«Crede Experto: транспорт, общество, образование, язык» международный информационно-аналитический журнал



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.12.2021
өлшемі311,58 Kb.
#107234
1   2   3   4   5
Байланысты:
esimova

Esimova Zhuldyz Dapenovna 

Almaty, Kazakhstan

 

DEATH-RELATED CULTURAL VOCABULARY 

The  words  and  phrases  used  for  describing  customs,  traditions  and  the  Kazakh 

people philosophy are studied in the article. The author discusses their importance for 

the national culture. 

Key  words:

  national  customs,  material  cultural  units,  lingvoculturology, 

lingvocultural unit 

 

 



Бүгінгі  таңдағы  ғаламдық  ӛркениет  аясындағы  жаһандану  үдерісіне 

байланысты  тіл біліміндегі зерттеулер бағытының ауқымды да интеграциялық 

сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың мәні зор. Кез келген 

тілді  ұлт  тілі  арқылы  зерттейтін  лингвомәдениеттану  саласы.  Жалпы  тіл 

білімінде  лингвомәдениеттану  ғылымы  тілді  зерттеудің  бір  саласы  ретінде 



 

 

кейінгі  кезеңдерде  қалыптасқан.  Тіл  –  лингвистикалық  аспекті.  Ал  тілдегі 



мәдениеттің  әртүрлі  кӛріністері  мен  қызметін  мәдениеттану  зерттейтіндіктен, 

лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен ХХ ғасырдың 

90  жылдарында  ӛз  алдына  жеке  жаңа  бағыт  пайда  болды,  бұл  бағыт 

Э. Бенвенист,  В. Н. Шаклеин,  В. А. Маслова  және  т. б.  ғалымдардың 

еңбектеріне байланысты «лингвомәдениеттану» деген атқа ие болды. 

Кез келген ұлт дүниетанымы, ұлттық болмыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе 

жатқан, ғасырлар бойы жасаған ұлттық мәдениеті оның тілінде кӛрініс табады. 

Ұлттық  мәдениеттің  тірегі  тілде.  Тіл  –  дүниетаным  құралы.  «Тілде  халықтың 

бүкіл тыныс-тіршілігі, оның шын мәндегі (табиғи) болмысы мен дүниетанымы 

сақталған»  [Әмірбекова,  2006,  22 б.].  Тіл –  мәдениет  айнасы.  Онда  ұлттық 

таным,  ұлт  менталитеті,  ұлттық  мінез,  ӛмір  салты,  әдеп-ғұрпы,  құндылықтар 

жүйесі,  дүниеге  кӛзқарасы,  түйсігі,  сана-сезімі  кӛрініс  табады.  Сондықтан 

қазіргі  таңда  ұлттық  тіл  мен  ұлттық  мәдениетті  байланыстыра  зерттейтін  тіл 

білімінің лингвомәдениеттану деп аталатын саласы кең қанат жайып отырғаны 

жайлы  зерттеуіміздің  алдыңғы  тарушасында  сӛз  етілген  болатын.  Тіл  мен 

мәдениет сабақтастығы, тілдің танымдық тұрғыда зерттелуі тіл білімінің ӛзекті 

салаларының  бірі  ретінде  қарастырылуда  (В. Фон Гумбольдт,  В .Н. Телия, 

А. Вежбицкая,  В. Воробьѐв,  В. Маслова,  Н. Д. Арутюнова,  Д.

 

С. Лихачѐв, 



Ә. Қайдар,  Е. Жанпейісов,  Н. Уәли,  Ж. Манкеева,  Г. Смағұлова,  А. Сейілхан, 

А. Ислам т. б.). Орыс ғалымы В.А.Маслова тіл білімінің бұл саласына былайша 

анықтама  береді: 

«Лингвокультурология  –  это  наука,  возникшая  на  стыке 

лингвистики  и  культурологии  и  исследующая  проявления  культуры  народа, 

которые отразились и закрепились в языке» [

Воробьев, 1997

, 28 б.].

 

 

Лингвомәдениеттану  ұлттық  тіл  деректерінің  бойынан  мәдени  нышанды 

тауып,  қарастырып,  сол  атаудың  ұлт  мәдениетіндегі  ӛзіндік  ерекшелігін 

танытуға  кӛбірек  бағыт  бұрады.  Осы  саланың  негізгі  ұғымдарының  бірі – 

лингвокультурема 

(лингвомәдени 

бірліктер). 

«В. В. Воробьѐв 

―лингвокультурема‖  терминін  енгізе  отырып,  мынадай  анықтама  ұсынады: 

―лингвокультурема‖ —  комплексная  межуровневая  единица,  форму  которой 




 

 

составляет  единство  знака  и  языкового  значения,  а  содержание —  единство 



языкового  значения  и  культурного  смысла»  [Маслова,  2004,  44 б.].  Демек, 

лингвокультурема - ұлт мәдениетінен хабардар етер ұлт тілінде кӛрінетін тілдік 

бірліктер.  «Мәтінде  немесе  қарым-қатынас  барысында  кӛрініс  табатын 

лингвокультурема –  ұлттың  ӛзіне  тән  болмысы  мен  әдет-ғұрпына,  әлеуметтік 

ӛмірі  мен  тұрмыс-тіршілігіне  сай  уәжделген  мәдени  әрекеттер  мен 

ситуациялардың  негізінде  бейнеленген  атауыш  таңба  (зат,  бұйым,  ұлттық 

қажеттілік  атауы  мен  мәдени  кӛріністі  сипаттайтын  ситуациялар  атауы)» 

[Манкеева,  1997,  20  б.].  Осыған  орай  біздің  жұмысымызда  қазаға  қатысты 

жасалатын 

жоралғыларды 

лингвомәдениеттанымдық 

жағынан 


талдау 

барысында лингвомәдени бірліктерге (лингвокультурема) баса мән берілді. 

Лингвомәдени  бірліктер  немесе  лингвокультуремалар  әр  түрлі  салалы 

сӛздердің  топтарынан  кӛрінеді.  Ұлттық  салт-дәстүр,  жӛн-жоралғы,  ұлттық 

кӛзқарастар,  ұлттық  болмыс,  бір  сӛзбен  айтқанда  ұлттық  мәдениетті,  ұлттық 

мінезді білдіретін сӛз және сӛз тіркестері.  

Салт-дәстүрлер –  рухани  мәдениеттің  негізгі  аспектісі.  «Ол  –  ұлтты 

рухтандырып,  оның  ішкі,  сыртқы  келбетін  ӛрнектеп,  кӛрсетіп  тұратын 

сипаттарының  бірі.  Оның  негізгі  бір  сипаты  –  оның  тұрақтылығы.  Ол 

оңайлықпен  ӛзгере  салмайды,  тіл  арқылы  ол  ұрпақтан-ұрпаққа  беріледі.  Сол 

арқылы ұлт ӛмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі» [Манкеева, 

1997, 5 б.].  

Осыған  орай  қазаға  байланысты  қолданылатын  лингвомәдени  бірліктердің 

ұлттық  салт-дәстүр,  заттық  мәдениет  бірліктері

  (киім-кешек,  ыдыс-аяқ, 

қару-жарақ,  аспап,  үй  жабдықтары,  мал  шаруашылығына  қатысты  заттар)  деп 

аталатын екі түріне айырықша тоқталып, тӛмендегіше топтастырдық:  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет