар аз
халықты әр түрлі көріністер көрсету арқылы өздерінің
мақсаттарына жету үшін пайдаланған. Әсіресе Цезарьдің билікке
ұмтылу кезінде көптеген қойылымдар, мерекелер көп болған.
Кейін де рим императорлары халық көңілдерін өздеріне аудару
үшін әр түрлі көріністер көрсетіп тұрған. Император Нерон 60
жылдары б.з.д. Нероней атты мереке ұйымдастырды. Онда
атлеттер мен арбалы жарыстар ұйымдастырылды; 86 ж Дамициан
Капитолии ойындары өткізіледі деп жариялады. Римде
гладиаторлық үрыстар яғни аңдармен алысу кең етек алды.
Император Августин ұйымдастырған жарысқа 19 мың адам
қатысқан. Гладиаторлар көбінесе әскери тұтқында жүрген құлдар
болған. Оларды дайындайтын арнайы мектептер болған. Қиын
19
жағдайларға шыдамаған гладиаторлар көтеріліске шығып тұрған.
Құлдардың 74 – 71 ж б.з.д. Спартак бастаған үлкен төңкерісі, рим
империясын дүр сілкіндірді. Спартак көтерілісіне қару жарақты
жақсы қолдана білетіндер қатысқан. 20 ғасырдың 20 жылдарынан
бастап Спартаққа арнап спорт жарыстарын – спортакиада
ұйымдастырылған, спорттық ұжымдарын Спартак есімімен
атаған.
Ежелгі Римде дене тәрбиесі жаттығулары денсаулыққа және
дененің қалыптасуына тигізетін әсері жайлы көптеген пікірлері
ежелгі Рим ғұламалары квинтилиан, философ Сенека, ақын
Ювенал, дәрігер Гален еңбектерінде жазылған.
Дені саудың – жаны сау, деген құлшылық Римде тек жоғары
саналы аристократтарға ғана айтылған сөз еді. Ал қарапайым
халық дене шынықтыруды және мәдени дамудың не екенін
білмеген ұзаққа созылған құлшылдық көптеген құлдар
көтерілісінің әсерінен әскери ұйымының құлауы нәтижесінде
құлшылықты жойды.
Достарыңызбен бөлісу: |