Байланысты: Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі
ҚБ Бас бармақ ТЖ Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
І топ
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ
тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін
есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір
қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған
тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан
“Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше
құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана
тілін аяқ асты етуге болмайды.
ІІ топ
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен
тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз
болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі.
Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз
жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын
ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
ІІІ топ
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен
жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп
кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп
отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін
тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған
ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған
ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей,
көлденең көк аттының қолжаулығына айналады
«Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі бойынша жұпта талқылайды.
Дескриптор:
Оқулық 29- бет
Үлестірме
парақша
156
1.
Қате жазылған сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза
алады.
2.
Орфографиялық нормаға сай жазылуын ережеге сай
дәлелдейді.