Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы



Pdf көрінісі
бет33/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz

      37-бап. Қосымша білім беру

      1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган

айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін

білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.

      2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан

әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн

олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.

      Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беретін оқу

бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің білім

беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті

арттыру институттарында, өндірісте және ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина

қызметкерлерінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан

өтуі кезінде жүзеге асырылады.

      4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң

бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

      5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасының азаматтары тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық

стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.

      Тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға баллдары теңдей болған



кезде Президенттік олимпиада жеңімпазы ғылыми жетекшісінің басым құқығы бар.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен

"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.

      


Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет