Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет37/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

Орындалуы.
  Мұғалім  тапсырманы  қалай  орындау  керегін  түсіндіреді,  немесе  тақтаға 
жазып  қояды.  Әр  топқа  немесе  әр  оқушыға  таратып  беруге  де  болады.  Тапсырма  бойынша  не 
жасау керектігін 1 минут уақыт беріп топ ішінде талқылауға да болады. 
Бағалау.
  Критерийлер  мен  дескрипторлар  әр  оқушыға  немесе  топқа  таратылады. 
Интерактивті  тақтаға  шығарып  қоюға  да  болады.  Тапсырманы  дұрыс  түсінгендігін  анықтау 
қажет.  (қайта  сұрау,  қайталату,  топта  талқылау).  «Тапсырманы  түсіну  –  оны  табысты 
орындаудың 50% деп бекер айтпайтын болар. 
Топ/жұп құрамында орындау. Берілген тапсырманы топ немесе жұп құрамында орындау 
қажет. Оқушылардың бұл жұмысты таңдап алған рөлдер ауқымында жүзеге асырғандығы дұрыс. 
Мұнда  топтағы  өзара  позитивті  тәуелділікті  тудыру  үшін  әр  топтың  спикерін  көрші  топтың 
таңдағаны орынды.  Бұл спикерді  топтың  өзі  тағайындаудан  әлдеқайда  тиімді  болады,   өйткені 
топ  мүшелері  топ  намысын  бермеу  үшін  барлық  оқушылардың  талқылауға  белсенді  қатысып, 
спикер болатындай дәрежеге шығуға тырысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет