203
Белоктардың синтезі тірі ағзадағы энергияны көп қажет ететін
процесс болғанымен, өте жылдам жүреді. 400
амин қышқыл-
дарынан тұратын белок 20 секундта синтезделіп болады.
Белоктардың синтезі бір рибосомада өтуі мүмкін немесе бір
уақытта бірнеше рибосомада (полисомада) жүруі мүмкін. Поли-
сома - бір мРНҚ бойында бола алатын рибосомалар тобы (80-ге
жуық рибосома). Мұндай бір мРНҚ-ның бойындағы информаци-
яны бір уақытта бірнеше рибосоманың көмегімен белок синтезіне
қолдану синтездің тез жəне тиімді өтуіне мүмкіндік тудырады.
Бактерияларда транскрипция жəне трансляция бірімен-бірі
ілесіп жүреді, яғни ДНҚ-на тəуелді РНҚ-полимераза мРНҚ син-
тезін жүргізіп
жатқан кезде, м-РНҚ-ның бір шетінде белок синтезі
де басталып жатады.
Бактериялардың екінші бір ерекшелігі - мРНҚ-ның тіршілік
ету уақыты бірнеше минут қана, сонан соң олар тез нуклеаза
ферментінің əсерімен ыдырап кетеді.
Трансляцияның төртінші кезеңі – Терминация,
яғни синтездің
бітуі, аяқталу кезеңі, оған керекті заттар:
1. АТФ;
2. Белок синтезінің біткенін білдіруші мРНҚ-дағы кодондар;
3. Полипептидтің рибосомадан босап шығуына қажет белок-
тық факторлар.
мРНҚ-да соңғы амин қышқылын көрсететін кодон біткен соң,
мағынасыз, мəнсіз кодондар басталады. Олардың саны үшеу:
УАА, УАГ, УГА. Міне осы кодондардың басталуы, полипептидтің
синтезінің біткенін хабарлайды.
Сонан соң, синтезді бітіруші
факторлар (Ғ
1
, Ғ
2
) өздерінің əрекетін бастайды.
Бұл факторлар:
1) полипептидтің соңғы тРНҚ-дан гидролиздік жолмен ыды-
рап шығуын жəне тРНҚ-ның босауын;
2) соңғы тРНҚ-ның пептидилдік бөлімнің “бос” күйінде
бөлінуін;
3) рибосоманың 30 S жəне 50 S суббірліктерге диссоциация-
лануын қамтамасыз етеді.
Трансляцияның 5-ші кезеңі - кеңістіктегі полипептидтік
тізбектің орналасуы жəне процессинг.
Бұл кезеңде полипептид
өзінің кеңістіктегі екінші - , үшінші - реттік құрылысын түзіп,
204
биологиялық активті түріне көшеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде
бірінші амин қышқылы метиониннен жəне кейбір керек емес
амин қышқылдарынан ажырап,
кейбір амин қышқылдарының
қалдықтары өзіне фосфат, - метил - , карбоксил - , ацетил топ-
тарын қосып алуы мүмкін. Ал кейде белоктар өзіне олигосаха-
ридтер
мен коферменттерді қосып, өзінің биологиялық қызметін
атқаруға дайын болады.
Белоктардың синтезі көптеген антибиотиктер əсерінен тежеу-
ге ұшырауы мүмкін. Кейбір микроағзалар үшін қорғаныш анти-
биотиктер, басқа ағзалар үшін өте улы болып табылады. Мысалы:
пурамицин - элонгация кезеңінде əсер етсе, тетрациклин аминоа-
цил - тРНҚ-ның рибосомадағы аминоацилдік центрімен байла-
нысуына
кедергі жасайды; стрептомицин - рибосоманың кіші
суббірлігімен қосылып, оның қызметін нашарлатады; дифтерия
токсині - элонгация факторын тежейді; левомицетин - пепти-
дилтрансфераза ферментінің
активтілігін нашарлатады; эритро-
мицин - үлкен суббірлікпен қосылып, транслоказа ферментінің
жұмысын тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: