VІІ. Үй тапсырмасы. 124-жаттығу.
Берілген етістіктерден мақсатты
келер шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар.
Үлгі
: Шаш – шашпақ; Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ (Абай).
Шаш. Оқы. Сөйле. Қайт.
50
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқыту әдісі ең алғаш педагог сапасында ісшеңдіктің жалпы жоспары
тәрізді пайда болады. Бұл жоспар практикада оқытушы және оқушы
ісшеңдігінің өзара тұтасуында, оқыту және оқудың анық әрекеттері, амалдар
немесе әдістер жинағы сыпатында көрсетіледі. Методтың басқа белгілі болу
сызылмалары жоқ, себебі жалпы оқыту методының өзінде ісшеңдіктің
дидактик моделін жаратады.
Педагогик басылымдарда оқыту әдістерін ісшең және пәс топарларға
ажырату жағдайлары бар. Егер әрбір белгіленген мақсатты шешуде өз
орында жұмсалса, әрине күмән жоқ, ісшең болып есептеледі. Педагогикалық
технологиялар да сабақта оқушы (студенттер) ісшеңдігінің жоқары дәрежесін
қамтамасыз ету мақсатында алдынан белгіленген мақсетке ерісуге
қаратылады.
Қазақ тілі сабағының құрамы қандай болу керек
Қазақ тілінен өтілетін сабақтың негізгі топтар сабақ құрылымдары
элементтерінің жиынтығы болып табылады. Сабақтың бұл құрылымдық
элементтері әр түрлі әдістемелік жүйе бойынша іске асырылады. Сабақтың
құрылымдық элементтері тәлім-тәрбие берудің мақсатына, материалдың
өтілу тәртібіне, өзіндік белгілерінің санына, оқушының дайындық дәрежесіне
қарай отырады. Мұғалім әр сабақтың құрылымдық элементтерін түрліше
бағытта іске асырады.
Шебер мұғалімдер әр сабақтың құрылымдық элементтерін түрлі
бағытта іске асырады. Жаңа сабақты сыныпта меңгертіп, үй тапсырмасын
бермеу мақсатында сабақтың құрылымдық элементтерін төмендегі жүйемен
алып барады. Өткен материалды еске түсіре отырып, жаңа материалды жан-
жақты
меңгертеді.
Оқулықтағы
материалдар
оқушыларға
дауыстап
оқытылады. Сонан соң жаңа материалға сай жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылардың түсініп, меңгеруінің мөлшерін есептей отырып, нәтиже берсе,
51
үй жұмысын орындамауға болады. Осы тәрізді сабақты біріккен сабақ
түрімен де іске асыруға болады.
Қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтері
1. Өткенді еске түсіру.
2. Тақырыптың көлемі мен жүйесін түсіндіру.
3. Бекіту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстары.
4. Үй тапсырмасын беру.
5. Үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді сұрау
6. Оқушылар жұмысына барлау жасау
7. Оқушылар еңбегін бағалау.
Сабақтың бұл тәрізді құрылымдық элементтері істелетін жұмыстың
мақсатына, материалдық көлемі мен жүйесіне қарай жүзеге асырылады.
Қазіргі педтехнология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді,
ұтымды жақтарын таңдап алуды қажет етіп отыр, сондықтан үнемі жетілдіру,
дамыту, толықтыру сабақ сапасын арттырады, оқушыны да, ұстазды да
шығармашылыққа жетелейді.
Мысалы, жаңа материалдың өзіндік белгілері ауырлау болған кезде,
мұғалім оларды түрлендіріп, оқушыларды өз бетінше іздендіріп, дамытып
орындауға жұмылдырады.
Жазба жұмыстарын жүргізу, түрлі талдау жұмыстарын жүргізу және
дидактикалық материалдармен жұмыс істеу барысында түрліше уақытта, әр
түрлі жұмыс тәртібін және түрлі әдістер мен тәсілдер жүйесін пайдалануды
керек етеді. Сабақты тиімді де құнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де
жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік
жасайды.
Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін
оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді
қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру
қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау,
оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып
52
мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді
заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды
мәселе болып келгені даусыз.
Сонымен жұмыста етістіктің шақ категориясының анықтамасы, жасалу
жолдары, зерттеушілер және жаңа интерактивті технология негізінде сабақ
өту жолдары жайлы сөз етілді.
Кіріспеде зерттеліп отырған жұмысымыздың мақсаты мен міндеттері,
зерттеу объектісі, жаңа педагогикалық технологияның сабақтағы тиімділігі,
маңызы, ерекшелігі, тіл біліміндегі орны, қолданылу аясын көрсеттік.
Бірінші тарауда етістіктің шақ категориясының есімше және көсемше
формалары арқылы үш шақта жасалу жолдары, олардың түрлері, оның өзіне
тән болған белгілері, өзгешеліктері теориялық мәліметтерді көрсетілді.
Етістіктің шақ категориясы жайлы зерттеушілер А. Хасенова, А. Қалыбаева,
И. Маманов, А. Ысқақовтың пікірлері көрсетіліп берілді.
Екінші тарауда сабақ өтудің жаңа интерактив әдістері, жаңаша сабақ
өту жолдары жайлы сөз етілді. Қазіргі таңдағы заманагөй технологиялардың
әдістерінен пайдаланып сабақ өту жолдары көрсетілді.
Шақ категориясын өтуде ұстаздың түрлі әдісті қолдана отырып сабақ
өту жолдары ізбе-ізділігі сараланып берілді. Бұл әдістерде оқушыларға
теориялық білімді толық түсіндіріп болғаннан кейін, оларды жаттығулар,
тест тапсырмалары арқылы бақылау үлгілері көрсетіліп берілді.
Шақтың үш түрі бар екендігіне байланысты топардағы оқушыларға сол
шақ түрлеріне арналған дамыта оқыту сабақ жүйесі көрсетілді. Бұнда
тапсырмалар шақ түрлеріне байланысты сұрақтарға әрбір топтың оқушысы
жауап беріп, білімдері сыналды. Теориялық сұрақтармен қатар шақ түрлеріне
байланысты Абай өлеңдерінен мысалдар тауып, жаттығулар орындалды.
Етістіктің
шақ
категориясын
оқытудағы
жаңа
педагогикалық
технологияға сай деңгейіне қарай дамыта оқыту әдісінен пайдалана отырып
жарыс сабақ жолдары көрсетілді. Ең алдымен интерактивті әдістердің не
екендігіне, соның ішінде оқулық элементіне түсінік беріліп, одан соң оның
53
орындалу кезеңдері көрсетілді. Бұнда семантикалық карта, инсерт жүйесі,
деңгейлік тапсырмалар, т.б. жаңаша сабақ өту жолдары көрсетілді.
Шақ категориясы төмендегідей үш түрге бөлінеді: осы шақ, келер шақ,
өткен шақ. Сабақты өту арқылы оқушы ұғымына жеткере білу жолдары
көрсетілді. Үй тапсырмасына тірек сызбалар әдісін қолдана отырып
пысықтау жасатамыз. Сыныпта тақырыпты түсіндіру барысында берілген
мәтіннен,
мақал-мәтелдерден
шақ
түрлерін
таптырамыз.
Қалаған
тақырыптарына шақ түрлерін қатыстыра ой-толғау жазуды тапсырма етіп
береміз.
Сергіту кезеңінен соң оқушылардың теориялық білімдерін толық
тексеру мақсатында шақ түрлеріне байланысты мысалдар орындатамыз.
Осылайша тақырыпқа байланыстыра отырып жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен
пайдаланып, айтар ойымызды оқушылармен бірлесе отырып шешіп отырсақ,
сабақтың құны артады.
Қорыта айтқанда, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық
технологияны меңгеруге таярлау – мұғалімнің кәсіби білімін көтеруге
таярлау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру
үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Каримов И.А. Жоқары мәнаўият жеңилмес күш. Ташкент. 2008.
2. Аханов К. Грамматика теорияларының негіздері.– Алматы. 1972.
3. Ахметов А.К. Принципы технологии и содержание образовательной
программы. Алматы.1995.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы. 1992
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер.– Алматы. 1999.
6. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.– А. 1998.
7. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы. 2007.
8. Қазақ грамматикасы. Фонетика,сөзжасам, морфология, синтаксис. А. 2002.
9. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. – Алматы. 2003.
10. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі– Алматы. 1989.
11. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. –
Алматы. 1986.
12. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. Алматы. 1986.
13. Мергенбаев Е. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Нөкіс. 1990.
14. Мергенбаев Е. Қазақ тіліндегі сөз-өзгерім жүйесі.– Алматы. 1994.
15. Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С. Қазақ тiлi. Алматы. 2004
16. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық
форманттары.– Алматы. 1975.
17. Томанов М. Қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы (фон. морф.) А. 1991
18. Төлеуов А. Сөз таптары. Алматы. 1984.
19. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.Алматы. 1984.
20. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
21. www. pedagog. Uz
22. www. ziyonet. Uz
23. www. edu. uz
55
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе................................................................................................................... 5
І ТАРАУ. Етістік сөз табын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері
1.1 Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері............................... 9
1.2. Етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер...............................................................12
ІІ ТАРАУ. Етістіктің грамматикалық категорияларын интерактивті жүйемен
оқыту
2.1. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы көсемшені оқыту……….. 31
2.2. Шақ категориясының түрлерін оқытудағы жаңаша әдістер......................44
Қорытынды .......................................................................................................... 50
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................... 54
Достарыңызбен бөлісу: |