Шешендік шеберлік.
Шеберлік – тәрбиелеу мен оқытудың жоғары және ұдайы жетілдіру
өнері. Шеберліктің негізіне мұғалімнің жеке мәдениеті, білімі мен ой-өрісінің педагогикалық
техникамен, сондай-ақ алдыңғы озық тәжірибемен ұштасып, қорытылуы алынған. Шеберлікті
меңгеру үшін көп нәрсені білу және істей алу қажет. Мұғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарда
үйрете білуден байқалады. Шеберліктің маңызды көрсеткіші – оқушылардың белсенділігін арттыра
алуы, олардың қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеуін, білуге құмарлығын дамытуы, оқушыларды
сабақта ойлануға мәжбүр ете білуі. Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу,
оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштігін, дербестікті қалыптастыру
білігі шешендік шеберліктің басты элементтерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |