Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы



Pdf көрінісі
бет24/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz

      24-бап. Ересектерге білім беру

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 

 (алғашқы ресми жарияланғанынан

№ 487-ІV


кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-бап. Эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары

      Эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары оқытудың жаңа технологияларын сынақтан

өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған.

5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім

              беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы

              талаптар

      1. 





Мектепке дейінгі

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта

техникалық және кәсіптік

орта



 және 


 ұйымдарына оқуға 

білімнен кейінгі

жоғары

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру



қабылдау

тәртібі тиісті үлгідегі 

 

 

 



 

.

оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережесімен белгіленеді



      1-1. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін олардың өздері дербес

айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық балаларды қабылдауды

қамтамасыз ететін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдау тәртібі 

 негізінде жергілікті атқарушы органдары

үлгілік қабылдау ережелерінің

бекіткен қабылдау ережесімен белгіленеді.

      2-1. "Өркен" гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу

құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі кәсіптік оқу

бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

      


3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін

қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін

мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу

орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін Қазақстан Республикасы азаматының

конкурстық негізде "Болашақ" халықаралық стипендиясын алу құқығы бар. 

P080573


      "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен

"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады.

      5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi

және жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың

құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде:

      1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдардың;

      2) дербес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы құжаттары бар адамдардың;

      3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер

бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың)

(бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық

және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi

дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған

мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда,

жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен

ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған)

жеңiмпаздарының басым құқығы бар.




      Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

және жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың

құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда жетiм

балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтiк сараптаманың

қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын жағдайда I және II топтағы

мүгедектердiң, жеңiлдiктері мен кепiлдiктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс

мүгедектерiне теңестiрiлген адамдардың, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың және

үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы

бар.

      5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары оқу орнына қабылдағанға дейін одан бас тартқан



жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты

белгіленген тәртіппен беріледі.

      6. Техникалық және кәсіптік білім алу үшін жоғары техникалық мектептерге оқуға қабылдау

білім беру саласындағы уәкілетті орган 

 шарттармен жүзеге асырылады.

айқындаған

      7. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алу үшін жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау

білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың

өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:

      1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан

азаматтар үшін;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне

теңестірілген адамдар үшін;

      3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл

(село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

      5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшін квота

 көзделеді.

      9. Арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға қабылдау

арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар

тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау

ережелерімен белгіленеді.

      10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан

құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.




      11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру

тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына

сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      12. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін осы Заңмен және қабылдаудың тиісті

үлгілік ережелерімен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе

құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.

      13. Оқуға түскен адамдармен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және

жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары 

 білім беру саласындағы уәкілетті орган

үлгі нысанын

бекітетін шарт жасасады.

      

Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.19 



N 395-IV

 (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 

№ 487-ІV


(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет