Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уәзірлігі әжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік


ІІ ТАРАУ. Етістіктің грамматикалық категорияларын



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата04.01.2022
өлшемі459,31 Kb.
#109199
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary

ІІ ТАРАУ. Етістіктің грамматикалық категорияларын 

интерактивті жүйемен оқыту  

2.1. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы көсемшені оқыту 

 

Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып, 



әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  теориясы 

мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім 

беру  парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  жаңа  мазмұны  пайда  болуда.  Атап 

айтқанда: 

-

 

білім 



мазмұны 

жаңа 


біліктермен, 

ақпараттарды 

қабылдау 

қабілеттерінің 

дамуымен, 

ғылымдағы 

шығармашылық 

және 


нарық 

жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; 

-

 

ақпараттық  дәстүрлі  әдістері-ауызша  және  жазбаша,  телефон  немесе 



радиобайланыс  қазіргі  заманғы  компьютерлік  құралдарға  ығысып  орын 

беруде; 


-

 

баланың  жеке  басын  тәрбиелеуде,  оның  жан  дүниесінің  рухани 



баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде; 

-

 



мектеп,  отбасы  мен  қоршаған  әлеуметтік  ортаның  бала  тәрбиесіндегі 

рөліне мән берілуде. 

 

Оқыту  технологиясын  жетілдірудің  психологиялық-педагогикалық 



бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегісінше сипатталады: 

-

 



есте  сақтауға  негізделген  оқып  білім  алудан  бұрыңғы  меңгергендерді 

пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; 

-

 

білімнің  статистикалық  үлгісінен  ақыл-ой  әрекетінің  динамикалық 



құрылым жүйесіне көшу; 

-

 



оқушыға  орташа  деңгейде  білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп, 

саралап оқыту бағдарламасына көшу. 

 

Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру 



деңгейінің  жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы 


 

32 


сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен  анықтады.  Жалпы  қоғам  дамуы 

мен  жаңа  технологияны  енгізу  сапалығы  осы  елдегі  білім  беру  ісінің  жолға 

қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. 

 

Ал  білім  беру  саласындағы  технологиялық  идеялар  бұдан  400  жыл 



бұрын  пайда  болған.  Бұл  күнде  оқыту  технологиясы  үлкен  өзгеріске  душар 

болып  отыр.  Мұғалімдер  мен  оқушыларға  әр  түрлі  дидактикалық 

материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді. 

 

Оқыту  технологиясы  педагогикалық  әдістерге  негізделген.  1960 



жылдарда  шетел  зерттеушілері  «педагогикалық  технология»  терминін 

енгізді.  «Педагогикалық  технология  дегеніміз  –  тәжірибеде  жүзеге 

асырылатын  белгілі  бір  педагогикалық  жүйенің  жобасы,  ал  педагогикалық 

жағдайларға  сай  қолданылатын  әдіс-тәсілдер  –  оның  құрамды  бөлігі  ғана». 

/В.Беспалько/. 

 

Педагогикалық  технология  оқыту  үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру 



және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның 

өзіндік  ерекшелігі:  қойылған  мақсатқа  жету,  мүмкіндігіне  кепілдік  оқыту 

үрдісін  құрастыру  және  оны  жүзеге  асыру.  Оқытылатын  пән  мазмұны, 

мұғалім  мен  оқушының  өзара  байланыс  іс-әрекеті,  оқушының  ішкі  даму 

үрдісі  негізінде  анықталған  нақты  мақсат  ғана  педагогикалық  технология 

құрылымын түсіну кілті бола алады. 

 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта 



білім  берудің  жүйелі  реформалануы  қоғамдық  тұрғыдан  үлкен  маңызға  ие. 

Білім  беруді  реформалауды  жүзеге  асырудың  және  бір  маңызды  сипаты 

қазіргі  уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып 

отыр.  Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқытудың  әр  түрлі  педагогикалық 

технологиялары  жасалып,  мектеп  өміріне  енгізіліп  жатыр.  Олар  мыналар: 

Лысенкованың  алдын  ала  оқыту,  Шаталовтың  интенсивті  оқыту  /тірек 




 

33 


сигналдарын  пайдалану  арқылы/,  Эрдниевтің  ірі  блоктан  оқыту,  мәселелік 

оқыту, оқытудың белсенді әдісі. 

 

Ал  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясы  мен 



В.Монаховтың,  Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тәсілдері,  сондай-ақ, 

профессор 

Ж.Караевтың 

оқытуды 


дербестендіру 

мен 


ізгілендіру 

ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы 

еліміздің  көптеген  мектептерінде  қолданылып  жүр.  Мектептерде  жүргізіліп 

жатқан  қазіргі  тәжірибелік-сынақ  жұмыстардың  басты  міндеті  жаңаша 

оқытудың  педагогикалық  технологиясын  оқыту  үрдісіне  енгізу  болып 

табылады.  Мәселен,  Л.Занков,  Д.Эльконин,  В.Давыдовтың  бірлесе  жасаған 

«Дамыта  оқыту  жүйесі»  бір-бірімен  тығыз  байланысты  әрі  мынадай 

ұстанымдардан құралады: 

1.

 

жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту; 



2.

 

теориялық білімнің жетекші рөлі; 



3.

 

оқу материалын жеделдете оқыту; 



4.

 

оқу үрдісін оқушының сезінуі; 



5.

 

барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі. 



 

Оқушының  жас  күнінен  өзіндік  пікірлі  болуын  қалыптастырудың 

тұлға  үшін  ықпалы  өте  зор.  Жеке  басының  еркіндігін  сезген  баланың 

қиялында  тұсау  болмайды.  Қандай  сапада  жазса  да,  қалай  етіп  жазса  да 

оқушының өз күші жұмсалған еңбегін ерекше бағалау орынды. Баланың жеке 

басының  еркіндігі  –  оның  сана  теуелсіздігіне  жол  ашады.  Ол  ешкімге 

ұқсамайтын,  ешкімді  қайталамайтын  -  өзіндік,  яғни  баланың  даралық 

қасиеттері  қалыптасады.  Ал,  ғалымдардың  айтуынша  –  шығармашылық 

қабілетінің  дамуы  –  оқыту  процесінің  ұйымдастыруына  тікелей  байланысты 

болғаны  ғой.  Осы  таңдағы  мектептердің  іс-тәжірибесіне  дамыта  оқыту 

жүйесі  біртіндеп,  енгізіліп  жатыр.  Дамыта  оқыту  жүйесінің  сабақтары 

оқушының  ойлау  мен  практикалық  іс-әрекетін  ұйымдастыру  болып 




 

34 


табылады.  Ал,  ойлау  мен  практикалық  іс-әрекет  арқылы  –  оқушының 

шығармашылық  қабілеті  дамитындығын  білеміз.  Дамыта  оқыту  жүйесінің 

қағидаларын  ұстанған  мұғалім,  дайындықсыз  сабақ  өткізе  алмайды.  Бұл 

мұғалім  еңбегінің  шығармашылығының  болуын  талап  ететін  жүйе.  Бұл 

жүйеде  –  оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  формасы,  әдісі,  баға  қою  –  тәсілі 

дәстүрлі  оқытумен  ешбір  сәйкестік  таппайды.  Дамыта  оқыту  жүйесінің 

нәтижесінде  –  оқушы  өз  пікірін  айтуға,  оны  дәлелдеуге,  салыстыруға, 

болжам  жасауға,  қорытынды  жасауға  және  өз  білімін  қажетіне  орынды 

пайдалана білуге үйренеді. 

 

Дамыта  оқыту  жүйесі  –  белгілі  педагогикалық  технологияны  қажет 



етеді.  Сондай  технологиялардың  бірі  –  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамыту».  Бұл  технология  осы  таңда  қазақ  және  орыс 

тілдерінде  мектеп,  басқа  да  білім  беру  мекемелерінде  қолданылып  жүрген 

технологиялардың  бірі.  Аталған  педагогикалық  технология  арқылы 

ұйымдастырылатын сабақ мынадай 3 кезеңнен тұрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет