Оқылым дегеніміз не?
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым
дағдысы
мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді.
Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде,
сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде
берілген ақпараттарды түсіну үшін ғалам туралы білімімізді қолданамыз.
Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану
• Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым,тыңдалым) өз
ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде қолдану оңайға түседі.
Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны
әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс. Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін
пайдаландыру мақсатында сабақтың кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады.
Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін.
Сонымен қатармиға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар,
сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |