Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет14/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

Коммуникативтік.
  Мұғалімнің  оқушылармен,  олардың  ата-аналарымен,  әріптестерімен, 
оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынас орната алу білігінен 
байқалады. 
5.
 
Зерттеушілік.
 Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып  білу және объективтік 
бағалау білігінен көрініс береді. 
6.
 
Ғылыми-танымдық.
  Мұғалімнің  педагогика,  психология,  әдістеме  салаларындағы  жаңа 
ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.  
Шешендіктану  –  жан  дүниені,  он  екі  мүшені,  алпыс  екі  тамырды  түгендеп,  жайлап,  еш 
уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі – адамды өз ырқына жетелеп алатын 
қасиетті дүние. Демек, бүгінгі өмір талабына сай ритор-мұғалімдер: 

 
Біріншіден,  ритор-мұғалім  өз  сөзін  дәл,  нақты,  қисынды  да  дәлелді  етіп  құра  алатын,  әрі 
оқушылармен шығармашылық әріптестік негізінде ұдайы пікірталас ұйымдастыру арқылы сабақты 
қызықты көрініске айналдырып, берілетін мағұлмат көлемін әлдеқайда көбейте білуі керек; 

 
Екіншіден,  ритор-мұғалім  қиын  деген  сыныптармен  байланыс,  қарым-қатынас  жасай  білу 
керек; 

 
Үшіншіден, сөз арқылы ол оқытады, тәрбиелейді, өз көзқарасын жеткізеді, оған оқушыны 
көндіреді, оқушының санасына ғажайып көрнекі бейнелер туғызады. 
«Шешендік  –  сөзбен  жүзеге  асырылатын  әрі  сөзбен  барша  жетістіктерге  жеткізетін  өнер 
саласы.  Демек,  барлығының  тізгінін  өз  қолына  алған,  күллі  өнердің  қасиет  күшін  өз  бойына 
жинақтаған деуге болады», - демекші ежелгі грек философы Платон, шешендік өнерді бүкіл ұлттық 
болмысымен бойына дарытқан ритор-мұғалім осындай болуы қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет