Байланысты: Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР Абдолова Г.К., №1 жалпы орта білім беретін мектебінің І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте
білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік
таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді
дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік
мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп
білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының
бірі ретінде айқындалып отыр.Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде
қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын
тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген
тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған
тапсырмалар т.б.) болып табылады.Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ)
аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық
сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына
қосылды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Соның
ішінде оқу сауаттылығы – оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында
ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу
сауаттылығының негізі – мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Жаңартылған
мазмұнда қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының
ерекшеліктері арқылы іске асады.Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру,
оқу сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының
ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.