Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ КОГНИТИВТІЛІК КАТЕГОРИЯЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет16/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ КОГНИТИВТІЛІК КАТЕГОРИЯЛАРЫ 
 
Хасанов Ғ.Қ., 
М. Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, ф.ғ.д. 
 
«Таксономия» термині алғашқы рет 1813 жылы Огюстен Декандолдың өсімдіктерді сұрыптап 
бөлу, олардың жүйелерін реттеу орнына қолдану еңбегінде айтылды.  
Чикаго  университетінің  профессоры  Б.  Блум  дарынды  адамдардың  табысқа  жетуін  зерттеп, 
олардың  10  жылдан  18  жылға  дейінгі  аралықта  табысқа  жеткендігін  анықтап,  «Дарындыларды 
дамыту  жобасы»  деген  атпен  зерттеу  жүргізеді.  Бұл  зерттеуде  атақты  пианистер,  скульпторлар, 
шахматистер,  теннисшілер,  математиктер,  неврологтар  т.б.  мамандық  өкілдеріне  зерттеулер 
жүргізіп, дарындылардың табысқа жетуі үшін жылдар кететінін анықтады. Блум таксономиясының 
басты  нәтижесі  оқушыларға  арналған  арнайы  жасалған  бағдарламалар  мен  оқу  тапсырмалары 
арқылы дарынын ашу, дамыту. Оқушыларды жүйелі тапсырмалар арқылы ситуацияға сала отырып 
оқыту нәтиже беретінін байқады. 
1956 жылы Блум таксономиясы деген атпен тарихқа енген өзінің оқыту теориясын енгізді. Екі 
кітап  жазады: Стабильділік  және  адам  мінезінің  өзгеруі  (
Stability  and  Change  in  Human 
Characteristics
)  және  Білім  беру  мақсатын  жүйелеу  (
Taxonomy  of  Educational  Objectives
).  Блум 
теориясы АҚШ-тың көптеген оқу орындарында қабылданып, оқытылды. Соңынан үлкен сындарға 
шыдамай мектептерде бұл теорияны қолдану азайды. 
Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады. 
1. Білім 
2. Түсіну 
3. Қолдану 
4. Талдау 
5. Жинақтау (синтез) 
6. Бағалау 
Қазіргі  уақытта  мектеп  мұғалімінің  алдында  тұрған  жауапты  міндет  –  оқушыға  тиянақты 
білім  беру.  Оқыту  үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке  тұлға  ретінде  қарап, өздеріне  деген 
сенімін туғыза білу, оқушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. 
Осы оқыту негізінде қолданатын оқыту формалары топтық, топтық  – жеке, жұппен жұмыс, 
диспуттар, пікірталастар, т.б. қолдану оқытудың міндеті мен шарты болып табылады. 
Күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық 
тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға 
туғызу.  Бұл  әдістеме  оқушылардың  креативтілігін  дамыту  мәселесін  шешуге  жол  ашады.                         
Е.  Торрекс  бойынша  креативтілік  білім  игеруде  кездесетін  қиындықтарды,  кейбір  кемшіліктерді 
шешудегі  қабілеттілік.  Д.  Богоявленская  креативтілікті  жеке  тұлғаның  «шығармашылық 
дарындылығы»  деп  қарастырады.  Блум  таксономиясы  қолдану  арқылы  оқытуда  жеке  тұлға  әр 
сапада  көрініп,  өзіне  ғана  тән  жеке  тұлға  қажеттері  қалыптасатыны  анықталып  тұр,  белгілері 
мынадай: 
- тәрбиеге ұмтылушылық – жаңа проблемаларға икемді мәселені шешуге бейімділік; 
- талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу; 
- ой ұшқырлығы – тез арада кенеттен шешім шығару тәсілдерін алу қабілеттілігі; 
- ойлау ерекшелігінің болуы – өз беттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.  
Блум  таксономиясы  жеке  тұлғаның  біліктілік  қасиеттерін  шыңдай  түсуге  жол  салат,  атап 
айтсам,  аса  сезгіштік,  ой  ұшқырлығы,  жаңаға  ұмтылушылық,  шығармашылық  қабілеттер,  өзіндік 
ой-пікірлерге  тұра  білу,  өзіне  сын  көзбен  қарау,  қисын  ойлау,  жаңаны  сезгіштік,  күмәншілдік,  әр 
нәрсеге  күмән  келтіру.  Блум  таксономиясының  негізінде  жеке  тұлғаның  креативтілігі, 
шығармашылық  дербестілігін  қалыптастырады.  Демек,  б.т.  оқытуы  арқылы  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  –  жеке  тұлғаның  сапалық  қасиетін  дамытатын  рухани  құндылықтарды  игерудің 
бірден-бір жолы. Блум  таксономиясы  «интерактивтік-педагогикалық әрекет»  ұғымын  іске асыруға 
жүзеге асырушы болып табылады. 
Тіл дамыту үрдісі, ең алдымен, шығармашылық бағыттағы әр түрлі жұмыстар арқылы жүзеге 
асады.  В.  Монахов  технологиясының  басты  мақсаты  –  оқушының  білім  деңгейін  шығармашылық 
деңгейге  көтеру  болып  табылады.  Білімді  толық  меңгерту  технологиясы  оқушының  білім 
деңгейлерін шығармашылық деңгейге көтерілумен түсіндіріледі. 
Американдық ғалымдар Ди Кэрон мен Б. Блумның білімді толық меңгерту технологиясының 
да маңызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум таксономиясы» деп атайды.  


12 
 
Блум  таксономиясы  бір  ізбен  реттелген  мақсаттар  жүйесі  арқылы  оқушылардың  білім 
деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Оның кестесі төмендегідей: 
1-кесте. Блум таксономиясы 
Мақсаттар жүйесі 
Оқушылардың когнитивтік іс-әрекеті 
Білім 
Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері 
Түсінік 
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді. 
Қолдану 
Алған білімді қолданады 
Анализ 
Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады 
Синтез 
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады. 
Баға      
(сыни өзіндік 
пікір) 
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не 
мақұлдамайды. 
Блум  таксономиясының  басты  белгісі  осындай  жүйеленген  мақсаттармен  ерекшеленеді. 
Оқушы  білімін  шығармашылық  деңгейге  жетелеу  өнімді  тәсілдермен  жүзеге  асады.  Ол  өнімді 
деңгей деп аталады. 
Ғалым әдіс тәсілдерді когнитивті іс-әрекетіне байланысты өнімді - өнімсіз деңгей деп бөледі. 
Оны жоғарыдағы кестеден де көруге болады. 
• Білім: Оқушылар мұғалім. 
• Түсінік: Өнімсіз деңгей. Өздерінің белсенділігі төмен. 
• Қолдану: Білім деңгейіне байланысты жүзеге асады. 
• Анализ: Өнімді деңгей, яғни, шығармашылық деңгей 
• Синтез: Білім алу оқушыны өз іс-әрекеті белсенділігімен жүзеге асады.  Бағалау жүйесінде 
Блум  таксономиясының  ұтымдылығы  да  сол  оқушылардың  білімін  шығармашылық  деңгейге 
жетелеумен ерекшеленеді. 
Блум таксономиясы  – тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс ретінде кеңінен қолданылып 
келеді. 
2000  жылы  итальяндық  ғалым,  когнитивті  психология  өкілі  Марцано  ұғыну,  түсіну  білімді 
қажет  етеді,  одан  соң  қолдану  ұғыну  ды  қажет  етеді  деп  әрі  қарай  кете  беретін  1956  жазылған                    
Б.  Блумның  бұл  теориясы  қате  деп  көрсетеді.  Марцаноға  бұл  ой  когнитивті  психологиялық 
эксперименттер  нәтижесінде  келген.  Жеңілден  қиынға  құрылған  Б.  Блумның  иерархиялық 
құрылымы Марцаноның ойынша зерттеулер арқылы дәлелденбеген. 
1999  жылы  Лорин  Андерсон  және  әріптестері  1956  жылы  енгізілген  Б.  Блумның 
таксономиясына әсер ететін жаңа факторлардың жиынтығын енгезеді. Бұлар мыналар, яғни білімді 
құрайтындар: жалпылау, ойқорыту, теңестіру, салыстыру, түсіндіру. 
Ал қолдану құрамы мынадай: орындау, қолдану, яғни іске асыру. Ал талдау, анализ құрамы: 
айыру, жіктеу, салыстыру, шендестіру, қатынастырудан тұрады.  
Бағалау  құрамы  мыналар:  тексеру,  оның  ішінде,  топтық  тексеру,  жекелей  тексеру,  талдау 
арқылы тексеру, өндіріске енгізу. Сонымен қатар, сынау, сыни тұрғысынан бағалау жүйесі. 
Құрастыру,  жасауға  келсек,  оның  құрамында  бағалау,  өзін-өзі  тану,  базалық  білім,  алған 
білім, қондырма білім, кездейсоқ білім, концептуалдық білім, стратегиялық білім, мегаконцептілік 
білім болады. Блум таксономиясын оқу жетістігін бағалауда қолдану дегеніміз осы аталған барлық 
құрамдас бөліктердің әрқайсысына жекелей тапсырма құру арқылы оқушыны бағалау.  Әл-Фараби 
атындағы  ҚазҰУ  профессоры  Г.Е.  Утебалиева  когнитивтілік  негізінде  коммуникативті-когнитивті 
оқыту әдістемесі және осыған құрылған бағалау жүйесін өзінің зерттеуінде жазған болатын [1, 45 
б.]. Б. Блум таксономиясының озық нәтижелерін пайдалану барлық елдердің әдістемесінде кеңінен 
тараған. 
3. Блум таксономиясын оқу жетістігін бағалауда қолдану. 
Блум  таксономиясының  әр  бөлігі  және  бағалау  компонентінің  әр  құрамдас  бөлігіне  арнайы 
тапсырмалар құру арқылы білімді бағалау өз нәтижесін береді.  
Атап айтқанда,  
1. Білім   2. Түсіну 3. Қолдану   4. Талдау  5.Жинақтау (синтез) 6. Бағалау 
Жаттығулар  мен  тапсырмалар  әр  сыныпқа  әр  оқушыға  байланысты  құрылады.  Ол  үшін 
сабақта бұны қолдана білу керек. 
 
 
 
 
 


13 
 
Блум таксономиясын қолдану, мәселен, сабақта былай көрінеді. 
Кезең 
Сабақ бөлімдерінің 
мақсаты 
Сабақтың өту барысы 
Оқушы 
жұмысы 
Сабақтың 
әдісі 
Білім 
Ұйымдастыру 
кезеңі,ойлану 
Жазушы қандай 
мәселені көтереді? 
Топтық 
жұмысқа 
оқушылар 
дайындығы. 
Ой-пікір, ой 
түзу 
Түсіну 
Жазушы ойының 
идеясына, ішкі 
мағынасына зер 
салдырту 
Жазушы 
шығармасының негізгі 
идеясы неде? 
Жеке жұмыс.  
Ой-толғау 
Оқушы ой 
пайымын 
туғызу.  
Қолдану 
Ерекше ұнаған жері 
туралы ой бөлісу 
Шығармадан өзіңе 
қатты әсер етті жерін 
ата. 
Жазушы ойымен үндес 
оның әріптестерін 
білесіздер ме? 
Жеке жұмыс. 
Өрнекті ойды 
ою.  
Даралық ой 
туғызу  
Жеке тұлға 
пікірі 
Талдау 
Салыстыру 
Егер оның сондай әсер 
еткен жері өзге жазушы 
шығармаларында 
білсең, салыстыр. Венн 
диаграммасын толтыру. 
Жеке жұмыс 
Жұптық жұмыс 
Анализ. 
Синтез. 
Қорыту. 
Жинақтау 
(синтез.) 
Алған білімді 
жинақтау 
Эссе кезеңі.  
1.Т. Ахтановқа 
ХХІ ғасыр перзентінен 
хат  
2. Мен – соғыс қаруы 
гранатпын.  
3. Батырларын 
жоқтаған  Жер – ана. 
Жеке жұмыс 
Жазу ойы- 
талпынысы 
Шабытты 
туғызу 
Бағалау 
Сабақ барысында 
 
оқушы көзқарасы  
Оқушылардың сабақ 
соңындағы түйін сөзі. 
Жеке жұмыс 
Қорыту 
 
Ойтүйін 
Блум таксономиясы адамның санасындағы когнитивті негізге байланысты болады. Когниция 
Блум бойынша оқытудағы басты тетік болады. Блум таксономиясы негізін құрайтын когнитивтілік 
категориялары енді ғана зерттеле бастады. В.А. Маслова өз зерттеуінде когнитивті лингвистиканың 
ұғымдық  бірліктері,  яғни  терминологиялық  базасы  қатарында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет