Ескерту. 58-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24
(алғашқы ресми жарияланғанынан
№ 487-ІV
кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
1. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің білім алуға деген құқықты
қамтамасыз етуге және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге
асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы және лицензиялау
туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім беру саласындағы
уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
1) білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
2) білім алушылардың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі болып
табылады.
3. Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:
1) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
2)
алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
3) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарының сақталуын бақылау болып табылады.
4. Білім беру ұйымдарын
, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен
мемлекеттік аттестаттауды
меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне
сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Техникалық және кәсіптік білім берудің, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау да мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беретін оқу
бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және
мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан
аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беретін оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша
мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық
сақтау саласындағы
жүзеге асырады.
уәкілетті орган
Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған:
1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың
алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;
3) мектепке дейінгі ұйымдарда және қосымша білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін
өткізіледі.
4-1. Мемлекеттік аттестатталуға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауды жүргізеді
және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді.
5. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын
аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше
белгіленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6.
Алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7.
Алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы және лицензиялау туралы
заңнамасының сақталуын бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан
Республикасының
сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы
Заңына
Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
9.
Алып тасталды - 2009.07.17.
N 188-IV
Заңымен.
10.
Алып тасталды - 2009.07.17.
N 188-IV
Заңымен.
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру
ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
12.
Алып тасталды - 2009.07.17.
N 188-IV
Заңымен.
13.
Алып тасталды - 2009.07.17.
N 188-IV
Заңымен.
14.
Алып тасталды - 2009.07.17.
N 188-IV
Заңымен.
15.
Алып тасталды - 2009.07.17.
N 188-IV
Заңымен.
16.
Алып тасталды - 2009.07.17.
N 188-IV
Заңымен.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.17.
N 188-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: