Дәріс №10.
Тақырыбы:
Информатиканың негізгі ұғымдары және оны оқыту әдістері
Сағат саны: 1
Жоспары:
1.
Ұғымдар, жүйелік-ақпараттық ұғымдарды қалыптастыру кезеңдері
2.
Ұғымдармен жұмыс істеу әдістемесі
Дәріс №11.
Тақырыбы:
Есептер жүйесі информатиканы оқыту құралы ретінде
Сағат саны: 1
Жоспары:
1.
Информатиканы оқытудағы есептердің мәні.
2.
Есептердің жіктелуі.
3.
Есептердің негізгі компоненттері.
4.
Есептерді шығаруға үйрету әдістемесі.
5.
Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру.
Білім
беру жүйесінің қазіргі
даму кезеңінде есептің
информатиканы оқытудағы рөлі біріншіден, олардың оқу нәтижесін береді,
оқушылардың қандайда бір есептерді шығара алуы болып табылады; екіншіден,
оқытудың мақсатына
жету оқушыларды информатикадан
есептерді
шығаруға үйрету арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың қандайда бір есепті шығару іс-әрекеті оның
есепті
шығару процесіндегі ойлануымен байланысты. Информатикадан есептерді шығаруға
оқытудың дұрыс әдістемесі оқушылардың
информатикадан
білім,
білік
және дағдыларының жоғары деңгейде қалыптасуына әсер етеді.
Қазіргі кезеңде заман талабына сай жаңартылған білім мазмұны бойынша орта
мектептегі білім беру процесінің ұйымдастырылуы іс-әрекеттік тәсіл негізінде іске
асып жатыр. Іс-әрекеттік тәсіл педагогикалық және психологиялық зертеулерде
тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі категориясы болып табылады. Мұнда,
есепті тұтас жүйелі объект ретінде қарастырады. В.Г.Афанасьев: «Тұтастықты, тұтас
жүйені тану – адамның санасына белгілі бір ұғымдармен, категориялармен,
теориялармен оның ішкі табиғатын, негізгі ерекшеліктерін бейнелеу», - дейді.
«Есеп» ұғымының мағынасын ашуда жүйелік тәсіл берілген ұғымды объект,
құрал және нәтиже ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Психологиялық
әдебиеттерде «есеп» ұғымын анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Соның ішінде көп
қолданылатыны есепті қандайда бір танымдық нәтижеге қол жеткізудегі ойлау
әрекетінің мақсаты ретінде түсіну.Ғалымдар арасында математика, психология және
педагогика салаларында «есеп» терминіне пәннің ерекшелігіне байланысты әртүрлі
көзқарастар қалыптасқан, есепті шығару процесінде адам мүмкіндіктерінің іске асуы
мен дамуы тұрғысынан да қарастырады.
Оқушының шығару кезінде ойлау деңгейіне байланысты олар келесі төрт түрлі
есептерге бөлінеді: алгоритмдік, жартылай алгоритмдік, жартылай эвристикалық
және эвристикалық.
Алгоритмдік есептер
– арасындағы қатынастарда айқын немесе айқын емес
байланыстар орнаған, негізгі қатынастармен сипатталатын, бір немесе екі жағдайдан
(элементтен) тұрады. Есептерді шығарудың тәсілдерінің негізінде есепті қабылдау,
яғни басты қатынастарды анықтау және оны моделдеу жатыр.
Жартылай алгоритмдік есептер
– әртүрлі түрдегі айқын байланыстар орнаған үш
жағдайдан (элементтен) тұратын есептер. Осы есептерді шығару барысында
оқушылар бастапқыда белгілі алгоритмдерді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек,
содан кейін алгоритмді қолдануды анықтаулары қажет.
Жартылай эвристикалық және эвристикалық түрдегі
есептерде олар негізгі
қатынастармен сипатталатын, айқын және айқын емес байланыстар орнаған төрт
немесе одан көп жағдайлардан (элементтерден) тұрады.
Мәтінді есептерді шығару барысында эвристикалық түрдегі есептер оқушылардың
оларға беймәлім заңдылықтар, тәсілдер, ережелер оқу іс- әрекетінің жаңа тәсілдерін
(мұғалімнің басшылығымен) өз бетінше меңгеру деп болжамдайды. Бұл
оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің дамуына жағдай жасайды. Мәтінді
есептер жүйесінде эвристикалық түрдегі есептер жартылай эвристикалық түрдегі
есептерден кейін қолданылады.
Осылайша мәтінді есептердің төрт түрден тұратын: алгоритмдік, жартылай
алгоритмдік, жартылай эвристикалық, эвристикалық жүйесі оқушылардың танымдық
іс-әрекетінің қайта жаңғыртудан бастап, зерттеушілік деңгейге дейін біртіндеп өсуін
қамтамасыз етеді.
Информатикада есептер түрлі бағытта болады. Мысалы:санау жүйелеріне
есептер, Microsoft Excel бағдарламасында шығарылатын есептер, Программалу
тілдері арқылы шығарылатын есептер және т.б. Осылардың ішінде ең көп кездесетін
Программалау тілдеріне арналған есептер. Себебі олимпиадаларда немесе
республикалық немесе халықаралық сайыстарда информатикадан көбіне осы
программалау тіліне арналған есептер кездеседі.Бұл есептердің барлығы ойлау
қабілетін арттыруға көмектеседі. Ойлау – бұл қорытындысында біраз бұрын алынған
білімдерді басқаратын және жаңа білімдер қалыптасатын «ішкі» үрдіс. Түсінікті
қалыптастыру, логика және шешім қабылдау адамдардың ми қызметінің жоғарғы
формалары болып табылады, өйткені олар бүкіл ақпаратты өңдеу үрдісін аяқтайды.
Ойлау формасының бір түрі есептерді шешу болып табылады, әсіресе оқу үрдісіндегі
есептерді шешу. Ойлауды – дамытудың ең тиімді формасы деуге болады. Ереже
бойынша математика, физика және сәйкесінше информатика сабақтарында
оқушылар берілген есеп қандай типке жататындығын талдауға, бұл типтегі есепті
шешу әдістерінің белгілі біреуін таңдау, есепті шешу және шыққан қорытындыны
тексеруді меңгереді.
Бекіту сұрақтары:
1.
Есептер жүйесі информатиканы оқыту құралы?
2.
Информатиканы оқытудағы есептердің мәні?
3.
Есептердің жіктелуін және негізгі компоненттерін атаңыз?
Әдебиет
: [1],[2-3],[4],[5],[6].
Достарыңызбен бөлісу: |