ҚБ«Жапондық бағалау» әдісі Жақсы орындаған оқушыға «Ооо» - деп айтады.
Әліде түзету керек болса «Ммм»- деп оқушылар
барлығы бағалайды.
Мұғалім мәліметі. Слайд арқылы Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы
Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары
қармақшы станциясынан 18 шақырымдай жерде тұр.
Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан
сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы.
Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді.
Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ
киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», -
деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп
алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан
жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп
сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап
береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының
үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады.
Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге
келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып
кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп
шығады
Қорқыттан жеткен 11 күй бар.
247
.
«Қорқыт ата кітабы» - бүкіл Орта Азиядағы
түркі тілдес халықтарға мұра. Кітаптың екі нұсқасы
сақталған. 12 жырдан тұратын нұсқасы Германияда
Дрезден қаласында, 6 жырдан тұратын екінші
нұсқасы Италияда, Ватикандағы Аристолика
кітапханасынла сақталған.