Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет4/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

 
 
 
 
 
 
 
                                     © М.Өтемісов атын. БҚМУ РБО, 2018
 
 
 
 
 
 
 
 



 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Ә.С.Тасмағамбетов, 
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  
мемлекеттік университетінің проректоры,  
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
  
Қадірменді оқытушылар, қала мектептерінің ұстаздары мен Қалимолла 
Мырзағалиевтің ұрпақтары, бауырлары, ағайын-туғандары бүгінгі бас қосуға қош 
келдіңіздер! 
Әрбір  жоғары  оқу  орнының  тарихында  есімдері  құрметпен  аталатын  ғалымдары  болады. 
Олар  -  факультеттің,  кафедраның  тарихын  қалыптастыруда,  жан-жақты  маман  тәрбиелеуде, 
ғылыми-әдістемелік  оқулықтар  мен  оқу-құралдарын  жазуда  ғибратты  істер  тындырып,  өмірде  із 
қалдырған  тұлғалар.  Солардың  бірі  -  саналы  ғұмырын  ұрпақ  тәрбиелеу  ісіне  арнаған  ұлағатты 
Ұстаз,  әдебиет  зерттеушісі,  әдіскер-ғалым,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  профессор 
Қалимолла Мырзағалиев. Көзі тірі болса 90 жасқа толу мерейтойын қара шаңырақ болып атап өткен 
болар едік, бүгінде ғалымға тағзым ету мақсатында өзі қызмет еткен Қазақ филологиясы кафедрасы 
«Профессор  Қ.Ж.Мырзағалиевтің  педагогикалық  мұрасы  және  заманауи  білім  беру  жүйесі(қазақ 
тілі  мен  әдебиетін  оқытудың  жаңартылған  мазмұны)»  атты  облыстық  оқу-әдістемелік  семинарын 
ұйымдастырып отыр. 
Қалимолла  Жұмағалиұлы  осы  білім  ұясында  оқып,  білім  алып,  өмірінің  соңына  дейін  оқу 
орнында  қызмет  еткен.  Күнделікті  дәріс  оқу,  семинар  сабақтарын  өтгізу,  сан  алуан  тәрбие 
жұмыстарын жүргізумен қатар республикада алғашқылардың бірі болып жалпы білім беретін орта 
мектептердің  7,  9,10  сыныптарына  арнап  академик  С.Қирабаевпен  бірге  «Қазақ  әдебиеті» 
оқулықтары  мен  «Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесін»,  сондай-ақ  осы  оқулықтарға  сәкес  «Қазақ 
әдебиетінің  хрестоматиясын»  жазған.  Көркем  әдеби  шығармаларды  талдау,  реферат,  курстық, 
диплом жұмыстарын жаздыру, әдеби үйірмелер мен бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру туралы 
еңбектері мен әдебиеттің жанрларына байланысты баспа көрген  ғылыми мақалалары қаншама!  Бұл 
еңбектер өз кезінде  мектептің де, ЖОО-ның да  қажеттіліктерін  өтесе, қоғамның жаңаруы, ғылым 
көкжиегінің  дамуы, мектептегі жаңартылған білім мазмұны  мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу 
орындарының  оқытушыларына  жаңаша  талаптар  қоюда.  Елбасының  халыққа  жолдаған 
Жолдауында:  «Өмір  бойына  жететін  білім  алу»  тұжырымының  «өмір  бойы  білім  алуға»  көшуі 
қазіргі білім жүйесінің негізгі бағытын анықтайды. Қазіргі қазақ ұрпағы – жаңа ғасырдың басшысы. 
Жаңа заманның жаршысы өз тілінде еркін сөйлеп, еркін ойласа ғана ұлттығымыздың ұлықталғаны. 
Ендеше,  бүгінгі  оқу-әдістемелік  семинар  кенеулі  ойларды  ортаға  салатын,  оқытудың  озық 
тәжірибелерін  айқындайтын,  тәжірибе  алмасатын  алаң  болады  деген  ойдамын.  Тағылымы  мол 
істеріңізге береке берсін!  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет