Моральдық сезімдер
дегеніміз - қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не
лайық еместігін сезінген көніл - күйі. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те атайды.
«Мораль» - «морале» деген француз сөзі. Мағынаса - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның
тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы
таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік еезім көрініеінен байқалып
тұрады.
Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі - олардың әсерлілігі яғни, айқын көрінетін стеникалық
сипаты. Олар ойда және тебіреністерде ғана емес, сондай-ақ адам өзінің барлық күші мен
энергиясын жұмсайтын белсенді әрекетте де жүзеге асады. Гуманистік және демократия үстемдік
ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық
қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет,
кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың,
этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |