1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: п.ғ. к., доцент Байбақтина Ақсәуле Тоқтарқызы



Pdf көрінісі
бет19/63
Дата26.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#105789
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
СИЛЛАБУС 2МИПКО ИОӘ 2020-21 II Байб утв

Дәріс №7. 

Тақырыбы:

 

Информатика бойынша сабақтан тыс және сыныпттан тыс жұмыстар  



Сағат саны:  1 

Жоспары: 

1.

 



Информатикадан сабақтан тыс қызметтер  

2.

 



Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен құралдары  

3.

 



Информатикадан  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру 

әдістемесі 

 

Сыныптан  тыс  жұмыс  ұғымы  өте  кең.  Ол  мазмұны,  бағыты,  әдісі,  тағайындалуы, 



формасы  мен  жолдары  жағынан  білімділікті  қажет  етеді.  Мысалы,  үйірмелер  отырысы, 

сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға 

жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер, т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей 

жағдайларда (байқау, кеш, т.б.) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. 

Сыныптан  тыс  жұмыс  мақсаттары,  мазмұны мен  тәсілдері  бойынша оқу  үрдісінің 

сабақтан  тыс  уақыттағы  жалғасы  бола  отырып,  онымен  үйлеседі  және  үнемі  еріктілік 

сипатта  бола  бермейді.  Оны  жоспарлау  мен  ұйымдастырудағы  анықтаушы  роль 

педагогтың  үлесіне  тиеді.  Оған  пән  мұғалімдері  дарынды  оқушылармен  бағдарламалық 




материал  бойынша  білімдерін  көтеру  мен  тереңдету  үшін,  сонымен  бірге  артта 

қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілген жұмыс мысал бола алады. 

Сабақтан  тыс  жұмыс  –  бұл  негізінен  оқушылар  ұжымдарында  мұғалімдермен 

сынып  жетекшілерінің  бағдар  беруімен  оқушылардың  өзін-өзі  басқаруға,  белсенділігі 

негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар. 

Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал 

етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын 

мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі болып табылады. 

Сыныптан  тыс  жұмыс  –  бұл  педагогтардың  мектеп  оқушыларының  сабақтан  тыс 

уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру. 

Сыныптан  тыс  жұмыс  –  сабақтан  тыс  уақыттағы  мектепте  өткізілетін  және  оқу 

жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. 

  

Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған: 



1)  Балада  жағымды  «МЕН»-  тұжырымын  қалыптастыру,  бұл  келесі  факторларға 

байланысты: 

- өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі; 

- өзінің белгілі тақырыпты немесе материалды меңгеретініне сенімділігі; 

- өзінің маңызды орын алатынын сезіну. 

Жағымды  «мен»  -  тұжырымы  баланың  өзіне,  өзін  бағалауға,  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасып дамуында оң әсер етеді. 

Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін 

жеке  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  ашады.  Сыныптан  тыс  жұмыстың  әр  түрлі  болуы 

баланың  өзіне  сенімділігін,  өзін  дұрыс  бағалауын,  өз  іс-әрекетін  бақылауын 

қалыптастырады.  Сонымен  қатар,  әр  түрлі  жұмыстар  баланың  іс-тәжірибесі  мен 

дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. 

2)  Ұжымдық жұмыс жасау  тәжірибесі  мен  серіктестік  дағдысын  қалыптастыруға  жағдай 

туғызу. 


Оқу  үрдісінде  сыныптан  тыс жұмыстарға  қарағанда  ұжымдасып жұмыс  істеу  мүмкіндігі 

аз.  Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылар  бір-бірімен  барлық  жағынан  қарым-қатынаста 

болады. 

Әртүрлі  сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылар  өзінің  жаңа  қабілеттерін  ашып  қана 

қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді. 

3) Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. 

Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды 

қоғам  қажет  ететін  түрлі  қызметтерді  ұйымдастару  мүмкіндігі  бар.  Бұл  жағдай  әсіресе 

теріс  жолға  түскен  жасөспірімдердің  (алкоголь,  нашақорлық,  тәртіп  бұзушылық,  т.б.) 

көбеюімен көкейкесті болып тұр. 

4) Әлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру. 

Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу 

жақсы жолға қойылды. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады. 

5) Танымдық қызығушылықтарын дамыту. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  бұл  міндетті  оқу  үрдісіндегі  және  сабақтан  тыс  іс-

әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі 

тәрбие жұмысы, сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. 

Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің 

бірі - мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді. 

6) Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. 

Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін баланың бос уақытын педагог тиімді 

ұйымдастыру қажет. 

Оқушылар  тәртібі  олардың  бос  уақытын  қалай  өткізетіндігіне  байланысты  екендігі 

анықталған.  Үлгермеуші  оқушыларды  сыныптан  тыс жұмыстарға  тарту  олардың оқуына 




кедергі  келтіреді  деген  ұғым  дұрыс  емес.  Қайта  сол  оқушылардың  бос  уақытын  тиімді 

пайдалануына көмектеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет