Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет17/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

сана,  білім,  концептуалдық  жүйе, 
категоризация,  когниция,  ғаламның  тілдік  көрінісі  немесе  бейнесі,  когнитивтік  база,  ментальді 
көзқарастар,  танымдық  модель,  вербалдану,  ментальдық,  мәдениет  константтары,  концепт, 
әлем бейнесі, концепттік ая, ұлттық мәдени кеңістік
 терминдерін қарастырады [2, 29-35 бб.]. Енді 
солардың мәніне тоқталайық: 
Сана  – 
көптеген    ғылымдардың  еншісінде  қарастырылатын  категория,  сондықтан  әр 
ғылымның өзіндік мақсатты тұрғысынан анықталады. Когнитивті тіл білімінің өкілі В.А. Маслова 
бұл  танымдық  бірліктің  шеңберінде:  «Адамның  құндылықтарды,  заттар  мен  құбылыстардың 
универсалды байланысын  тану мүмкіндіктерін әрі сол сабақтастық негізінде әрекет ету өзгешеліктерін» 
қарастырады, «бұл сананың тууы және оның мақсатты бағытта берілген организмнің қоршаған ортамен 
өзара қарым-қатынаста жүзеге асу механизмі»,  – деп таниды [2, 30 б.]. 
Когнитивті  сана,  тілдік  сана  өте  күрделі  басы  ашылмаған  мәселе  болып  қала  береді.  З.Д. 
Попова,  И.А.  Стернин:  «Тілдік  сана  –  сөйлеу  әрекетінің  механизмдерін  қамтамасыз  сананың    бір 
бөлігі. Сөйлеу әрекеті сөйлеуді тудыру, сөйлеуді қабылдау және тілді санада сақтаудан тұрады»  – 
деп жазады [3, 46 б.]. Білім – В.А. Маслова: «бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік 
негізінде 
субъективті-объективті 
қатынастарды 
реттейтін, 
сөйтіп, 
тұжырымдар 
мен 
қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет. Білім – «әлем бейнесін» 
қалыптастырушы  вервалды,  бейвервалды  тәжірибені  өңдеуден  туған  өнім,  динамикалы 
функционалды  құрылым»  [2,  30  б.].  Білім  ғылыми  және  күнделікті  болып  бөлінетіні  белгілі,  ал 
когнитивті  педагогиканың  зерттеу  нысанына  білімнің  екі  түрі  де  енеді.  Ұлттық  мәдени  кеңістік. 
Тілдің  когнитивтік  ерекшелігін  оқытуда  аудиторияның  өмір  сүріп  жатқан  өзіндік  ортасы  да  бұл 
үрдіске өз ықпалын тигізетіні сөзсіз, сол себепті когнитивистер бұл ұғымды ұлттық мәдени кеңістік 


14 
 
деп атайды. «Ұлттық мәдени кеңістік – бұл ұғымның аясы мен негізгі айырым белгілері өзге мәдени 
құбылыстармен  бетпе-бет  келгенде  ғана  айқындалатындықтан,  оның  мағыналық  ерекшелігін 
информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы 
шарттар құрайды» [2, 32 б.]. 
Мәдениет  константтары.  Когнитивті  тіл  білімінде,  әсіресе,  беларус  мектебінде, 
концептілердің бір түрлерін мәдениет константары деп атау қалыптасып кеткенін айта кету керек. 
В.А. Маслова «Бұлар өте ертеде көрініп, күні бүгінге дейін ойшылдар, жазушылар және қатардағы 
тіл тасушылар көзқарастарында байқалатын концептілер», – деп жазады [2, 33 б.].  
Категория 
– 
адам  ойының  танымдық  түрі.  Э.Н.  Оразалиева  бұл  туралы:  «Ол  –  адам 
тәжірибесін жалпылауға, жіктеуге мүмкіндік беретін ерекше ұғым. Бүгінгі күні танымдық категория 
негізгі  ерекшеліктеріне  қоса,  жаңа  мүмкіндіктермен  қамтамасыз  етіліп,  адамның  когнитивті 
әрекетімен,  яғни  әр  түрлі  заттарды  белгілі  бір  қасиеттеріне  орай  жіктеу,  топтау  негіздерімен, 
материя мен оның қимыл-әрекеттерін сипаттар көп қырлы формаларды объективті түрде кластарға, 
топтарға  біріктіру  мүмкіндіктерімен  сабақтаса  дамып  келеді»,  –  деп  ойын  сабақтайды  [4,  270  б.]. 
Концептосфера.  Бұл  терминді  алғаш  қолданған  академик  Д.С.  Лихачев  болатын.  Когнитивті  тіл 
білімінде  бұл  терминмен  қатар,  концептілік  жүйе  термині  де  қолданылады.  З.Д.  Попова,  И.А. 
Стернин:  «Концептосфера  –  бұл  халықтың  концептілерінің  жиынтығы,  ойлаудың  ақпараттық 
базасы», – деп анықтайды [3, 36 б.]. Когнитивтік модель (үлгі). А.Б. Әмірбекова концептілік жүйе 
мен  когнитивтік  модельдің  тығыз  байланысынан  концептінің  құрамдас  бөліктері  туындайды  деп 
санайды.  «Біздің  пікірімізше,  дүниенің  концептілік  бейнесін  көрсететін  негізі  тірек  –  концептілік 
жүйе.  Концептілік  жүйе  ішкі  және  сыртқы  құрылымдардан  тұрады.  Ішкі  құрылымы  концептіні 
танытуға  бағытталған  құрылымдар:  фрейм,  сценарий,  ойсурет,  схема;  ал  сыртқы  құрылымы:  сөз, 
фразеологизм,  метафора,  сөйлем,  тіркес,  метонимия  т.б..  Концептілік  жүйе  қалыптастыруда 
санадағы  ішкі  құрылымдар  белгілі  бір  когнитивтік  модельге  салынып  жинақталады.  Когнитивтік 
модель  автор  танымындағы  символ,  бейне,  прототип,  этикет,  эталон,  ассоциативтік,  стереотиптік 
бірліктер  мен  инсайт  таңбалар  арқылы  қалыптасады»  [5,  28  б.].  Өзге  тілді  оқыту  мәселесін 
қарастырған  Г.Е.  Утебалиева  модельдің  коммуникативті-когнитивті  моделі  түрін  көрсетіп,  оны: 
«өзге тілді меңгеру механизмі сипаттау модельдің барлық компоненттерінің жиынтығы ретінде», –  
деп ұғынады  [1, 126  б.].  Сонымен,  когнитивтік модель  дегеніміз  – концептің  құрамдас  бөліктерін 
көрсетуші әртүрлі ассоциативтік, символдық белгілер арқылы танылатын үлгі, құрылым.  
Концепт 
– 
когнитивті  лингвистиканың  басты  бірлігі.  Оның  әр  зерттеу  тұрғысына  және  әр 
мектептерге  қатысты  көптеген  түрлері  бар.  «Концепт»  термині  «ұғым,  мағына»  терминдерімен 
бірдей  мағынада  қолданылады.  Ғалымдар  бұл  терминдердің  ара  жігін  былайша  ашып  көрсетеді.                        
В.А. Маслова «Концепт» пен «ұғым» терминдері ішкі формасына қарай бірдей: концепт латынның 
«conceptus – ұғым» сөзінің калькалық аудармасы» – деп түсінеді [2, 49 б.].  
«Дүние  суреті».
 
Дүние  суреті  (картина  мира)  когнитивтік  лингвистикадағы  ең  басты  бірлік 
болып  табылады,  кейде  «ғалам  бейнесі»  терминінің  орнына  «дүниенің  суреті»,  «ғалам  образы», 
«ғалам моделі» немесе «ғалам туралы білімдер жүйесі» ұғымдары қолданылады. «Дүниенің суреті» 
когнитивті тіл біліміндегі басты категория болғандықтан, әртүрлі мектептер көзқарастары бойынша 
әртүрлі  бағытта  анықталады.  Жалпы  семантика  өкілдері  бала  санасында  ғаламның  қарапайым 
бейнесі  қалыптасатынын,  оның  негізінде  ғаламның  күрделі  бейнесі  дамитынын  дәлелдейді.  Ресей 
көрнекті  тілшілері  З.Д.  Попова,  И.А.  Стернин,  алдымен,  ғаламның  тікелей  бейнесі  және  тікелей 
емес бейнесін көрсетіп, одан ғаламның когнитивті бейнесі, одан ғаламның тілдік бейнесі туындайды 
деп  көрсетеді.  Олардың  жазуынша,  ғаламның  когнитивті  бейнесі  негізінде  адам  санасында 
ғаламның  тілдік  бейнесі  жасалады.  Олар:  «ғаламның  когнитивті  бейнесі»  –  адамның  немесе 
халықтың  когнитивті  санасында  құрылған  сезу  мүшелері  арқылы  шындық  болмыстың 
бейнеленуінің  нәтижесі  болатын  шындық  болмыстың  менталды  бейнесі.  Ғаламның  когнитивті 
бейнесі – бұл мәдениетпен берілген сананың концептосферасы мен стереотиптерінің жиынтығы», – 
деп  анықтайды  [3,  52  б.].  Қазақ  когнитивті  тіл  білімінде    А.  Ислам  «Дүниенің  тілдік  суреті» 
бойынша  өз  зерттеуін  жазғанын  айта  кету  керек.  Қорыта  айтқанда,  Блум  таксономиясының 
негізінде  когнитивтілік  категориялары  басты  астар  болады,  осыған  орай  оқытушы  когнитивтілік 
категорияларды жақсы түсінгені абзал. 
 
 
 
 
 
 


15 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет