үйлесiмдi қатынастар
өмiр-де сирек кездеседi, сондықтан мұндай
қатынастарды адамдардың мәнгi арман еткен мұраты ретiнде қарастырған жөн. Бұл қатынастар
типiне тұрмыста кезiгетiн "сүйiс-пеншiлiк" қатынасты жатқызуға болады. Егер бiр адамның
екiншiсiне психологиялық тартымы болса, бiрiн бiрi адамгершiлiк сезiммен қабылдаса, екiншi
адамға қолы-нан келген жақсылығын аямаса, мiне мұндай қатынасты - үйлесiмдi қатынас деп
бағалау әбден жарасымды.
Қарама-қарсылықты қатынастар
негiзiнде толық үйлесiм болмағанымен, оған қатысқан
адамдар бiр-бiрi-нiң әрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi. Бiрде келiссе, бiрде қарсы тұрып,
алға қойған мақсатқа жетуi жо-лында қажеттi қатынасын үзбейдi. Қатынас түгелдей елемеу мен
дау-дамайға бармайды.
2. Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнуi
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бiрiн-бiрi қабылдай алуы,
түсiнуi және бағалауына байланысты, яғни тiлдесу нәтижесiнде бiр адамның екiншiсiнiң образы
(кейпi) жөнiнде топшылаған ой-пiкiрi. Екiншi адамның тұлғалық образын оның сырт пiшiнi мен
психологиясын және әрекет-қылығын байла-ныстыра, салыстырып тануға болады. Ал
психологиялық бейне (кейiп) әр адамның қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен,
әрқандай өмiрлiк жағдайлар-дағы көңiл-күй толғаныстары мен әрекеттерiнен көрiнедi. Бұлардың
бәрi "Ат кiсiнесiп, адам сөйлесiп" дегендей әңгiмелесу барысында назарға алынып, санада
жiктелiп, бекидi де адамның жеке, нақты бағасын беруге негiз бо-лады.
Бөгде адамның бейнесiн қалыптастыру арқылы бiз оған болған қатынасымыздың сипатын
айқындаймыз, оның даралық ерекшелiктерiн тануға мүмкiндiк аламыз. Адамды жөнiмен танып,
дұрыс бағасын берiп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен мотивтерiн айқындап, ол
тарапынан болып қалар жауапты әрекеттердi күнi бұрын бол-жастыра, бiз бұлардың бәрiн өз
қажеттiктерiмiз және мүд-делерiмiзбен салыстырамыз, әңгiмелесудiң қолайлы жол-дарын
болжастырамыз, осы арқылы екi тарапқа да ортақ ниеттердi табумен тұлғалар арасындағы
қызметтiк қаты-настарға кiрiсемiз. Сонымен, қызықтырған адамның мiнез бiтiстерiн бiлiп алып,
ендi оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, бiз
таңдаған әрекет-қылық түрi ол адамның даралық қа-сиеттерiне сәйкес болғаны жөн. Осының
нәтижесiнде екi адам ортасында толық өзара түсiнiм, жайлы да берiк ара-лық қатынастар
орнығады.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, бiз оның нақты көңiл-күйiне сәйкес
қарым-қатынас-ты дамытып, тереңдете түсуге мүмкiндiк аламыз және өзiмiздiң, оның және
төңiрегiндегiлердiң мүдделерiне орай ол адамға тиiмдi психологиялық ықпал етудiң жолдарын
iздестiрiп, пайдаланамыз. Егер бiз қатысқан адамдары-мыздың әртүрлi тұрмыстық жағдайлардағы
әрекет-қылығын күнi бұрын болжастыра алсақ, оның мiнез-құлы-ғын қажеттi бағытта басқаруға
және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесi жөнiнде бiз оның дене құрылымы, психологиялық және
қылық-әрекеттiк бел-гiлерi бойынша топшылаймыз. Бұл белгiлер адамның сырт көрiнiсiнен,
киiмiнен, әрекет-қылығынан, сөзiнен, бет әлпетi мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт
көрiнiсi мен психологиялық бейнесi арасында тiкелей де толық бай-ланыс болмағанымен,
бұлардың екеуi қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөнiндегi бiздiң бi-рiншi
пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам
мiнезi мен дене құрылысының өзара байланысты екенiн дәлелдеген (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.).
Дене құрылымы ерекше бiтiске ие болған адамдар, мiнезi жағынан да өз-ара ұқсамас. Осы
тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады:
Достарыңызбен бөлісу: |