1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: п.ғ. к., доцент Байбақтина Ақсәуле Тоқтарқызы


Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата26.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#105789
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Байланысты:
СИЛЛАБУС 2МИПКО ИОӘ 2020-21 II Байб утв

Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық  

қамсыздандыруға қойылатын талаптар. 

Орта  мектепте  информатиканың  базалық  курсында  базалық  ақпараттық 

технологияға  арналған  программалық  қамсыздандыру  оқыту  объектісі  болып  табылады. 

Аталған  программалық  қамсыздандыруды  басқа  пәндерді  оқыту  үрдісіне  де,  әкімшілік 

міндеттерді шешу барысында да қолдануға болады. 

Бұл топтардың құрамына келесі программалар енеді: 



-

 

мәтіндік үрдіссор; 



-

 

электронды кесте; 



-

 

деректер қорын басқару жүйесі; 



-

 

компьютерлік графика жүйесі (компьютерлік презентация); 



-

 

компьютерлік телекоммуникациялармен жұмыс жасау жүйесі; 

  Аталған  топтың  программалары  көп  жағдайда  офистік  пакеттер  құрамында  бо-

лады. Жалпы білім беретін мектептерде базалық ақпараттық технологияны қолдану фор-

малары мен салалары сәйкес программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарға сай 

анықталады. 



«Ақпараттық  білім  беру  ортасы» 

(АБО)  термині  білім  беру  және  ақпараттық  орта 

интеграциясының  жаңа  мәнін  білдіреді,  олай  болса  бұл  идеяны  жүзеге  асыру  бірқатар 

маңызды  мәселелерді  шешуді  талап  етеді.  Жұмыстың  жаңа  формалары  оқытушы  мен 

оқушының  жеке  қарым-қатынастарының  түрін  өзгерту  мен  азайтылуын  көздейді.  Бұл 

мәселеге  топтық  оқыту  механизмдерін  ақпараттық  құралдармен  құру  қажеттілігі 

жанасады. Сапалы электронды білім беру ресурстарын құру міндеттері, сондай-ақ оларды 

пайдалану технологиялары мен әдістемелері өзекті. Ашық білім берудегі ақпараттық білім 

беру  ортасы  көптеген  өзара  әрекет  етуші  компоненттерден  тұрады.  Бұл  оқу  үрдісінің 

автоматтану  жүйесі  де,  қашықтан  оқыту  жүйесі  де,  ақпараттық-анықтамалық  жүйесі  де. 

Білім беру ортасының мазмұндық негізі ретінде әртүрлі білім беру мекемелері ұсынатын 

электрондық  білім  беру  ресурстары  мен  қызметтері  болады.Жаңартылған  білім  берудің 

маңыздылығы  – оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра отырып 

сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ  –ны қолдану, 

коммуникативті  қарым-қатынасқа  түсу,  жеке,  жұппен,  топта  жұмыс  жасай  білу, 

функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге 

асыру  үшін  қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді  оқу  тәрбие  үдерісінде  тиімді 

пайдалануды қарастырады. 



Бекіту сұрақтары: 

1. 

Информатика курсын программалық қамтамасыз ету дегеніміз не ?  

2. 

Информатикадан программалық қамтамасыз ету құрамын ата?  

3. 

Мектептің ақпараттық білім беру ортасы дегеніміз не? 


Әдебиет

: [1],[2-3],[4],[5],[6]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет