36
енгізу;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – дамыта оқыту
жүйесінің барлық қағидаларын ескереді. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету
үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1.
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2.
Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.
Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5.
Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға
айналдырмау.
6.
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді,
дәйекті болуын талап ету.
7.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылар осыған байланысты:
-
сенімділікпен жұмыс жасау;
-
бар ынтасымен оқуға берілу;
-
пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
-
өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
-
Мен көсемше туралы не ойлаймын?
-
Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрыңғы көсемше туралы
білетініме сәйкес пе?
-
Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
-
Маған бұл ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар
төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы көптеген
стратегиялардан тұрады. Бұл әдістердің өзіндік қолдану ерекшеліктері бар.
37
Сол әдістердің қайсысы көсемшені оқытуға тиімді екенін қарастырып
көрейік:
1. Кестелер стратегиясы.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстарды графикалық бейнелеу. Бұл
әдістің бірнеше тәсілі бар.
1. Синтез кесте.
Сабақтың «ой шақыру» кезеңінде мұғалім оқушыларға осы сабақта
өтілетін тақырыпты және қарастыратын сұрақтарды хабарлайды. Берілген
ақпарат бойынша оқушылар бүгін өтілетін тақырыппен /көсемшемен/ жұмыс
істеу барысында кездесуі мүмкін және осы тақырыптың мазмұнын ашады –
ау деген сөздермен мына кестенің 1-ші бағанын толтырады.
Көсемшенің
мазмұнын ашатын
негізгі сөздер
Негізгі сөздермен
байланысты фразалар
/Тақырыптан
көшірме/
Мен үшін бұл ой
неліктен маңызды.
Тақырыпты
өткенге дейін
1
2
3
Тақырыпты
өткеннен кейін
1
2
3
38
Кестенің қалған бағандарын «Көсемшемен» танысқаннан кейін
«Мағынаны тану» кезеңінде толтырады.
II. Екі түрлі түсініктеме күнделік стратегиясында оқушы тақырып
бойынша өз ойын жазбаша білдіреді.
Мынадай тапсырмаларды орындайды.
1/
Бұл тақырып бойынша маған не
белгілі еді?
Сабақтан мен қандай жаңа ақпарат
алдым?
2/
Ережеден үзінді
Үзінді туралы пікір
«Тақырыптан үзінді» бөліміне оқушы өзіне әсер еткен, ұнаған тұстарын
немесе керісінше қарсы пікір тудыратын, кейде келіспейтін тұстарын жазады.
Ал келесі бағанға оқушы – ережеден келтірген үзінді туралы өз пікірін
білдіреді, яғни ол тұс несімен әсер етті, нені еске түсіреді, жалпы себебін
түсіндіреді. Күнделік жазғаннан кейін жұпта талқылау, топпен ой бөлісу
жұмысын жүргізуге болады.
3/ Үш түрлі түсініктеме күнделігі
Ережеден үзінді
Осы үзінді маған
несімен ұнады?
Мұғалімге сұрақ
Бұл әдіс арқылы оқушы ережемен ғана емес, сонымен қатар, оқығаны
туралы мұғаліммен де бөліседі. Күнделікті жазу арқылы оқушы көсемшені
өзі меңгереді, өзі игеруге әрекет жасайды. Ережені оқи отыра, күнделіктің
нақты тапсырмаларын орындау нәтижесінде оқушының ойлау әрекеті
39
туындайды. Ол ережеден не үйренгенін және оған әсер еткен тұстарды,
әсердің себеп – салдарын түсіндіруге тырысады.
Мұғалім өз шеберлігіне қарай күнделіктің басқа түрлерін де
ұйымдастыруға болады. Күнделік жазу әдісін «Мағынаны тану», «Ой
толғаныс» кезеңдерінде қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: