Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата04.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#109559
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc

1.5 Саналы әдіс 

 

Бұл  әдістер  тобы,  оқушылардың  оқу  процесінде  тіл  фактілерін  танып, 

олады  қарым-қатынаста  қолдану  тәсілдерін  қарастырған.  Әдістің  басты 

дидактикалық  принципі  болып  саналылық  принципі  есептелді,  тілді  игеру 

барысында  ойлаудың  басты  ролін  мойындайды.  Бұл  принцип  интуитивті 

принципке  қарама-қарсы  қойылады.  Саналылық  әдісінің  белгілері  болып 

мыналар аталады:  

Жазбаша  немесе  акызша  мәтін  негізінде  сөз  әрекеті  түрлеріне 

байланыстырып оқыту; 

Сабақты  бірізді  ұйымдастыру,  түсіндіруден  іскеліктер  мен  дағдыларды 

қалыптастыруға дейін;  

Оқушылардың ана тіліне сүйене отырып, интерференцияны жоюы; 

Саналы  әдістер  арасында  грамматика-аударма,  саналы-практикалық, 

саналы-салыстырмалы, репродуктивті-креативті. 



 

Грамматикалық-аударма  әдісі 

XVIII-XIX  ғасырларда  кең  тарап,  өзінің 

ролін  бірінші  дүниежүзілік    соғыс  басталғанға  дейін  сақтады  да,  тура  және 

табиғи  әдістерге  орнын  берді.  Оның  өкілдері  болып  В.  Гумбольдт,                      

Д.  Гамильтон,  Г.  Оллендорф,  Ж.  Жакото,  Ш.  Туссен  саналады.  Әдістің 

танымалдылығы  бір  жағынан  қайта  өрлеу  дәуірі  кезіндегі  латын  тілін  оқыту 

мақсаты  болып  біраз  уақытқа  дейін  оқушылардың  жалпы  білімі,  мәтіндер 

аудару  барысында  логткалық  ойлаудың  дамуы,  грамматикалық  бағыттағы 

жаттығуларды орындау болып табылады.  

Әдіс өкілдері негізгі принциптері деп мынаны атады: 

1.

 

оқудың негізіне жазбаша жұмыс қойылуы керек, себебі, жазбаша жұмыс 



тек қана шын тілді көрсетеді; 

2.

 



оқудың  басты  объектісі  болып  грамматика  есептеледі,  оны  игеру  тіл 

жүйесі туралы түсінік береді; 

3.

 

оқытудың  басты  тәсілі  болып  дедукция  қарастырылады,  оқушылар 



алдымен  сөздер  мен  грамматикалық ережелерді  жаттау  керек,  сонан  соң 

соның негізінде сөйлемдер құрастыру керек; 

4.

 

грамматикалық  формалар  мен  лексикалық  бірліктердің  мағынасын  ашу 



тәсілі  болып  жаттау  есептеледі,  ал  оларды  есте  сақтау  тәсілі  болып 

жаттау есептеледі;  

5.

 

сабақтар оригиналды мәтіндер мен оқу материалдары негізінде жасалады, 



ал тілді рецептивті меңгеру оқытудың басты міндеті болып табылады. 

Граматикалық-аударма  әдісітіл  жүйесі  жайлы  және  аударма  іскерліктерін 

жақсы  меңгертті,  бірақ  тілді  практикалық  түрде  меңгерте  алмады.  Бұл  жағдай 

әдісті  критикалаудың  бірбен  бір  себебі  болыд.  Тілді  практикалық  меңгеруге 

бағытталған 

әдістерге 

қызығушылықтың 

өсуіне 


байланысты, 

бұл 



 

38 


грамматикалық-аударма әдіс өзінің орнын жоғалтты. Солай бола тұрса да, осы 

әдіс  төңірегінде  жасалған  оқыту  тәсілдері,  осы  уақытта  да  жақсы 

пайдаланылады;  семантизация  құралы  ретінде  контекст  пен  аударманың 

пайдалану, тілдік жаттығулардың түрлері және т.б. 

 

Шет  тілін  оқытудағы  аудама  әдісінің  рөлі  мен  орнын  анықтап  алмастан 



бүрын "аударма" сөзі не мағына беретінін түсініп алуымыз керек. 

Аударма дегеніміз - бір тілдегі мағыналы сөздің немесе сөйлемнің екінші 

тілге көшірілуі. Бұл мағынада аударма әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың 

арасындағы әңгімелесу негізінде көрінеді. 

Бір  тілдегі  мағыналы  ойды  екінші  бір  тілге  айналдыру  үшін  аудармашы 

адам  алдымен  ол  ойды,  сөйлемді  бірнеше  тілде  толық  түсінуі  тиіс  және  сол 

сөйлемдегі сөздердің екінші тілдегі баламасын табуы керек. 

Аударма - бүл өте күрделі іс, өйткені, бүл іс аудармашы адамнан екі тілді 

де жақсы, толық меңгеруін талап етеді. 

Шет тілін оқытудағы аударма әдісі шет тіліндегі сөздің, фразеологиялык 

топтарды,  грамматикалық  формаларды  сөйлем  үлгілерін  аудару  негізінде 

қолданылады. 

Аударма  —  шет  тілін  оқытудағы  ең  негізгі  әдіс  болып  есептеледі.  Шет 

тілін  оқыту  тарихында  аударма  әдісінде  түрлі  кезеңдерде  әр  түрлі  өзгерістер 

енгізіліп  отырғаны  белгілі.  XVIII  ғасырдың  екінші  жартысында  және  XIX 

ғасырдың бірінші жартысында аударма әдісі қүрылымдық әдіс ретінде алынды.  

Шет  тілі  тек  аударма  әдісі  арқылы  үйретіліп  отырды:  ана  тілінен  шет 

тіліне аударуда грамматикалық аударма әдісі негізгі әдіс болып есептелсе, шет 

тілінен ана тіліне аударуда лексикалық аударма негізгі әдіс болып есептелінді. 

Ал  XIX  ғасырдың  аяғында  жөне  XX  ғасырдың  басында  аударудың 

тікелей әдісі пайда болып дүниежүзіне тарады. 

Шет тілін оқытудағы аударманы тікелей әдіс толығымен ерекшелейді. 

Кейін, шет тілін оқытудағы аударма әдісінде Г.Пальмердің, М. Уэсттің әдістері 

пайда болды. 

Л.В.  Щербаның  айтуы  бойынша,  шет  тілін  оқытуда  аударма  әдісі 

практикалық  негізде  де,  теориялық  негізде  де  ең  маңызды  рөл  атқарады.  Яғни 

оқушылардың  сөз  байлығын,  шет  тілінен  білімін  тексеруде,  сөздерді  естігенде 

немесе  оқығанда  оны  қалай  түсінгенін,  грамматиканы  қалай  меңгергенін 

анықтауда  аударма  әдісі  негізгі  әдіс  болып  есептеледі.  Егер  жаңа  сөздер 

аудармасыз  үйретілетін  болса,  ол  сөздер  оқушылардың  санасында  қалмайды, 

мағынасын  түсінбеген  соң  оқушының  есінде  саңталмайды,  ең  соңында  ол 

сөздерді тіпті оңи да алмауы мүмкін. Оқу бағдарламасы бойынша аударма әдісі 

мынадай жағдайларда қолданылады: 

1.  Сөздің,  фразеологиялық  сөз  тіркестерінің,  грамматикалық  түрдің,  сөйлем 

үлгілерінің  мағынасын  шет  тілінде  беру  үшін.  Мысалы:  a  flower  -  гүл,  а  ball  – 

доп, Asans brother - Асанның ағасы, He was not ready - ол әзір болмады. 

Бұдан басқа аударма жаңа тілдегі іс-қимылдың түсінігін бекітеді. Мысалы: 

То go - бару, кету, яғни бір жерден екінші бір жерге қозғалу. 

То come - келу, яғни басқа жақтан келу. 



 

39 


She is writing - ол жазып жатыр (осы қазір). 

Сөздің  мағынасын  беруде  аударма  мынадай  екі  түрлі  жағдайда 

пайдаланылады: сөзбе-сөз аудару және мағынасымен аудару. 

Мүғалім  шет  тілін  үйретуде  сөзбе-сөз  аударуды  пайдаланады,  өйткені  шет 

тілінен алынған әрбір сөздің ана тілінде тікелей баламасы бар. Мысалы, а girl - 

қыз  бала,  ешқандай  мағыналы  ойдың  қажеті  жоқ.  Ал,  meal  -  а)  тамақтану 

(Вrеаkfаst  іs  tһе  first  meal.  \We  һаvе  3-4  meals  а  day  -  Біз  күніне  3-4  рет 

тамақтанамыз). ә) тамақ (Маkе а mealof bread and butter  - Нан мен майдан тамақ 

жаса). 

 

Мәтіндегі  кейбір  түсініктердің  магынасын  бергенде,  яғни  талдаусыз, 



аудармасыз  түсінілмейтін  кездерде,  оқушылардың  түсінген-түсінбегенін 

тексерген кезде мүғалім мағыналы аударманы пайдаланады. 

Шет  тілін  оқытуда  аударма  әдісі  өте  керек  және  пайдалы  кезеңдер  бар. 

Оқушылардың  дағдылары  мен  білімін  арттыруда  мүғалім  өз  қолынан  келгенін 

істеуі қажет. 

"Сөйлеуге  сөйлеу  арқылы,  оқуға  оқу  арқылы  үйрен"  деген  қағиданы 

оқушылар ұмытпауы керек. Сөйлеусіз де, оқусыз да аудару мүмкін емес. 

Шет тілін оытудагы аударма әдісінің түрлері. Егер біз аударманы ана тілі 

мен  шет  тілінің өзара  байланысы  түрғысынан  алатын  болсаң,  аударма  әдісінің 

мынадай түрлері бар: 

а) шет тілінен ана тіліне аудару;  

ә) ана тілінен шет тіліне аудару; 

б)  қайта  аудару  (оқушылардың  шет  тілінен  ана  тіліне  аудару,  кейін  қайта  шет 

тіліне аудару). 

Егер  біз  аударманы  түпнүсқа  ретінде  алатын  болсақ,  аударма  әдісі 

мынадай түрлерге бөлінеді: 

1.  Сөзбе-сөз  аударма,  яғни  шет  тіліндегі  барлық  сөздер  ана  тіліндегі 

баламаларына  айналады,  ал  шет  тілінің  грамматикалық  қүрылымы  сақталады. 

Мысалы: I have a book - Менде бар кітап. 

My brother is not at home yesterday - Менің ағам болған жоқ үйде кеше. 

Және  сөзбе-сөз  аударма  білім  беру  жүйесіндегі  құнды  әдіс  болып  есептеледі. 

Өйткені оқушыға шет тілі мен ана тіліндегі элементтерді салыстыру мүмкіндігі 

туады. 

2.  Сәйкестендіре  аудару  —  сөзбе-сөз  аудармасындағы  қарама-қайшылықтары 

жойылып, шет тіліндегі ойлар ана тіліне мағыналы аударылады. Мысалы: 

I һаvе а book - Менде кітап бар. 

Му brother is not at home jesterday - Менің ағам кеше үйде болған жоқ. 

3.  Еркін  аударма  -  шет  тілінде  естіген  немесе  оқыған  мәтінді  сол  мезетте 

аудару.  Мысалы:  Оқушы  газеттен  шет  тіліндегі  мақаланы  оқып,  оның 

мағынасын қысқаша айту. 

4. Көркем әдеби аударма — аударманың бұл түрі арнайы дағдыны және білімді 

қажет етеді және мектеп бағдарламасында бүл түр қолданылмайды. 




 

40 


Аударманың  ауызша  және  жазбаша  түрлері  болады.  Олардың  екеуі  де 

оқушылардың грамматикалық немесе лексикалық сөздік қорын, білімін тексеру 

мақсатында пайдаланылады [13]. 

Сонымен аударма шет тілін оқытудың бір қүралы болып есептеледі және 

оның  әр  түрлі  түрлері  ұсынылады.  Аударманың  түрлерін  таңдау  сабақтың 

түріне,  тілдік  материалдарға,  оқушының  жасына,  үйретіп  жатқан  тіл  бойынша 

оқушының білім деңгейіне және т.б. жағдайларға байланысты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет