Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


-тапсырма  Ауызша мәтін құрастыр.  «Айналмалы шеңбер»



Pdf көрінісі
бет244/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

2-тапсырма 
Ауызша мәтін құрастыр. 
«Айналмалы шеңбер»
 әдісі арқылы әр топ сурет бойынша 
қойылған тақырыпқа байланысты тірек сөздерді пайдалана 
отырып, ауызша мәтін құрастырады. 
Дескриптор:  

 
Сурет бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, 
тақырыпқа сай ауызша мәтін құрастырады. 
 «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі 
бағалайды. 
ҚБ: 
Мұғалімнің қолпаштау сөзі
 
 
3-тапсырма 
 
Ж.
 Мәтінді мұқият тыңда, тірек сөздерді түртіп ал, 
мәтінге ат қой, өз сөзіңмен дәлелде. 
Т
. Өз мәтіндеріңмен салыстырыңыз. Тірек-сөздер арқылы 
маңызды ақпараттарды топтастыр.
 
Ата-бабамызда  «қасиетті  қара  шаңырақ»  деген  сөздің  бар 
екенін  білетін  боларсыздар.  Мұндағы  «шаңырақтың»  киіз 
үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. 
Шаңырақ  «үй,  отбасы»  деген  мағынаны  да  білдіреді. 
Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған 
жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – 
құрған  отбасыңның  тұғыры  берік,  мәртебесі  жоғары 
болсын деген сөз. 
Қазақта  кенже  ұлға  мұра  болып  қалатын  әкенің  үйі 
“қасиетті  қара  шаңырақ”,  “үлкен  үй”  деп  аталады.  Бұл  үй 
 
           АКТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мәтін 
үлестірмелі 
парақшамен 
таратылады 
 
 
 
 
 
 
 
 


151 
 
әкесі  тірі  кезінде  де,  қайтыс  болған  соң  да  қара  шаңырақ 
атала  береді.  Халқына  беделді,  сыйлы,  құрметті 
адамдардың қара шаңырағын оның ел-жұрты қанша уақыт 
өтсе де киелі деп санап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жеткізіп 
отырған.  
Отбасынан  қыз  бала  ұзатылып,  үлкен  ұл  үйленіп,  бөлек 
шығып кеткен соң, кенже ұлға қара шаңырақпен бірге әке-
шешені  бағып-қағу,  күту  міндеті  де  жүктеледі.  Сондай-ақ 
осы  кенже  ұлға  тиесілі  болған  қара  шаңырақты  басқа 
ұлдары кенже ұлдың үйі емес, әке шаңырағы деп есептеп, 
сый-құрметпен қарайды. Оны өздеріне тірек, медет тұтады. 
Сондықтан  қазақы  ортада  ас  беру,  соғым  басына  шақыру 
сияқты  әдет-ғұрыптарды  атқаруда  алдымен  қара  шаңырақ 
ескеріледі.  Қара  шаңырақтың  кенже  ұлға  мұрагерлікке 
қалдырылу  салты  сонау  сақ,  үйсін,  ғұндар  заманынан 
бастау алады.  
Дескриптор:  

 
Мәтінді тыңдайды; 

 
Тірек сөздерді түртіп алады; 

 
Мәтінге ат қояды, өз сөздерімен дәлелдейді; 

 
Өз мәтіндерімен салыстырады; 

 
Маңызда ақпараттарды топтастырады. 
Жетекші сұрақ: 

 
Қара шаңырақ дегенді қалай түсінесіздер? 

 
Қара шаңырақтың иесі кім? 

 
Қазақта әке-шешені бағып-қағу кімге жүктелген? 
ҚБ:
 жасыл, сары, қызыл түсті асықтар арқылы бағалаймын. 
 
Жасыл – өте жақсы жауап берген оқушыға; 
Сары – жақсы жауап берген оқушыға; 
Қызыл – орташа жауап берген оқушыға беріледі. 
Топтың жұмысын «От шашу» әдісімен бағалаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет