75
куәлік алудың қажеті жоқ», - деп жауап берген. Шын мәнінде де Абылай ханның тұсында
қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз
мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады.
Сондықтан, Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойып, шауып тастағаннан
бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға
тырысты. Қытай империясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап
алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген Абылай хан онымен
бейбіт келісімге келіп, сауда–саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған.
Қытаймен бейбіт қарым–қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси
және экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына
бекіністер, қамал–қалалар салып, оларды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда
және де Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тиім
салу жөніндегі жарлықтарын шығарғанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай,
мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып
алу саясатының құрбаны болу қаупі тұрғанын сезді.
XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып,
мал-жандарын айдап әкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып,
қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай әскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы –
Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын,
Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті
бағындырады, оны алым–салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «… өзі әулет басы
ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781
жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді Ш.
Уәлиханов.
Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі
тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс
құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да
Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын
жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін
еліміздің тұтастығы ыдырап,
Қазақстан тәуелсіздігінен айырыла бастады.
Абылай хан күйші де болған. Оның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір
құбылыстарына арналған және де ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын
сипаттайды. Абылай ханның күйлері туралы Ш. Уәлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым–
зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Қайран
елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы», «Қара жорға» т.б. «Бұл күйлердің бәрі күні осы
уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді
Ш.Уәлиханов.
Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен
бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті
қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға
алды. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды.
Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде
ақыл–айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би,
Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы
Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау,
Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында аса зор
беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай
арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Абылай деген ат тәуелсіздік,
бостандық, бірлік, ерлік, азаматтық, мемлекеттік тәрізді ұғымдармен бірге айтылатын
болды.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша
өкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж.