Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып,
педагогикалык-психологиялык әдістемелік бастапкы дайындықты қалыптастырмайынша,
балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш
сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына
информатика мен жаңа акпараттық технология элементтерін енгізудің қажеттігі зерттеу
жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан-жақты қарастырылды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір
ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты,
енді информатика пәнін тіпті 1-сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер
ұсынылуда. Информатиқалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін
алдымен логиқалык ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету
керек. Информатиканы бастауыш мектепте оқыту әдісі отандық дидактиканың жаңа
бағыты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын бағдарламалауға оқытуды академик А.П. Ершов
белсенді түрде жүзеге асырды. 1979 жылы ол информатиканы балалар 2-сыныптан
бастап оқу керектігін: «...бұл дағдыларды негізгі математикалық түсініктермен және
ұғымдармен бір уақытта, яғни жалпы білім беру мектептерінің төменгі сыныптарында
қалыптастыру қажет. Осы жағдайда ғана бағдарламалық ойлау стилі мектепте
қалыптасатын ғылыми білім, дағды және ептілік жүйесіне үйлесімді ене алады. Бұдан
кеш жас шамасында мұндай стильді қалыптастыруға кездейсоқ қалыптасқан әдеттер мен
ұғымдар қиындық тудырып, бұл үрдісті тежеуі ықтимал» – деп айтқан болатын [9].
Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бүкіл орта мектептерде
оқытуды үздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз
етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша, логикалық ойлау құрылымдарының
дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады, оны қалыптастыруға кешіксе, баланың ойлау
қабілеті соңына дейін жеткізілмей, бұдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал.
Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау
нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами түседі. Балалардың ойлау қабілетін
қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бұны мұғалім сабақты жоспарлау және
өткізу кезінде ұмытпаған жөн. Сондықтан информатиканы оқыту барысында ойлау
қабілетін, сондай-ақ компьютермен жұмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек.
Информатика пәнінің пропедевтиқалық курсын бастауыш сыныптан бастап
оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп
отыр. Ғалымдардың, практик–мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш
сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін
қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Информатика пәні баланың техника кұлағында ойнап отырған өз
замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік
негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал-
жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары
жаңаруда.
Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты
мен міндеттері
Білім берудің тиімділігін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор оқытудағы
үздіксіздік
пен
бірізділік
болып табылады. Мұндағы үздіксіздікті жалпы білім беру
барысындағы бірінен-біріне жалғасып отыратын, әрбір уақыт үзігінде оқушылардың
тұрақты, объективті және субъективті алға басуын қамтамасыз ететін мақсаттар жүйесі
деп түсінген жөн. Бірізділік деп білім берудің әртүрлі кезеңдері мен үлгілері
арасындағы үздіксіздікті атайды.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін өзара
үйлестіре отырып, информатиканы оқытудың екі аспектісін бөліп айтуға болады,
олар:
технологиялық
және
жалпы білім беру
аспектілері.
Технологиялық
жағдайда информатика білім беру әлеуетін қалыптастыру құралы
ретінде қаралады. Оның міндеті –оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды
қолдану ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осы міндетті жүзеге асыру үшін
мектептерді компьютерлермен және бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Бұған
жоғары сыныптарда оқытқан жөн.
Жалпы білім беру
жағдайында информатика логикалық ойлауды дамыту, талдай
білу, негізгісі мен қатыстысын айыра білу, әрекет жоспарын сипаттай алу және
логикалық қорытынды шығару құралы ретінде қаралады. Осы міндеттерді жүзеге
асыру үшін мектепте компьютердің болуы міндетті емес, сондықтан мұндай оқыту
курсын кез келген мектепте, кез келген шалғай жатқан қалашықта, кез келген ауылда
өткізуге болады.
Бекіту сұрақтары:
1.Информатиканың пропедевтикалық курсын оқыту әдістемесі?
2.
Бастауыш сыныптарда балалардың дамуына АКТ-ны қолданудың негізгі
бағыттарын ата?.
3.
Бастауыш мектептегі информатика және информатика сабақтарының
ерекшеліктері қандай?
Әдебиет
: [1],[2-3],[4],[5],[6].
Достарыңызбен бөлісу: