Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет28/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

 
Оқылым дағдылары
1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін 
тез оқып шығу. 
 
2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу - мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни 
ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық 
көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу. 
 
3. Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, 
келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз. 
 
4. Сөз мағынасын контексттен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау 
үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.
 
5.  Мәтін  құрылымын  түсіну  –  мәтін  құрылымының  ұйымдастырылуын  түсіну.  Мысалы, 
кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. 
 
6.  Болжай  білу  –  оқылым  тапсырмасы  алдында  қолданылатын  тәсіл.  Оқушылар  мәтінді 
оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін 
олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін 
қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
 


20 
 
7. Мәтін түрлерін ажырата білу – әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін 
ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық 
брошюра, үнпарақ, хабарландыру, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет