5 мин
Ширату жаттығуы:
«Автопортрет» сергіту сәті.
(Көрші суретін салу, зерделеу, бағалау, пікір айту).
Гүл түстері арқылы топқа бөлу
Оқылым алды тапсырмасы.
Тақтадағы суретке көңіл аударайық:
Сырт келбетіне қарап адамды бағалау дұрыс па?
Өмір салтының адамның сырт келбетіне әсері бар ма?
Адамның сыртқы келбеті мен мінезінде байланыс бар ма?
Талдау сұрақтар арқылы сабақтың мақсаты анықталады
.
109
Ортасы
15 мин
Оқылым тапсырмасы.
«Ойлан,бірік,бөліс!» әдісі
ЖЖ
.
1-тапсырма:
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап алыңыз.
Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз
Адамның сыртқы келбеті мен киім киюі оның оның ішкі дүниесінен де
хабар беріп тұратыны ертеден мәлім. Кез келген адамды бір көргенде-ақ
оның көзі,қасы, беті, дене бітімі,қылығы, киім киісі саған әрқилы әсер
етеді. Онымен танысып,әңгімелесіп,араласып кетпей тұрып-ақ, ол адам
жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл- адамның сыртқы
келбеті арқылы-ақ танып білу қасиеті.Әйтеуір ,адамның сыртқы келбеті
бір қарағанда не сүйсіндіреді, не одан жирендіреді,тіпті, таң-тамаша
қалдырады.
Адамның қадір-қасиеті мінез-құлқына қарай бағаланады десек те, оның
талғамы мен өмір салтын сыртқы келбеті аңғартатыны анық. Кейде
адамның сыртқы келбеті оның талай-тағдырына да әсер етеді. Өйткені
адамның сыртқы келбеті тартымды болмаса, ішкі жан дүниесі көбімізді
қызықтыра бермейтіні белгілі.
Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып білудің ,әрқайсысынң
сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне
білудің маңызы айрықша. Ол,әрине, өзара қарым-қатынас жасау,сыйласу
барысында анықталатын жайттар. Осы жерде мына мақал-мәтелдерді айта
кеткен жөн.»Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Жақсылыққа
жақсылық- әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі»,»Жаяуға
жол алыс» . Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі
ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған
ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға да тәуелді. Бірте-бірте мүлде
бөгде өмір салты қалыптасады.Соған қарамастан, адам тану бойынша
зерттеу
жүргізушілер
адамның
сыртқы
кескін-келбеті,
жүріс-
тұрысы,сөйлесу,сәлемдесу әдебі арқылы –ақ оның қандай мінезді, ақыл-
парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға
болады деп есептейді.
«Кітапты қабына байланысты бағалама» деген сөздердің адамға қатысты
да көп айтылатынын бәріміз білеміз. Алайда осы арада адамдардың
пікірі екіге бөлінеді. Біреулері «сырт келбеттің ішкі әлемге еш қатысы
жоқ» десе, екінші топтағылар «адамның сырт келбеті оның мінезін, ойын
анықтайды» деп жатады. Адам баласы өмірге келгенде өзінің түрін,
келбетін өзі таңдамайды. Бірақ өмір сүру барысында сырт келбетін дұрыс
қалыптастырып, күтім жасауының арқасында бақыт құсын қолына
қондырса, келбетінің кесірінен армандарын желге ұшырып алуы да әбден
мүмкін.Сондықтан сыртқы келбетке аса мән берген жөн.Талғамды
қашанда ақылға жүгіндіру қажет.
Дескриптор
-Мәтін мазмұнын оқиды және түсінеді
-Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды.
-Анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады
110
Достарыңызбен бөлісу: |