Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар /төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз/
Ресурстар
Басталуы – 7 минут
1. Шаттық шеңбері.
Тренинг – «Менің көршім».
(Оқушылар дөңгеленіп тұрады да әр оқушы өз
көршісінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады,
мысалы: менің көршім – Аянат, ол қарапайым және
шыншыл).
2. Суретте бейнеленген асыл тастар – гауһар, жақұт,
інжу – арқылы 3 топқа бөлінеді.
3. Үйге берілген тапсырма тексеріледі
2,6-тапсырма. Мұғалімнің жеке бағалауы -«Жарайсың!»,
«Тамаша!», «Керемет!» сөздері ақылы ынталандыру.
Қазақ тілі –
Б.Қапалбек,
М.Жолшаева,
Т.Мадиева
(5-сынып).
Асыл тастар
бейнеленген
суреттер
Ортасы – 30 минут
1.Жаңа тақырыпты ашу.
Топтық жұмыс.
1) «Кім көп асыл тас жинайды?» деген ұранмен 1-
тапсырмадағы мәтінді топпен оқиды. Мұғалім «қонаққа
бару» әдісі бойынша тыңдайды. Түсіндірме сөздікті
дәптерлеріне жазады.
Қалыптастырушы бағалау – «Бағдаршам»
2) 1а тапсырмасы (3-топқа бөліп орындату). Мәтін
мазмұнына келетін ең жақын жауапты тауып,
жауаптарын дәлелдейді.
3) 1ә тапсырмасы (топпен орындату және оқыту).
Берілген суреттердің реті бойынша жоспар құрып,
шағын мәтін құрастырады.
Қалыптастырушы бағалау - «Екі жұлдыз, бір тілек»
4.Жаңа тақырып слайд арқылы түсіндіріліп, сұрақтар
қойылады.
2-тапсырма. Мәтінді оқиды (топпен оқыту).
2а тапсырмасы. Мәтіннен бір сөйлемді таңдап алып,
сөйлемдегі сөздерді алдымен буынға бөліп, кейін оны
тасымалдайды (жеке жұмыс)
Мұғалімнің жеке бағалауы - мөр арқылы (оқушылардың
дәптердегі жұмыстары тексеріліп, мөр қойылады).
Достарыңызбен бөлісу: |