13-14 апта
№ 9 Тақырыбы:
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-
құлық моделдері
Жоспар:
1. Тұлғааралық шиеленіс
2.Әлеуметтік шиеленістер туралы түсінік
Тұлғааралық шиеленіс – проблемді-қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты, құндылық
және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарымқатынас жүргізуге тырысады немесе
қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа түсуші бір топ
немесе жақ жетістікке жетеді .
Еңбек ұжымының психологиялық климатына қақтығыстың әсер етуі деструктивтіге бөледі,
мүнда өзара қарым – қатынас іштей бөлінеді және бұзушы қақтығысқа өтеді, дискомфорт және
санасу.
Қақтығысты жағдайдың ішкі және сыртқы себептерінің сипаттамасына тоқталайық.
Сыртқы себептер: іскерлік және өзара тұлғааралық келіспеулер, жұмыстағы қателіктер, жұмыс
тәртібі мен келісім негізін бұзу.
Ішкі себептер: жағымсыз эмоцианалды және өзара қатынастың арасындағы байланыс.
Қақтығыста эмоцияны басқару. Қақтығыстан шығудың психологиялық ерекшеліктері.
Қақтығысты басқару - болжау , ескерту, жою, реттеу. Қақтығыстың өзара қарым-қатынасты
бұзуы және зардаптарының себептері.
Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну, обьектілендіру-
проблемалық жағдайдың пайда болу шарттарының бірі екенін, С.Л. Рубинштейннің айтуынша,
мұның өзі ойдың пайда болуы мен алға жүруінің алғышарты мен негізі болып табылытынын
есепке ала отырып , ол педагогикалық психологияда адамның интеллектуалдық іс-әрекетін
белсендіру факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері мен құралдарын
табуды ынталандыру факторы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты
педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың позитивті және негативті
функцияларын бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |