«Crede Experto: транспорт, общество, образование, язык» международный информационно-аналитический журнал


Қазаға байланысты  қолданылатын ұлттық  салт-дәстүр  лингвомәдени



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.12.2021
өлшемі311,58 Kb.
#107234
1   2   3   4   5
Байланысты:
esimova

Қазаға байланысты  қолданылатын ұлттық  салт-дәстүр  лингвомәдени 

бірліктері: 

 

Бидай  шашу

 –  ӛлікті  үйден  шығарған  соң  оның  аруланған  орынына  бидай 

шашып  тазалау  ғұрпы  болған.  Оның  мәні –  арты  ӛсіп-ӛнсін,  ұрпақтары  кӛп 

болсын  деген  мағынаға  саяды.  Сондай-ақ  қазақ  дүниетанымында  ӛлген 



 

 

адамның орнын жаңа ұрпақ басады, ӛлім  – ӛсіп-ӛнуге, жаңа ӛмірдің кӛктеуіне 



себепкер болады деген ұғым қалыптасқан. 

Шырақ жағу – 

ӛлікті үйден шығарған соң оның аруланған орынына шырақ 

жағылады.  Мұның  мәнісі  де  шырағы  сӛнбесін,  ошағы  ӛшпесін,  ұрпақтары 

жалғастырсын деген мағынада қолданылып келеді. 



От қойып арулау

 – Ӛлік шыққан үйді дереу басқа жерге ауыстырып, ӛлікті 

шығарған,  оның  денесі  жуылған  жерді  тазалап,  от  қойып  арулайды.  Ол  жерді 

қазып,  үстіне  топырақ,  тас  үйіп  кішігірім  оба  жасайды  да,  оны  адам,  мал 

баспауын  жіті  қадағалайды.  Халық  түсінігінде  мұндай  жерді  адам,  мал  басса 

әртүрлі  ауыруларға  ұшырайды  деген  сенім  орнаған.  Сондықтан  ол  жерді  от 

қойып арулайды, бұл жерді «арулаған жер» деп атаған. 

Қоштасу айту – 

ерте кезде ӛлген адамды атымен қоса жерлесе, кейін аттың 

құйрығын кесіп, тұлдап, асына соятын болған. Тұлданған ат асқа сойылар кезде 

туыстары аттың жалын құшып «қоштасу» айтқан. 



Ақ  киізге  орау

  –  ӛлікті  мүрдеге  қазақтар  ақ  киізге  орап,  кілемге  салып 

апаратын  болған.  Сондай-ақ  ӛлікті  бӛлек  киіз  үйден  шығаруы  да  ,  кейіннен 

мола тұрғызатыны белгілі. 



Ала жіп ұстау

  –  ӛлікті  жӛнелту  кезінде  ала  жіпті  ұстап  отырып  о  дүниеге 

аттанаған  адамның  бар  күнәсін  ӛзіне  қабылдау  дәстүрі.  Мәйіттің  үстіне 

артылған ала арқанды абыз айналдыра отырып: « Ала жіп, ала жіп, бұл кісінің 

бар  жазығын  ала  біт», –  деп  жіптің  ұшын  ӛлген  адамның  күнәсін  кӛтеретін 

адамға  ұстататын  болған.  Ала  жіп  арқылы  екінші  адам  күнәні  ӛзіне  қабылдау 

рәсімін жасаған [Қайдаров, 1985, 111 б.]  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет