25
қоймайды, мәселенің негізгі түйінін тауып, тақырып бойынша ой қозғап, өз бетімен білім алуға
белсенділігі артады, өз пікірін ортаға салады. Оқушылар топпен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Ал жазылым стратегиялары, «еркін жазу, 5 минуттық эссе, жол қалдырып жазу, бес – бес –
бір» сияқты стратегиялар аркылы оқушы берілген тақырып бойынша өзінің пікірін, ойын,
дәлелдерін жазады. Керек кезінде тақырып бойынша ұсыныстар жасап, болжау жасауға
мүмкіндік алады. Басқа пікірлерді сынайды. Оқушы осы стратегиялар арқылы өздерінің
танымдық құзыреттілігін дамытады.
Пікірталасқа арналған «кубизм, болжау таблицасы, семантикалық карта, жұппен ой
бөлісу» т.б. стратегиялар арқылы оқушылар өзара пікірталас, диспут, дебат жүргізу арқылы өз
ойларын айтып, оны дәлелдеуді үйренеді, басқалардың пікірін тындай біледі.Топпен, жұппен,
жеке жұмыстар жүргізу барысында өзара қарым-қатынаста болады. Оқушылардың
шығармашылық құзіреттілігі, қабілеті артады.
Тапсырма орындау барысында сұрақтардың алатын орны ерекше. Сұрақты сауатты қою да
өнер. Жоғары денгейлі сұрақтар арқылы алған білімді тексеріп, баланы сыни ойлауға жетелеуге
болады. Соңғы уақыттары сұрақ түрлерін Блум тамксономиясы негізінде былай жіктеп жүр.
Қарапайым сұрақтар – нақты фактілерді білуді талап етеді. Кім? Не? Қашан? Қайда? деген
сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
Анықтағыш сұрақтар - оқушыларға алған ақпаратты дәл мәтіндегідей емес, оқығанын
түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау\ мақсатында қойылады. «Менің
түсінгенімше,», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар.
Талдау сұрақтары /интерпретация/ Оқушыларға алған ақпаратты түйсініп, осыған ұқсас
жағдайларда қолдану, мәселелерді шешу жолдарын табу ұсынылады. Мәтінге интерпретация
жасату арқылы біз оқушылардың түрлі пікірлер мен әрекет себептерін түсіну дағдысын
қалыптастырамыз. - келтірілген?
Әдебиет пәнін оқытуды жақсарту – осы пән мұғалімдері үнемі көңіл бөлуге тиісті өмір
талабының бірі. Өйткені әдебиет пәні жас ұрпақты жан сұлулығына, биік адамгершілік
қасиеттерге, өмірді сүйе білуге баулиды. Ең бастысы, әдебиет арқылы ертеңгі елінің қоғам
құрылысшылары – бүгінгі мектеп оқушыларының бойында рухани мұраттарына адалдық,
адамгершілік дүниетаным, азаматтық күрескерлік көзқарас қалыптасады. Заманауи білім беруде
де әдебиетті оқытудағы осы міндеттерге баса назар аударылған. Ұзын сонар баяндау, көп сөз
оқушыларды жалықтырады. Сондықтан мен сабақтың танымдық сапасын арттыру үшін көрнекті
құралдар мен кестелерді тиімді пайдалануға тырысамын.
Қазақ халқының көрнекті қайраткері Ж.Аймауытов:«Сабақ беру-үйреншікті жәй ғана
шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»,- дегендей, әрқайсысымыз өз сабақтарымызды
заман ағымына қарай түрлендіріп, оқушылардың тілдік қабілеттерін арттыру мақсатында
пайдалансақ, мемлекеттік тіліміздің өсіп өркендеуіне қосқан үлесіміз болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: