Қабілеті жоғары оқушылар жырау рөліне еніп толғаудың маңызын салыстырып айтады. 6.Бағалау 5- тапсырма «Сөйлемді толықтыру» әдісі Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа шығарма үзінділері
таратылады. Әр топтан бір спикер шығып, үзінді бойынша
«Сөйлемді толықтыру» әдісі арқылы өз ойын айта бастайды.
Топ спикері ойын аяқтағанда екінші топтың спикері оған
қарсы сұрақтар қояды. Топ мүшелері рөлмен ауыса алады.
Сұрақтар төмендегідей үлгіде болады.
Неге....
Мұны қайдан білесіз....
… үшін сізде қандай дәлел бар.
Сіз неге олай ойлайсыз…
Сіз келісесіз бе…
Түсіндіре аласыз ба…
… үшін не істеу керек?
Топ мүшелері спикерлерді сабақтың басында өздері бірлесе
жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды.
Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға
бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына
толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.