Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уәзірлігі әжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата04.01.2022
өлшемі459,31 Kb.
#109199
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary

Көсемше 

 

      Сөйлемде баяндауыш,                                            көсемше тек 



      пысықтауы, анықтауыш,                                        қана жіктеледі. 

      толықтауыш болады. 

 Көсемшенің  есімшеден  айырмашылығын  венн-диаграммасы  арқылы 

салыстыруға болады. 

 

Венн диаграммасы 



 

 

             



Көсемше 

жіктеледі,сөлемде 

баяндауыш, 

пысықтауыш, 

анықтауыш болады. 

Етістіктің 

категориясы сөз 

тіркесін жасауға 

қатысады. 

Есімше  

көптеледі, септеледі, 

жіктеледі. Сөйлемде 

баяндауыш, 

бастауыш, 

пысықтауыш, 

анықтауыш болады. 



 

42 


 

 

ІІ Мағынаны тану.      Кітаппен жұмыс. 



жаттығу.  Мақал-мәтелдерден  көсемшені  тауып,  олардың  қай  жақта 

жіктеліп  тұрғанын  айтыңдар  және  тұлғалық  талдау  жасап,  сөйлемнің  қай 

мүшесі екенін анықтаңдар. 

1.

 



Дұшпан күлдіріп айтады, 

     Дос жылатып айтады. 

2.

 

Досы көпті жау алмайды, 



     Ақылы көпті дау алмайды. 

3.

 



Асқар тау алыстан көрінеді. 

4.

 



Сын түзелмей, мін түзелмейді. 

5.

 



Ат баспаймын деген жерін үш басар, 

     Ер татпаймын деген дәмін үш татар. 

6.

 

Ақылды адам айтқызбай біледі, 



     Ақсұңқар қаққызбай іледі. 

7.

 



Адамды түсіне қарап таныма, ісіне қарап таны. 

Осы  мақалдарды  екі  түрлі  түсіндірме  күнделігі  стратегиясы  арқылы 

кестеге  толтырып  жазуға  болады.  1  бағанға  ұнайтын  сөздер,  2-ге  неліктен 

ұнағаны туралы өз пікірі. 

Ұнаған мақал-мәтелдер 

Неліктен ұнады? 

Асқар тау алыстан көрінеді 

Бұл  мақалда  үлкен  нәрсенің,  ұлы 

нәрсенің  аты,  даңқы  барлық  жер  жүзіне 

жайылатынын,  оның  өзін  көрмесе  де, 

атағын  алыстан  ел  еститінін,  тау  алыстаған 

сайын  биіктей  түседі  деген  нәрсемен 

алмастыруға болады. 



 

43 


Джик-со 

стратегиясы 

бойынша 

жаттығуды 

орындау. 

Шарты: 


Оқушыларды  үш  топқа  үш-үштен  бөліп  алып,  мәтінді  де  үш  топқа  бөліп 

беремін.  әр  топ  өз  бөлігімен  танысып,  қайтадан  өз  жанұяларына  келеді  де, 

сол  бөліктерді  айтып  береді.  Сол  кезде  барлық  оқушы  мәтінмен  жете  таныс 

болады. 


1.

 

Қазақтар  ертеден  көшіп-қонып  мал  шаруашылығымен  айналысқан. 



Қазақстанның  оңтүстігіндегі  халықтар  диқаншы  әрі  өте  атқұмар  болған. 

Қазақтар  «киіз  үй»  деп  аталынатын  жер  беті  іспетті  дөңгелек  келген, 

шаңырағы  мен  керегелері  ағаштан  жасалып,  сыртынан  киізбен  қапталған 

үйлерде  тұрған.  Қазақ  үйінің  ішіндегі  сандық,  домбыра,  әр  түрлі 

шаруашылыққа  қажетті  заттар  қазақ  халқының  қазынасы,  өнері  болып 

есептеледі.  Әр  заттың  өзіндік  ерекше  орны,    мәні  бар.  Күнделікті 

пайдаланылатын заттар ағаш, жүн, тері және сүйектен жасалған. 

2.

 



Бозбалалар мен атқұмарлар жүйрік, сұлу атқа құмар болған. Аттарды 

ерекше  салтанатпен  әсемдеп,  баптап  мінген.  Аттың  ер-тоқымын  нағыз 

жтеріден  ежелгі  қазақтың  дәстүрі  бойынша  әсемдеп  жасаған.  Әйелдер  ер-

тоқымы  тіпті  шебер  зергерлікпен  әшекейлеп,  жасалынған.  Қазақ  зергерлері 

мен  шеберлерінің  талғамы  өте  жоғары  болған.  Зергерлер  күмістен  әр  түрлі 

бағалы  әсемдік  заттар  жасаған,  олар  ғасырлардан-ғасырларға  мұра  болып 

жеткен.  

3.

 



Қазір  қазақтар  мықты  салынған  үйлерде  тұрады.  Бірақ  бұрынғыдай 

тамаша шабандоздар, дала төсі әрдайым аттарға толы. Қазақтың көркем өнері 

өшкен жоқ, ғасырлардан ғасырларға нығайып, өсіп, көркейіп келеді.  

 Көсемшелер  сөйлемнің  қай  мүшесі  екенін  талдап,  тұлғалық  талдау 

жасаңдар. 

ІІІ  Ой  толғаныс.  Оқушыларға  «Қазақ»  деген  тақырыпта  шағын  эссе 

жазғызамын.Эсседе көсемшелер қатыстырылуы керек. 



 

44 


Үйге  тапсырма:  Үйде  көсемше  қатыстырылған  ұлт,  халық  туралы 

қанатты сөз жазып келу. Оған синтаксистік талдау жасату. 

Бағалау.  Сабаққа белсене қатысқандарды бағалау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет