Субъектив қателiктiң мәнi:
нақты кезеңдегi өзiнiң психологиялық кейпiне назар салмастан,
адам нақты көрiп тұрғаны мен естiгенiне сенiп қалады, ал көз бен құлақ қабылдауы әрқашан
адамның жеке көңiл-күйiнiң жағ-дайына тәуелдi. Қандай да адамды қабылдауымыз бiздiң өзiмiздiң
сол мезеттегi жан толғанысымыз, көңiл шарпу-ымыз бен қажетсiнуiмiзге байланысты келедi. Осы
тұрғыдан адам бағалауда өз сезiмiң мен пiкiр пайымдауыңа да толығымен сене беруге болмайды.
Ситуативтiк қателiк мәнi:
басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау
процесiнiң қандай жағдайда өтiп жатқанын ескермеуi және сол жағдайдың оның өзiнiң әрекет-
қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етiп жатқанын байқамауы мүм-кiн.
Ал адам өзiнiң бақылау астында екенiн сезсе, өзiнiң әдеттегi, қалыпты қылықтарын бұрмалап
көрсетуге тырысады. Бақылаушының өзi де нақты жағдайларға орай өз әрекетiнiң формасын
өзгертедi. Мысалы, дәрiгердiң сыр-қатты өзiнiң қызмет кабинетiнде қабылдауы мен сол адамды
кездейсоқ көшеде не демалыс орнында кездестiрiп, тануы үлкен өзгешелiктерге ие. Осыдан
психоло-гиялық образ қалыптастыру процесiне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендiрiп
тұрған шеп болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |