№ 3 стратегия. Оқимыз және сұраймыз.
Мақсаты: баспа ақпараттарымен өз бетінше жұмыс жасау, сұрақты тұжырымдау, жұпта
жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру.
1. Білім алушылар ұсынылған, мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен
оқиды.
2. Білім алушылар жұптасып оқылған мәтіннен қандай негізгі ойды алуға болатынын
талдайды.
(Мәтінде қандай сөз жиі кездесті? Неше рет? Қандай сөз қалың шрифтпен белгіленген?
Неге? Егер сіз мәтінді дауыстап оқысаңыз , осы сөйлемнің басты сөйлем екенін қалай түсіндірер
едіңіз? Фразаны дауыс арқылы бөліп көрсету туралы. Бұл жерде жаттап оқу бар).
3. Білім алушылардың бірі кілт сөзді пайдаланып сұрақты тұжырымдайды, екіншісі оған
жауап береді.
4.Кілт сөзді, сұрақтар мен жауапты сыныпта талдау. Түзету жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |