21-бап. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары
1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары біліктілікті және (немесе) "бакалавр"
академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін
дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, "бакалавр"
академиялық дәрежесі берілген адамдар біліктілік талаптары жоғары білімі болуды көздейтін
лауазымдарды атқара алады.
2. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны
жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндердің циклін, бейіндеуші пәндердің циклін
зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
Жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары мiндеттi құрамдас бөлiктен
және таңдау бойынша құрамдас бөлiктен тұратын пәндерді қамтиды. Білім алушылардың таңдауы
бойынша құрамдас бөліктен тұратын пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөлікті пәндерді
мазмұндық толықтыруы тиіс.
Жоғары оқу орындары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған
оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері қамтылатын инновациялық білім беретін оқу
бағдарламаларын конкурстық негізде әзірлеуге және енгізуге құқылы.
3. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға
міндетті жоғары білім беру стандартымен айқындалады және кемінде 4 жыл болуға тиіс.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтар үшін
жоғары оқу орындары оқыту мерзімін қысқартуды көздейтін кәсіптік оқу бағдарламаларын әзірлейді
және іске асырады.
5. Жоғары әскери және арнаулы оқу орындары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен
келiсiм бойынша тиісті мемлекеттiк органның басшысы бекiтетін әскери және өзге де мамандықтар
бойынша кәсiптiк бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асырады.
6. Интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
орган
бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған
тізбесін
азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Интернатура туралы
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ережені
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |