Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата04.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#109559
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc

Көрсету әдісін 

 оқытушы жаңаматериалды енгізу кезінде қолданады және 

ол  бірінші  кезекте  сезініп  қабылдауға  арналған.    Бұл  үшін  көрнекілік  әдістер 

сынып  тақтасы  қолданылады.  Оқытушы  оқушыны  оқу  материалымен  

таныстырады. 

А.С. Выготский "Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, 

біліктерінің  ауқымынан  зор  ақыл-ой  үрдістерінің  сапасына  көбірек  тәуелді 

болады.  Сондықтан  мүндай  сапаға  қол  жеткізудің  аса  маңызды  жақтарының 

бірі  -  балалардың  бойында  танымды  тудыра-тын  төсілді  қалыптастыру  болып 

табылады", - дейді. Бүл жерде оқушының алдына танымдық міндеттерді қойып, 

оның белсенділігін арттыруға бола ма? - деген сұрақ туындайды. 

Осы  жөнінде  К.Д.  Ушинский  оқушылардың  бойында  бақылағыштың, 

танымдылық  қасиеттерді  дамыту  үшін  көрнекі  оқытуды  талдау  негізінде  олар 

үшін  жаңа  кейіпкерлер  тудыратын,  өзіне  таныс  заттардың  жаңа  жақтарын 

ашатын оқу материалдары мен көрнекі қүралды неғүрлым көбірек пайдалануға 

кеңес береді. 

Өйткені, олар бір жағынан оңушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, 

жазу  дағдысын,  айналасындағы  өмір  туралы  түсінігін  кеңейтеді  және 

оқушының  білім  деңгейіне  сай  болғандықтан  нәтижелі  болады,  ал  үлгерімі 




 

27 


төмен  оқушылар  ескерусіз  ңалып  ңоймай,  олардың  теориялық  білім  мен 

дағдыларын дамытуға әсер етеді. 

Көрнекі  құралдарды  оқушылардың  оңу  үрдісіндегі  рөліне  қарай 

М.Махмутов екі топқа бөледі: 

1)    Заттың  бейнелік  көрнекі  қүралдары  (картиналар,  фотосуреттер, 

диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.); 

2)    Таңбалы  көрнекі  қүралдар  (сызбалық  көлемді  модельдер,  сызбалар, 

картиналар, т.б.). 

В.Занков:  "Оқушыларға  затты  және  оның  қасиеттерін  көрсету  бұл  -  сөз 

бен  көрнекі  бейненің  оқушының  бойында  тиісті  дәрежесінде  қабысуына  қол 

жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және 

оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан  туралы 

түсінік  қалыптасады  және  қасиеттердің  сөздік  белгілері  нақты  образдармен 

байланысқа түседі", - деп түжырымдайды. 

Оқушылардың бақылауын үйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері 

мен тәсілдерін профессор Т.Сабыров былай көрсетеді: 

1.    Мүғалім  оқушылардың  бақылауын  үйымдастыру  үшін  ең  алдымен 

бақылаудың  мақсатын,  байқайтын  нәрселердің  мөлшерін  немесе  көлемін 

анықтап, жоспарын жасайды. 

2. 


Бақылауда  мүмкіндігінше  оңушылардың  барлық  сезім  мөлшерін 

қалыптастыру  арңылы  нәрселердің  неғүрлым  көп  және  әр  түрлі  қасиеттерін 

жан-жақты байқатқан жөн. 

3.  Мүғалім  бақылау  кезінде  оқушылардың  сараптама  мен  синтез  жасап, 

нәрселердің  негізгі  қасиеттерін  айыру,  топтастыру  сияқты  ойлау  амалдарын 

қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет. 

4.  Бақылау кезінде мүғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың 

өздігінен  жүмыс  істеуінің  арасында  дүрыс  байланыс  болуын  қамтамасыз  етіп, 

олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек. 

Демек,  мүғалім  баяндайды,  өңгімелейді,  түсіндіреді,  көрнекі  қүралдар 

мен  техникалық  қүралдарды  көрсетеді,  ал  оқушылар  сол  кезде  тыңдайды, 

қызығады, қабылдайды, бақылайды жөне т.б. танымдық өрекетте-неді. 

"Мүғалім  оқыту  әдісі  арқылы  оқушыларга  білім  беруде  өзінің  іс-әрекетін 

балалардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады", - деп жазады 

бүл жөнінде профессор Т.Сабыров. 

Оқыту,  тәрбиелеу  және  жетілдіріп  дамыту  үрдістерін  білім  берудің 

мақсаты  болып  табылатын  оқушылардың  белсенді  іс-әрекетімен  тығыз 

байланыста. 

Сонда  ғана  оқушылар  өз  іс-қимылының  мақсаты  мен  маңызын  түсініп 

ұғынуға  талаптанады.  Олардың  ойлау  қабілеті  жан-жақты  толысып  жетіледі. 

Алдағы  өміріне  ңажетті  білімнің,  дағдылардың  берік  негізін  дамытады. 

Көрнекілік  әдістерін  сабақ  барысында  дүрыс  пайдалану  –  оқушының  оқу 

материалын жақсы меңгеруіне, осы сала бойынша өз танымын одан әрі кеңейте 

түсуіне және талаптануына қол жеткізеді. 




 

28 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет