27
Айтылым әрекетінің барлық түрлері тыңдалым дағдысымен тығыз байланыста болғандықтан,
тапсырмалар жүйесі де тығыз байланыста болмақ. Тыңдалым мен айтылымды бір-бірінсіз елестету
мүмкін емес, өйткені ақпаратты қабылдау оның айтылуына, оқушының айтылған ақпаратты
ұғынуына байланысты. Айтылым әрекетінің нәтижелі болуы тыңдалған ақпараттың есту арқылы
меңгеріліп, ішкі сөйлеудің дамуына байланысты.
Айтылым дағдысында тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу,
шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады.
Айтылым мазмұны – ауызша түрде ойды жеткізу. Айтылымның негізінде дыбыстау,
лексикалық және грамматикалық дағдылар жатыр. Айтылым монолог және диалог түрінде,
талқылау, шешім шығару, пікір алысу кезінде орындалады.
Айтылым дағдысында:
- қандай да бір коммуникативтік міндеттерді шешу бойынша шартты коммуникативтік жаттығулар,
оның барысында оқушылар іс-әрекеттің бір-бірімен өзара ара-қатынасын белгілеу (мақұлдау – қайт сұрау,
сұрақ-жауап), яғни қарым-қатынас барысындағы екі жақты белсенділікті сақтайды;
- мәтінді әңгімелеу, суреттеу дайындау, берілген тақырыпқа шағын мәтін, әңгіме құрастыру;
- берілген тақырыпты логикалық бірізділікпен ашу;
- өз сөзіне пікір білдіру, дәлелдемелер келтіруді қоса отырып, өз пайымдауының дұрыстығын
дәлелдеу;
Айтылым дағдысы да тыңдалым дағдысы секілді үш кезеңнен тұрады. Сөйлер алдында әңгіме
немесе айтылар ой қандай тақырыпта болатынын тыңдалым мәтіні, тірек сөздер, ақпараттар немесе
сұрақтар арқылы табады. Сөйлеу барысында қарапайым сөз тіркестерін қолдана алады,
сөйлеушінің айтқан сөзін өз ойымен жеткізе алады, өз көзқарастарын ашық білдіре алады, ортақ
шешімге келу үшін пікірлесе алады, қарсы пікірін білдіреді, сұрақ қояды, бір-бірін толықтырады.
Айтылым дағдысы сабақтың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.
Сабақ барысында тыңдалым, айтылым дағдылары қатар жүреді. Сабақ оқу мақсатына
негізделіп, күтілетін нәтижеге жетуді көздейді.
7-сыныпта Ш. Қанайұлының «Зар заман» тақырыбындағы сабағымның мақсаты шығармадағы
көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау болса, соған сәйкес оқу нәтижелеріне шығарманың
мазмұнын, идеясын өз ойымен жеткізеді, кейбіреуі шығармадағы көркемдегіш құралдардың
қолданысын талдай алады деп алдым. Сабақтың басында оқушыларға өткен тақырыпты
қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында «Ашық микрафон» әдісін қолданамын. Бұл әдісті
алған себебім, «Ашық микрафонға» шыққан оқушы өз сыныптастарының сұрағына жауап береді,
дәлелдер келтіреді, өз көзқарасын жеткізеді. Білмей қалған жағдайда басқалары арқылы өзінің
қатесін түзетіп, есіне сақтайды. Сабақтың негізгі бөліміне ДЖИГСО әдісін қолдануды жөн көрдім.
Бұл кезде топ мүшелері өздеріне берілген көркемдегіш құралдарды өлең жолдарынан тауып, өзара
талқылайды, топтармен алмаса отырып түсіндіреді, дәлелдейді. Менің ойымша, сабақ ортасына бұл
әдістің тиімділігі сабаққа оқушылар тыс қалмай түгел қатысады. Ал бағалауда «Диктафон» әдісін
қолданамын. Оқушылар өз дәлелдемелерін тыңдау арқылы өз жетістіктері мен кемшіліктеріне
назар аударады, шынайы бағалауға үйренеді. Сабақта әрі айтылым, әрі тыңдалым дағдылары
қалыптасты [2]
Достарыңызбен бөлісу: