Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беретін оқу
бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының
жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және мүмкіндігі шектеулі балалар
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу
2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу
Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде
Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жылына арналған
оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы
жүзеге асырылады.
3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі
болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық,
интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты
Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшалықты
насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған
принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.
4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің
адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым
жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге
теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібін олардың
мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім
беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беретін оқу
бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа), ал
жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан
Республикасының заңнамасында
тәртіппен әскери кафедраларда жүзеге асырылады.
белгіленген
7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін
бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық
аттестаттауды жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды
аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.
8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім
алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
9. Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау ұлттық
бірыңғай тестілеу нысанында немесе мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен
кейiнгi немесе жоғары бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды
ұлттық бiрыңғай тестiлеу нысанында жүзеге асырылады.
аттестаттау
Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған жағдайларда ұлттық бірыңғай тестілеуге
қатыспаған, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік
бітіру емтиханы нысанында жүзеге асырылады және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi
немесе жоғары бiлiм беретiн білім беру ұйымдарына кешенді тестілеу арқылы түсуге мүмкіндік
береді.
10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім
алушыларын қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды;
2) кәсіптік даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.
Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды
аттестаттау ерекшеліктерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің
ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен,
сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: