10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы
экономикалық қызмет
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан
Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге
асырылады.
2. Білім беру ұйымының өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және
мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға,
ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар,
докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға,
білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы
бар.
Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес
шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру ұйымдарының
жарғысында айқындалған тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру
білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
тәртібін
4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың
филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ол
тәртіппен жүзеге асырылады.
айқындаған
5. Халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер
немесе олардың заңды және жеке тұлғалары оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру
қызметін лицензиялау, сондай-ақ оларды мемлекеттік
мен аккредиттеу, Қазақстан
аттестаттау
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан
Республикасының
сәйкес жүзеге асырылады.
заңнамасына
Ескерту. 65-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09
№ 535-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |